• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
18.08.2026, 13:25
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Облыс әкімі қаладағы бірқатар әлеуметтік маңызды нысандарды аралады

turan_admin turan_admin
23.01.2018, 16:09
Облыс жаңалықтары
Облыс әкімі қаладағы бірқатар әлеуметтік маңызды нысандарды аралады
203
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Тараз қаласындағы бірқатар әлеуметтік маңызды нысандарды аралады.
Ірі кәсіпорындар мен нысандардың жұмысымен танысып, алдағы проблемаларды шешуге тапсырмалар берді.
Аймақ басшысы аралаған алғашқы нысан Жамбыл ГРЭС-і болды. Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына өнім шығарып отырған алпауыт кәсіпорын 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорынның дамуына салынған инвестиция көлемі былтырдың өзінде 264 млн теңгені құраған. Мұндағы өзекті мәселе көгілдір отынның тапшылығы және аталған нысанның тоқтаусыз жұмыс жасауына кедергі келтіретін тағы бір жайт — мазуттың бағасы шарықтап кеткендігі болды. Асқар Мырзахметов жауапты басшыларға бағаны ретке келтіріп, еңбек өнімділігін жақсартуды тапсырды.
Аймақ басшысы сондай-ақ, жылына 219 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы Қант зауытының да жұмысымен де танысты.
Мұнан соң өңір басшысы шаһар жұртшылығын жылумен және электр энергиясымен қамтып отырған мекеменің бірі «Таразэнергоорталыққа» барды. Мекемеде былтыр 224,4 млн теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мұнда да проблема көгілдір отынның тапшылығы, бұдан бөлек энергоорталықтың ғимараты тым ескі. Осыған қарамастан, мұндағы шығаратын өнім бағасы басқа өңірлерге қарағанда 20 пайызға арзан.
Асқар Мырзахметов келесіде «Фабрика ПОШ-ТАРАЗ» ЖШС-ның жұмысымен танысты. Кәсіпорын өңдеу өнеркәсібімен айналысады: жүн жуады, өңдейді, иіреді, оған қоса ТОПС шығарады. Фабрика сонымен бірге сапалы былғары аяқ киім шығарады. Өнімді сату нарығы Қазақстан, Ресей мен Қытай елі. Проблемасы – шикізатты әлдеқайда жоғары бағамен қытайлықтар сатып алуда. Осы мәселенің алдын алу үшін фабрика басшылығы мен әкімдік арасында жылдық жоспар түзілуі керектігін тілге тиек етті өңір басшысы.
Облыс әкімі сонымен бірге, бұрынғы «Шахристан» базарының орнын, «МАРТ» сауда үйін, №4-ші өзбек орта мектебіне де ат басын бұрды. Ал, жақында ғана пайдалануға берілген «Кәсіпкерлер үйінде» жеке кәсібін ашуға ниетті азаматтармен тілдесті. Олардың мұң-мұқтажын тыңдады. Мұндағы қызметкерлерге орталықтың атына заты сай, бір терезе қағидасы бойынша жедел әрі сапалы қызмет көрсетуге, мейлінше қағазбастылықтан арылуға тапсырма берді.
Облыс әкімі барған келесі нысан облыстық аурухана болды. Мұндағы проблема «Инсульт» бөлімі талапқа сай емес. Аймақ басшысы аталған және тағы да басқа мәселелердің келешекте қарасатырылатынын жеткізді. Өңір басшысы 14-ші шағын ауданның жоспарымен де танысты. Мұндағы салынатын көпқабатты тұрғын үйлердің бірінші қабатын коммерциялық мақсатқа беруді ұсынды.
Еске сала кетейік, Асқар Мырзахметовтың қаладығы әлеуметтік маңызды нысандарды аралауы бүгін де жалғасын таппақ.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

14.08.2026, 20:55
68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

14.08.2026, 13:49
Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

13.08.2026, 20:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

18.08.2026, 11:50

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41

Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

18.08.2026, 11:33

Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

18.08.2026, 11:30

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

18.08.2026, 11:25

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда білім саласында байқау мен конкурстарға жауапты мекеме басшысы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.