• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:34
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Нұржан Нұржігітов жас отбасыларға пәтер кілттерін табыстады

turan_admin turan_admin
20.12.2022, 22:50
Облыс жаңалықтары
Нұржан Нұржігітов жас отбасыларға пәтер кілттерін табыстады
235
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Таразда «Әулиеата үміті» облыс әкімінің жастар сыйлығынының марапаттау салтанаты өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шараға аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов қатысып, түрлі аталым бойынша үздік шыққан жастарды марапаттады.

Облыс әкімі өз сөзінде жастар саясаты – мемлекеттің басты назарында екенін атап өтіп, осы тұрғыда аймақта атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталды. Сондай-ақ, жастар тәрбиесінің маңыздылығын баса айтты.

— Тәуелсіздік жылдарында мемлекет тарапынан жастар саясатына ерекше көңіл бөлініп, бұл бағытта қаржыландыру көлемі жылдан жылға артып келеді. Мәселен, облыста соңғы үш жылда мемлекеттік жастар саясатына 2, 7 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бұл жас буынды еңбекқорлыққа баулып, олардың бастамаларына көрсетілген қолдау.

Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасы жүзеге асуда.

Бағдарлама аясында облыс жастарына жеңілдікпен несие беруге арналған жоба шеңберінде ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен 500 млн. теңге қаржы бөлініп, жастарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге және жас отбасыларға қолдау көрсетілді.

Жоба аясында барлығы 619 өтінім қабылданып, 67 қатысушыға «Отбасы Банкке»жолдама берілді.

Бүгінгі күнге 33 қатысушының өтінімі мақұлданып, оның ішінде 25 қатысушы баспаналы болып үлгерді.

Алдағы 2023 жылы жоба аясында баспанамен қамтылатын жастардың санын арттыру мақсатында «Отбасы банкпен» бірлесе отырып, қаржыландыру көлемін 4 есеге арттыруды жоспарлап отырмыз,-деді Нұржан Нұржігітов.

Бұдан соң түрлі аталымдар бойынша бірқатар жастар марапатталды. Нақтырақ айтсақ, «Үздік жас ғалым» номинациясын Айсұлу Жанұзақ, «Үздік жас мұғалім» номинациясын Тоғжан Лаубай, «Үздік жас медицина маманы» номинациясын Ахметбек Исабек, «Үздік жас спортшы» номинациясын Ғасыр Тұрғынбай, «Үздік жас әнші немесе музыкант» номинациясын Дулат Жасұзақов, «Театр немесе кино саласының үздік жас актері» номинациясын Нұрай Қаражанова, «Үздік жас жазба ақыны» номинациясын Шапағат Әбдір, «Үздік жас айтыскер ақын» номинациясын Рай Дөңбай, «Үздік жас баспа журналист» номинациясын Ғалия Аблай, «Үздік жас тележурналистика маманы» номинациясын Диана Орынбасар, «Үздік жас мобилограф» номинациясын Берік Жолшан, «Үздік мемлекеттік қызметші» номинациясын Абай Нариман, «Үздік жас құқық қорғау саласының қызметкері» номинациясын Айжан Көшкінбай, «Үздік жас волонтер» номинациясын Азамат  Намелбек, «Үздік жас қоғам белсендісі» номинациясын Медет Нұрділлаұлы жеңіп алды.

Сондай-ақ, Нұржан Нұржігітов «Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы аясында үш жас отбасыға 2 бөлмелі пәтер кілттерін табыстады. Баспаналы болған Әлия Арғынбай, Айжан Игілікова, Берік Шуйншали өңіріміздің білім және денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген жас мамандар.

Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.