Сайлау нәтижесі бойынша Байзақ ауданы Қостөбе ауылдық округі әкімі болып Мамышев Мұхтар Сырлыбайұлы сайланды.
Мамышев Мұхтар Сырлыбайұлы
1991 жылы 8 шілдеде Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. Қазіргі таңда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Үлгілі ауылында тұрады. Отбасылы, 4 қыз тәрбиелеуде.
1998-2007 жылдары Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясында оқыған. Одан кейін 2007-2013 жылдар аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде құқықтану мамандығы бойынша білім алып, құқықтану бакалавры академиялық дәрежесіне ие болған.
Еңбек жолын 2011 жылы Байзақ аудандық орталық ауруханасында заңгер лауазымынан бастап, аудандық прокуратура, сот орындаушысы, облыстық мәслихат төрағасының кеңесшісі, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас маманы, облыс әкімінің бас инспекторы сияқты жауапты қызметтерде жұмыс атқарған. Қазіргі уақытта да Жамбыл облыстық маслихаты аппаратының бас инспекторы және Жамбыл облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі






