• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
13.11.2026, 10:27
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Облыс әкімі Тараз қаласы мен облыс аудандарында орнатылған блокбекеттердің әлі де тиімсіз жұмыс істеп отырғандығын алға тартты

Жамбыл облысында дәрігерлер мен полицейлер COVID-2019-ға тест тапсырады

turan_admin turan_admin
24.04.2020, 04:55
Облыс жаңалықтары
Бердібек Сапарбаев: «Азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу қажет»
432
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді. Онда аймақтағы эпидемиологиялық жағдай, карантиндік режимді сақтау және карантиннен кейінгі кезеңде бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындар мен шағын бизнес нысандарының жұмысын қайта бастауға байланысты мәселелер талқыланды.

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Берік Жарқынбековтың хабарлауынша, 2020 жылғы 23 сәуірдегі жағдай бойынша облыс аумағында коронавирустық инфекцияның 79 жағдайы тіркелген. Ең көп науқас Қордай ауданы мен Тараз қаласында анықталған. Инфекциялық стационарда 44 науқас емделуде. Емделген 31 адам стационардан шығарылған. Олардың барлығы қазір үй карантинінде медициналық бақылауға алынған.

Облыс аумағында әрбір COVID-19 жағдайына міндетті эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі. Инфекция ошақтарында 1029 байланыста болған тұлға анықталған. Оның ішінде 700 адам жақын және 329 адам ықтимал байланыста болғандар. Барлық жақын байланыста болған адамдар карантиндік стационарда оқшауланған, ал ықтимал байланысқандар үй карантинінде тұрақты медициналық бақылаумен қамтамасыз етілген.

Облыс әкімі Б. Жарқынбековтен халық арасында алдын алу және түсіндіру жұмыстарын күшейтуді талап етті. Адамдарға олар өзін-өзі оқшаулау арқылы тек өздерін ғана емес, жақындары мен айналасындағыларын да қорғай алатындықтарын түсіндіру керек. Бұл орайда салалық ведомствоның қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдарында  белсенділік танытпай отырғандығы айтылды.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Хамит Мырзақасымов коронавирустық инфекциямен күресу үшін 770 медицина қызметкері даярланғанын, оның 386-ы қазіргі уақытта карантиндегі науқастармен жұмыс  істеп жатқанын хабарлады. Еңбекақыдан басқа, оларға қосымша төлемдер төленуде.

Атап айтсақ, наурыз айында 270 дәрігер, оның ішінде 40 дәрігер мен 129 орта медициналық қызметкерге 40,1 млн. теңгеге үстемақы төленген. Наурыз айының  қорытындысы бойынша 8 медициналық ұйым қаржы үнемдеу есебінен 1319 қызметкерге жалпы сомасы 88,9 млн.теңгеге сыйақы берген. Медициналық қызметкерлердің тұрғын үй-тұрмыстық мәселелері де оң шешімін табуда. Осы тұрғыда 232 медициналық қызметкер қонақүйге орналастырылып, оларды жұмыс орнына тасымалдау үшін көлік ұйымдастырылған

Жиынды қорытындылай келе, Бердібек Сапарбаев аймақта коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты алаңдатарлық күйде қалып отырғандығын, сондықтан барлық қызметтер өз өкілеттілігі шеңберінде тиісінше әрекет етуі тиіс екендігін атап өтті.

Аптаның алғашқы күндері жаңа науқастар анықталған. Осыған байланысты барлық жерде алдын алу шараларын күшейту керек. Медициналық қызметкерлерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету, COVID-2019 бойынша медицина, полиция және КВИ-ге қарсы іс-шараларға қатысатын әскери қызметкерлерді тестілеуден өткізу, оларды жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету қажет. Тараз қаласы мен ауылдық елді мекендерде көшелерді, алаңдарды және скверлерді дезинфекциялауды жалғастыру өте маңызды. Халықтың өзін-өзі оқшаулауы –  басты талап. Адамдардың көшелерде себепсіз жүру фактілерінің жолын кесуге аса көңіл бөлген абзал.

Облыс әкімі Тараз қаласы мен облыс аудандарында орнатылған блокбекеттердің әлі де тиімсіз жұмыс істеп отырғандығын алға тартты.

Сондай-ақ, жиында карантин жағдайында адамдар азық-түлік пен тағамдарды үйге жеткізу қызметіне көбірек жүгіне бастағандығы айтылды. Соңғы уақытта Тараз қаласында жеткізіп беру қарқыны 8 мыңнан 11,5 мыңға дейін өскен.

Сонымен қатар, басқосуда барысында өңірдегі эпидемиялық жағдай жақсарған жағдайда бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ШОБ объектілерінің жұмысын кезең-кезеңмен қалпына келтіру мәселелері қаралды. Ол бойынша Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің алдына нақты міндеттер қойылды. Ең алдымен, жергілікті атқарушы органдар осы кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімін анықтап, олардың әрқайсысымен меморандум жасасу керек. Меморандумға сәйкес ол нысандар барлық алдын алу және эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға міндеттелмек.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

12.11.2026, 14:58
Әулиеата өңірінде бокстан Қазақстан чемпионаты өтті

Әулиеата өңірінде бокстан Қазақстан чемпионаты өтті

12.11.2026, 10:34
Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

11.11.2026, 15:22
«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

11.11.2026, 14:15
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

138 stem-кабинеті және 10 IT-хаб: «Әділет» партиясының білім беру бағытындағы жоспарлары таныстырылды

12.11.2026, 20:07

Рысбеков Ескендір Нұрдәулетұлы: «Халық сенімі – менің басты жауапкершілігім!»

12.11.2026, 16:28

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

12.11.2026, 14:58

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

12.11.2026, 12:21

«Жазушымен бір күн» жобасы Берік Шаханұлының шығармашылығына арналды

12.11.2026, 10:51

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.