• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
11.10.2026, 02:07
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Мойынқұмның жеңісі – Азия чемпионына құрмет көрсетілді

Мойынқұм ауданының әкімі Ермек Карентаев Азия чемпионатының жеңімпазы Кемелбек Сабырбекті тарихи жетістігімен құттықтады.

Turan Redaktor Turan Redaktor
07.07.2026, 16:37
Облыс жаңалықтары
Мойынқұмның жеңісі – Азия чемпионына құрмет көрсетілді
63
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Мойынқұм ауданының әкімі Ермек Карентаев Азия чемпионатының жеңімпазы, Күшаман ауылының тумасы Кемелбек Сабырбектің шаңырағына арнайы барып, жерлес спортшыны тарихи жетістігімен құттықтады. Кездесуге ауданның зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар, ауыл тұрғындары, спорт ардагерлері мен жастар қатысып, ел мақтанышына айналған жас балуанға ақжарма тілектерін арнады.

Кездесу барысында аудан әкімі Ермек Амангелдіұлы Кемелбектің халықаралық аренадағы жеңісі аудан халқы үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті. Оның айтуынша, спортшының қажырлы еңбегі мен табандылығының нәтижесінде қол жеткізген бұл жетістік жас ұрпаққа үлгі болып, елімізде бұқаралық спортты дамытуға серпін береді.

– Азия чемпионы атану – үлкен дайындықты, тынымсыз еңбекті және мықты мінезді талап ететін биік жетістік. Сенің жеңісің – тек өзіңнің немесе отбасыңның ғана емес, күллі Мойынқұм жұртшылығының ортақ қуанышы. Біз сенің жетістігіңмен мақтанамыз және алдағы жарыстарда да көк туымызды көкте желбірететініңе сенімдіміз, – деді аудан әкімі.

Кездесу барысында ауыл ақсақалдары жас чемпионға ақ баталарын беріп, ел намысын абыроймен қорғағаны үшін ризашылықтарын білдірді. Ауыл тұрғындары да жерлес спортшының жеңісін зор мақтанышпен қабылдап, оның алдағы халықаралық жарыстарда да жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне тілектестік білдірді.

Өз кезегінде Кемелбек Сабырбек қолдау көрсеткен барша жерлестеріне алғысын айтып, алдағы мақсаттары туралы бөлісті. Оның айтуынша, қазіргі таңда басты міндет – әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалып, Қазақстанның намысын абыроймен қорғау. Осы мақсатта спортшы жақын күндері Талдықорған қаласына аттанып, ұлттық құрама сапындағы оқу-жаттығу жиындарына қатысады.

Айта кетейік, биыл маусым айында Филиппин Республикасының Манила қаласында өткен самбодан Азия чемпионатында Кемелбек Сабырбек 92 келі салмақ дәрежесінде барлық қарсыластарынан басым түсіп, құрлық чемпионы атанды. Жас спортшының сенімді өнер көрсетуі нәтижесінде Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті алтын медаль түсті.

Жалпы Азия чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы спорттық және жауынгерлік самбодан 15 алтын, 4 күміс және 6 қола медаль жеңіп алып, құрлық біріншілігіндегі ең үздік құрамалардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Кемелбек Сабырбектің бұл жеңісі – Мойынқұм ауданының ғана емес, бүкіл ел спортының мерейін үстем еткен айтулы жетістік. Жерлесімізге алдағы әлем чемпионатында сәттілік тілеп, Қазақстанның көк Туын халықаралық ареналарда биікке көтере беруіне тілектеспіз.

Материал «Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ тапсырысы бойынша әзірленді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Байзақ ауданында ауқымды экологиялық тазарту жұмыстары өтті

Байзақ ауданында ауқымды экологиялық тазарту жұмыстары өтті

09.10.2026, 17:26
Тараздық кәсіпорын қағаз қалдықтарын кәдеге жаратып, экологиялық мәдениетті қалыптастырып отыр

Тараздық кәсіпорын қағаз қалдықтарын кәдеге жаратып, экологиялық мәдениетті қалыптастырып отыр

08.10.2026, 17:38
Тараздағы отандық зауыт «жасыл экономика» талаптарын қалай жүзеге асыруда?

Тараздағы отандық зауыт «жасыл экономика» талаптарын қалай жүзеге асыруда?

08.10.2026, 15:38
Жамбыл өңірі жасыл энергетика бағытында қалай дамып келеді?

Жамбыл өңірі жасыл энергетика бағытында қалай дамып келеді?

08.10.2026, 12:58
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында кітапхана жұмысына жасанды интеллект енгізілуде

11.10.2026, 00:11

Жамбыл облысында соңғы 7 жылда 45 мәдени нысан салынды

10.10.2026, 23:50

Құтқарушылар экологиялық акция аясында сенбілік ұйымдастырды

09.10.2026, 19:43

Байзақ ауданында ауқымды экологиялық тазарту жұмыстары өтті

09.10.2026, 17:26

Азамат үні — ел дамуының негізі

09.10.2026, 14:00

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.