• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
08.10.2026, 03:45
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Нұржан Нұржігітов Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер сертификаттарын табыстады

turan_admin turan_admin
26.05.2022, 15:02
Облыс жаңалықтары
Нұржан Нұржігітов Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер сертификаттарын табыстады
307
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері және қатысушыларымен кездесті.

Кездесуде аймақ басшысы аталған байрақты бәсекеде ел намысын лайықты қорғап, нәтижелі өнер көрсеткен жамбылдық спортшыларды құттықтап, ризашылығын жеткізді.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 — 15 мамыр аралығында Бразилияның Кашиас-ду-Сул (Бразилия) қаласында өткен XХІV (24) жазғы Сурдлимпиадалық ойындарында Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасының 65 спортшысы спорттың 9 түрінен ел намысын қорғады. Оның ішінде 13 спортшы Жамбыл облысынан аттанған болатын.

Жалпы медальдік есепте 73 елдің арасында Ұлттық құрама 13-орынға тұрақтаса, жамбылдық спортшылар ел қоржының 11 медальмен толықтырған.

Облыс әкімі өз сөзінде спортшылардың жетістігін, елеулі еңбегін, олардың жаттықтырушыларының да зор үлесін айрықша атап өтті. Сондай-ақ, облыстың спорт саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен оң көрсеткіштерге, бұл бағытта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауқымды қолдаулар көрсетіліп жатқанына назар аудартты.

Бұдан соң аймақ басшысы жаттықтырушылар Ерназар Қонысбаев (еркін күрестен), Александр Ан (таэквондо), Ринат Исмаилов (грек-рим күресі), Аскар Усубалиевті (жүзу) және спортшыларды Алғыс хатпен марапаттап, арнайы сертификаттар табыстады.

Нақтырақ айтқанда, аталған Сурдлимпиадалық ойындарында еркін күрестен  екінші орын иеленген Ғабит Есжанов пен Ғасыр Тұрғынбайға, және дзюдодан 2 орынды жеңіп алған Анна Крамороваға 2 бөлмелі пәтердің сертификаты берілді. Ал, таэквондодан үшінші орын иеленген Олжас Рысжановқа, грек-рим күресінен үшінші орын алған Асан Нұржанға, дзюдодан үшінші орын алған Фериде Кара оглыға 1 бөлмелі пәтердің сертификаты тапсырылды.

Бұдан бөлек дзюдо, грек-рим, еркін күрестерінен және жеңіл атлетика мен жүзуден түрлі орындардан көрінген спортшылар Айдос Түгелбаев, Эвелина Егембердиева, Абзал Досжанов, Шыңғысхан Әлдибаев, Яна Сибирякова, Руслан Раимбеков, Софья Закутнаяға да естелік сыйлықтар берілді

Өз кезегінде жаттықтырушылар мен спортшылар ықылас білдірген облыс басшылығына ризашылығын білдіріп, арнайы жатақхана, спорт кешенін салу бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

Нұржан Нұржігітов барлық ұсыныстар назарға алынып, міндетті түрде қаралатынын жеткізіп, спортшыларға сәттілік, жеңістер тіледі.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

06.10.2026, 10:02
Қыркүйекте көп оқылғандар: Жамбыл өңіріндегі маңызды жаңалықтар мен кадрлық ауыс-түйістер

Қыркүйекте көп оқылғандар: Жамбыл өңіріндегі маңызды жаңалықтар мен кадрлық ауыс-түйістер

06.10.2026, 07:57
«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

05.10.2026, 19:05
ЖИ көмекшіден авторлық әдістемеге дейін: Жамбыл облысының педагогтері өз әзірлемелерін таныстырды

ЖИ көмекшіден авторлық әдістемеге дейін: Жамбыл облысының педагогтері өз әзірлемелерін таныстырды

30.09.2026, 18:08
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада Тоқаев пен Оман Сұлтанының келіссөздері басталды

07.10.2026, 17:00

Қазақстанда 444,6 мың адам жұмыссыз: Қай өңірлерде көрсеткіш жоғары?

07.10.2026, 16:57

Жамбыл облысында жанжалдан кейін көз жұмған оқушы ісі бойынша тергеу басталды

07.10.2026, 16:54

Қазақстанда әскери қылмыс құрбандарының саны ең жоғары деңгейге жетті

07.10.2026, 14:41

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

06.10.2026, 10:02

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.