• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
10.11.2026, 04:15
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ОБЛЫС ӘКІМІ «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

turan_admin turan_admin
01.04.2021, 18:35
Облыс жаңалықтары
ОБЛЫС ӘКІМІ «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
232
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев республикалық «Парасат жолы» орталығының басшысы, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел және  ҚР  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиевамен кездесті.

«Парасат жолы» жобасы —  адалдық, әділдік, парасаттылық, сондай-ақ қоғамда ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды ілгерілетуді көздейтін бастаманың бірі.

Бүгінде жобаның өкілдері республиканың барлық өңірлерін аралап жүр. Жазира Жылқышиеваның айтуынша, бұған дейін олар батыстағы өңірлерге табан тіреген, Жамбыл облысынан кейін Түркістанға бару көзделіп отыр.

Кездесу барысында Бердібек Сапарбаев Антикордың бастамасымен қолға алынған «Парасат жолы» жобасының маңыздылығына тоқталып, парасаттылық, адалдық қағидаттарын қоғамда қалыптастыру қажеттігін, бастамаға кітапханалар да үлес қосуы қажеттігін атап өтті. Жоба шығармашылық жандарды бір арнаға тоғыстырды. Бұл қатарда еліміздің түкпір-түкпіріндегі жазушылар, ақындар, білім және ғылым қайраткерлері бар.

—       Билік пен қоғам тығыз жұмыс істеуі керек. Пандемияға қарамастан, өмір жалғасып жатыр. Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру бағытында түсіндірме жұмыстары мен шаралар жүргізілуі тиіс. Бірақ, әрине, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып қана. Біздің күшіміз – мәдениетіміз бен руханиятымызда, салт-дәстүрімізде, — деп атап өтті облыс әкімі.

Өткен жылдың тамыз айында Антикор Ұлттық академиялық кітапхана базасында шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерімен тікелей эфирлер өткізді, онда адалдық, әділдік және парасаттылық қағидаттарының маңыздылығы талқыланды.

Парасаттылық идеологиясын насихаттау мен ілгерілетудің маңыздылығын ескере отырып, кітапханалар базасында «Парасат жолы» филиалдарын жаппай ашып, елордалық тәжірибені еліміздің барлық өңірлеріне тарату туралы шешім қабылданды.

Кездесу соңында Жазира Жылқышиева облыс әкіміне «Парасат жолы» жобасының альбомын сыйға тартты. Сәдібек Түгел жобаны жүзеге асыруға тек кітапхана қызметкерлері ғана емес, ғалымдар, жазушылар, ақындар, теологтар, дін өкілдері де тартылатынын атап өтті.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Тегтер: әкімЖамбылкездесу
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Байзақ ауданында ауқымды экологиялық тазарту жұмыстары өтті

Т.Рысқұлов ауданындағы экологиялық жұмыстар жаңа белеске шықты

09.11.2026, 19:04
Жамбыл облысы инвестиция тартудан республикада көш бастап тұр

Жамбыл облысы инвестиция тартудан республикада көш бастап тұр

09.11.2026, 16:56
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

09.11.2026, 16:42
Мойынқұмның Жамбыл ауылының жаңа әкімі таныстырылды

Мойынқұмның Жамбыл ауылының жаңа әкімі таныстырылды

09.11.2026, 16:26
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» партиясының өңірлік сайлауалда бағдарламасы

09.11.2026, 19:11

Т.Рысқұлов ауданындағы экологиялық жұмыстар жаңа белеске шықты

09.11.2026, 19:04

Жамбыл облысында табиғатты қорғау ісі жаңа деңгейге көтерілді

09.11.2026, 18:57

Бакытжан Калымбетов ауыл экономикасы мен тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту туралы

09.11.2026, 18:12

«Құқықтық қолдау мен кәсіпкерлікті дамыту – ауылдың тұрақты дамуының негізі!» – Дархан Асанбеков

09.11.2026, 17:32

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.