• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Абырой

Мемлекеттік тіл — ұлттық құндылық!

Оның бойында ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салт жатыр. Тіл-мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы мен болашағының айқын көрінісі.

11.05.2024
0
Тіл –Асыл мұра
352
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қазақ тілі – Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриотымын деп санайтын азаматтардың тілі. 

Сондықтан сіз қай ұлттың өкілі болмаңыз, тіл үшін күресуге міндеттісіз! Сол тілде сөйлейтін соңғы адам болсаңыз да, тіліңіз жайында аманат қалдыруға, мұра қалдыруға тырысуыңыз керек. Себебі сіздің тілде жазылған құнды тарихи деректер, кейінгі ұрпақ үшін үлкен рөл ойнауы мүмкін. Бүгінгі  заманда   бірнеше  тілді меңгергеннің артықшылығы жоқ. Тіл – ең ұлы қару. Тіл – ең асыл құндылық. 

Мен қызмет атқарып жүрген Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында түрлі істерді жүргізуге тура келеді. Сол істердің 90 пайызына жуығы қазақ тілінде жүргізіледі. Жалпы мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы қөптеген салалар ішінде сот жүйесі алғашқылардың бірі болып мемлекеттік тілдің тұғырын биікке көтеруші болғанын бірі білсе, бірі біл бермейді. Себебі қазіргі уақытта іс-қағаздары жүйесі мемлекеттік тілде әбден пысықталып біріздендірілген. Сондықтан қазақ тілінің мәртебесін асқақтатуда тағы бір ерекше жайттармен бөлісер болсам, ертедегі қара қылды қақ жарған билеріміздің ісін жалғастырушы сот қызметіндегі аға-әпкелеріміздің көпшілігі би-шешендер секілді 2 тілде де сөзге шебер көсемсөз иелері екеніне жайлап көзім жетіп жүр. 

Сол себепті заман жаңғырып, уақыт өзгерген тұста ұлттық құндылықтарымыздың қадіріне жетуге бір кісідей жұмылғанымыз жөн дегім келеді.

Шындығында тіл мәселесі өте нәзік, оны шынайы ынталылықпен, ұқыптылықпен үйлестіре отырып игеру қажет. Тіл-сан ғасырлық тарихи мәні бар тәжірибені, өнерді, мәдениетті ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін құрал десек, оны игеруге мүмкіндік ашатын да-тіл. Сондықтан да тілді  ұлттық мәдениеттің, өнердің айнасы деп атай аламыз. Тіл-тек қатынас құралы емес, ұлт пен ұлттың арасындағы мәдени қатынас жасаудың негізгі көзі де. Оны мемлекеттік тіл ретінде қастерлеп үйрену — елдің барша азаматтарының парызы.

Қорыта айтқанда, Қазақстанда мемлекеттік тілді дамытқымыз келсе, тілдердің дүниежүзілік даму заңдылығын білуіміз қажет. Тіл екі түрлі бағытта — қоғамның ықпалымен және өзінің ішкі заңдылығы арқылы дамиды. Біз, тіл жанашырлары, осы құбылыстарды басшылыққа ала отырып, отаршыл тілдер үстемдігіне төтеп беріп, интернет жүйесіне тілімізді қосып, заман ағымына, заман көшіне қосылғанымыз дұрыс болады.

 

Жамбыл облысы қылмыстық 

істер жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық соты әкімшісінің бас 

маман-сот отырысының хатшысы   Қ.Омарқұлов

Тегтер: қазақ тілі

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты