• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:24
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Махамбет Дүйсембаев: “Спорт тек физикалық дайындықпен шектелмейді”

Спорт – тек дене қуатының ғана емес, рух пен ерік-жігердің, тәртіп пен жауапкершіліктің көрінісі. Сондықтан бұл сала мемлекет туын биікте желбірететін, ұлттың беделін әлем алдында көтеретін басты құралдардың бірі. Әсіресе, спорт саласындағы дарындар – елдің намысы мен абыройын әлемдік ареналарда танытатын тұлғалар. Әрбір дарынды жас – елдің ең үлкен қазынасы, ал олардың қабілетін дұрыс арнаға бұрып, дамыту – мемлекет үшін үлкен маңызға ие. Бұл ретте өңірдегі спорт мектептерінің аяқ алысына тоқталмау кетуге болмайды. Облыста мықты спортшыларды тәрбиелеумен кәсіби түрде айналысып жатқан мекемелер баршылық. Соның бірі - Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Олимпиада резервін даярлау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Жуырда аталған мектептің директоры Махамбет Дүйсембаевпен сұхбаттасудың сәті түскен еді.

turan_admin turan_admin
17.06.2025, 12:09
Облыс жаңалықтары
Махамбет Дүйсембаев: “Спорт тек физикалық дайындықпен шектелмейді”
76
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Анықтама үшін:  Дүйсембаев Махамбет Ахметұлы — Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Олимпиада резервін даярлау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы. Бұл орталық – еліміздің спорт саласындағы болашағы жарқын жастарды тәрбиелеп, жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауға бағытталған маңызды мекемелердің бірі.

–  Махамбет Ахметұлы, спорт саласында жүргеніңізге қанша уақыт болды? 

– Спорт саласындағы кәсіби еңбек жолым 20 жылдан  асып жығылады. Алғаш рет бұл салаға 1981 жылы жаттықтырушы ретінде қадам бастым. Сол кезден бері түрлі деңгейдегі жауапты қызметтерді абыроймен атқарып келемін. Жаттықтырушы болып жұмыс істей жүріп, жастарды спортқа баулуға, олардың шеберлігін шыңдап, еліміздің абыройын асқақтататын саңлақтарды тәрбиелеуге бар күш-жігерімді жұмсадым. 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Олимпиада резервін даярлау орталығы» КММ басшысы қызметіне тағайындалдым. Қазіргі таңда осы жауапты міндетті үлкен сеніммен әрі жауапкершілікпен атқарып келемін.  

– Мектепке басшылық қызметке келгенде алдыңызда қандай мақсаттар болды?

  – Менің басты мақсатым – еліміздің олимпиадалық резервін жоғары деңгейде қалыптастыруға тың серпін беру. Бұл бағытта ең алдымен, спортшыларымыздың толыққанды дамуына мүмкіндік беретін, заманауи талаптарға сай оқу-жаттығу процесін жүйелі түрде ұйымдастыруды қажет етеді.

– Өзіңіз келген күннен бастап орын алған өзгерістерді атап беріңізші?

  – Соңғы жылдары орталықтың материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жаңартылып, заман талабына сай келетін спорттық құрал-жабдықтармен толықтырылды. Сонымен қатар, жаттықтырушылар құрамына жас әрі білікті мамандар тартылып, тәжірибелі кадрлармен қатар жұмыс істеуіне жағдай жасалды. Бұл буын алмасуын қамтамасыз етіп қана қоймай, оқу жүйесіне жаңа серпін беріп отыр. Жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру, шетелдік тәжірибемен алмасу мүмкіндіктері де қарастырылуда. Осының нәтижесінде біздің спортшыларымыз халықаралық ареналарда тұрақты түрде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Азия және әлем чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болып.

– Жалпы мектептің бүгінгі ахуалы қандай? Материалдық-техникалық базасына спортшылардың көңілі тола ма?

– Орталықтың қазіргі ахуалы тұрақты, жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Әмбебап спорт кешені, жаттығу және тренажер залдары жаңартылып, қажетті құралдармен қамтамасыз етілген. Әрине, толық жетілдіру бағытында жұмыстар жалғасуда.

– Жалпы спортшылардың жетістіктерін атап өтсеңіз. Қанша бала спортпен айналысып жатыр?

– Қазіргі уақытта 320 спортшы 8 түрлі спортпен айналысуда. Соңғы жылдары әлем және Азия чемпионаттарында, халықаралық турнирлерде, Қазақстан біріншіліктерінде 100-ден астам медаль жеңіп алынды. Мысалы, 2022 жылы – 203 медаль, 2023 жылы-253 медаль, 2024 жылы-250 медаль, 2025 жылы 4 айда (қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір) – 168 медаль. Бұл – жүйелі еңбектің нәтижесі.

– Мектеп алдағы уақытқа қандай меже, жоспар қойып отыр?

– Орталықтың мақсаты – Қазақстан атынан халықаралық ареналарда топ жарар спортшыларды дайындау. Сонымен қатар, аймақтық филиалдар ашып, ауыл жастарына мүмкіндік беру, жаттықтырушыларды халықаралық деңгейде оқыту – алдағы басым бағыттарымыз.

– Саладағы негізгі күрмеулі мәселелер деп нені айтар едіңіз?

– Қазіргі таңда спорт саласындағы негізгі түйткілдердің бірі – кей спорт түрлеріне маманданған білікті жаттықтырушылардың тапшылығы. Бұл мәселе әсіресе сирек дамытылатын немесе жаңа еніп жатқан олимпиадалық емес бағыттарда қатты сезіледі. Жоғары деңгейдегі жаттықтырушылардың жетіспеушілігі жастардың дарынын толық ашуға кедергі келтіріп отыр.

– Жалпы басшы ретінде қандай жоспарларыңыз бар?

– Басшы ретіндегі негізгі көздеген мақсатым – «Олимпиада резервін даярлау орталығын» еліміздегі алдыңғы қатарлы, кәсіби деңгейі жоғары дайындық мекемесіне айналдыру. Әрбір дарынды жас – ел болашағы. Сондықтан олардың қабілетін толық ашу, психологиялық және физикалық тұрғыдан қолдау, сапалы білім беру мен дұрыс бағыт-бағдар көрсету – менің стратегиялық мақсаттарымның негізі. Бүгінгі таңда спорт тек физикалық дайындықпен шектелмейді, ол ғылым, технология және жүйелі жұмысты талап етеді. Осы себепті, оқу-жаттығу процесіне инновациялық тәсілдерді енгізу, заманауи спорт ғылымының жетістіктерін пайдалану, халықаралық тәжірибе алмасу бағдарламаларын жолға қою – басты назар салатын басымдықтарымның бірі.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбат Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Олимпиада резервін даярлау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Turaninfo.kz ақпарат агенттігі арасындағы өзара келісімшарт негізінде жарияланды. 

Тегтер: Жамбыл облысыОлимпиада резервін даярлау орталығыспорт саласы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.