Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі құқықтық негізі 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясынан бас тау алады. Ата Заңның 7-бабының 1-тармағында: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп көрсетілген. 1997 жылдың 11 шілдесінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы қабылданды.
Осыған орай, республика аумағында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздері, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттері белгіленді. Аталған заң республика аумағында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етіп, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін белгілеп берді.
«Қазақстан-2050» Стратегиясында» қазақ тілінің мәртебесін арттырудың маңыздылығы көрсетіліп, 2020 жылы ел тұрғындарының 95 пайызы мемлекеттік тілді игеру қажеттігі тапсырылды. Халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» дегенді бекер айтқан жоқ.
Осы даналыққа сүйенсек, туған тілімізді білу, оны біліп қана қоймай, ұрпақ санасына сіңіру, дамыту, мемлекеттік деңгейде толыққанды қолданылуын қамтамасыз ету әрбір азаматтың қасиетті міндеттерінің бірі.
Қазақ тілі – барлық мемлекеттік органдардың іс жүргізу саласындағы негізгі тілге айналды. Оған негіз «Тіл туралы» заң талаптары орындалып, осы міндеттерді жүзеге асыру барысында көптеген шаралар қолданылып, жүзеге асырылуда. Іс қағаздарымен қатар, іскерлік байланыс құжаттарын да мемлекеттік тілге көшіру қазақ тілінің дамуына үлкен ықпал етеді.
Сот талқылауында іске қатысатын азаматтарға ана тілінде немесе өзі білетін тілде мәлімдеме жасау құқықтары түсіндіріліп, аудармашы көмегінің қажет немесе қажет еместігі нақтыланады. Қажет болған жағдайда іс аяқталғанға дейін аудармашы тартылады.
ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің талабына сай, істі сот талқылауына дайындау кезінде тараптар жазбаша өтінішхат негізінде сот ұйғарымымен сот ісін жүргізу тілін өзгерте алады. Соттарда кеңсе құжаттары мен іс қатынас қағаздары, т.б. мемлекеттік тілде жүргізіледі. Бірақ сот өндірісіне қабылданған азаматтық істер бойынша іс жүргізу тілі талап арыздың жүгіну тілімен анықталады.
Жоғарыда айтқанымызды нақтылай түссек, заң талабына сай, алдын ала тергеу қай тілде жүргізілсе немесе сотқа талап арыз қай тілде түссе, сот ісі сол тілде жүргізіледі. Бұл заңдылықтар Азаматтық процестік кодексте «Сот ісін жүргізу тілі», Қылмыстық процестік кодексте «Қылмыстық сот ісін жүргізу тілі» және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте «Іс жүргізу тілі» бөліктерімен айқындалған, азаматтық процестік кодекс талабына орай азаматтық істер жүргізілетін іс жүргізу тілі судьяның ұйғарымымен анықталады.
Яғни, сот талқылауында іске қатысатын азаматтарға ана тілінде немесе өзі білетін тілде мәлімдеме жасау құқықтары түсіндіріліп, аудармашы көмегінің қажет немесе қажет еместігі нақтыланады. Қажет болған жағдайда процеске іс аяқталғанға дейін аудармашы тартылады.
ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің талабына сай, істі сот талқылауына дайындау кезінде тараптар жазбаша өтінішхат негізінде сот ұйғарымымен сот ісін жүргізу тілін өзгерте алады. Мемлекеттік тілді дамыту, қолдану аясын кеңейту еліміздің әрбір азаматына байланысты.
Әрине, әр істі қарау барысында тілге қатысты өзекті мәселелер жоқ емес. Мысалы, іс жүргізу заңнамасына сәйкес, сарапшы арнайы ғылыми білімдер негізінде жүргізетін іс материалдарын зерттеу нәтижесінде іс үшін маңызы бар мән-жайлар алынуы мүмкін жағдайда тағайындалады. Яғни, ерекше көңіл аударатын мәселе – ол қылмыстық, азаматтық істер бойынша сарапшы сараптамалық қорытындылар дайындайды, бірақ кейбір, мемлекеттік тілде жүргізілген істерге сараптаманың қорытындысын мемлекеттік тілде бермейді.
Бұндай мәселелер, тек қана қылмыстық емес азаматтық істерде жиі кездесетін жәйт. Сондықтан, егерде іс мемлекеттік тілде жүргізілсе, ондай кезде сарапшының сараптама қорытындысы да мемлекеттік тілде дайындалуы тиіс.
Егер ол сарапшы мемлекеттік тілді білмейтін болса, сараптама қорытындысын дайындау барысында іске тілмашты тыстыруы керек және ол тілмаш, тек қана мемлекеттік тілді меңгермесе немесе мемлекеттік тілге аудара салмай қорытынды берілген саланы жақсы білуі керек және дұрыс емес аударған жағдайда жауапкершілікке тартылатындығы туралы ескерту қажет.
Сонымен қоса, оның жоғары арнайы білім бар және сол іске оның ешқандай қызығушылығы жоқ тұлға болуы қажет.
Мемлекеттік тілді үйрену, оны дамыту, қолдану аясын кеңейтуге атсалысу кажет деген ойдамын.
Жамбыл аудандық сотының судьясы Динара Қыдыралиева






