• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
08.10.2026, 03:45
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Мақсат – қадағалау емес, білім беру жүйесіне қолдау көрсету

turan_admin turan_admin
13.05.2018, 20:49
Облыс жаңалықтары
Мақсат – қадағалау емес, білім беру жүйесіне қолдау көрсету
192
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Таразда білім беру мекемелеріндегі Қамқоршылық кеңестерінің облыстық форумы өтті.
Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың мәжіліс залында өткен шараға ЖОО-ның ғалымдары, аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің басшылары, Қамқоршылық кеңес төрағалары, қалалық ата-аналар комитетінің төрағалары қатысты. Басқосуға төрағалық еткен облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Дәмеш Ускумбаева аймақтағы 450 мектептің 389-да Қамқоршылық кеңестері құрылғандығын жеткізді. Жалпы аталған кеңес өзінің жұмысы үшін мекеменің басшысынан немесе оның орынбасарынан қажетті ақпараттар алуға, оқыту және тәрбиелеу жағдайын жақсарту, оқушылардың денсаулығын нығайту және тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізуге, қайырымдылық және кез-келген басқа ұйымдармен ынтымақтасуға, мекеменің қажеттіліктеріне жеке тұлғалардың қайырымдылықтарының мақсатты жұмсалуына қоғамдық бақылау жүргізуге қауқарлы.
Шарада облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова биыл осы салаға 102 млрд теңге қаражат бөлінгендігін жеткізді. Ал өткен жылы 98 млрд теңге бөлінген екен. Бүгінде аймақта 14 мектептің құрылысы жүргізіліп жатса, оның 9-ы биыл пайдалануға берілмек. Өз сөзінде басқарма басшысы мемлекеттің білім саласына осылайша баса назар аударып жатқанда, қоғамның бұл саладан тыс қалмауы қажет екендігін алға тартып, сондықтан Қамқоршылық кеңестері құрылғандығын жеткізді. Мұның ата-аналар комитетінен айырмашылығы мектепті басқару органы қатарына енуінде. Білім ошақтарының тарапынан туындаған кей жағдайларда ата-аналар комитеті өзінің әлсіздігін танытқан. Мәселен, жыл сайын мектептерде ақша жинау мәселесі көтерілетіні белгілі. Осы ретте ата-аналардың шағымдары да көбейетіндігі де рас. Бірақ, осы мәселеге Заң қатаң тиым салған және ҚР Білім және ғылым министрлігінің де бұйрығы бар екен. Дегенмен бұл мәселенің түйіні әлі күнге тарқамай келеді. Сондықтан Рахия Сейтбекқызы өз хабарламасында осындай мәселелерді шешуде құрылған Қамқоршылық кеңесінің маңызы зор екендігін жеткізді. Сондай-ақ ол алдағы уақытта аталған кеңес жұмысының нәтижесінде қоғамдық бақылау күшейетіндігін де тілге тиек етті. Ал облыстық Қамқоршылық кеңесің төрайымы, қалалық мәслихаттың депутаты Эльмира Мырза-Ғали аталған орган мектептердегі ақша жинау мәселесін түбегейлі шешетіндігін жеткізді. Кеңес төрайымының сөзінше, осы ұйым құрыларда қоғамда түрлі керағар пікірлер туындап, сенімсіздіктер пайда болған. Оның себебі, қалыптасып қалған ескі ойдан арыла алмау екен. Болашақта аталған кеңес мектепке түсетін қаржыны қадағалап, оқу ордасының басшысын тағайындауда да пікірі ескерілетін болады. Сонымен қатар кеңес төрайымы бұл органның басты мақсаты – қадағалау емес, білім беру жүйесіне қолдау көрсету екенін жеткізді. Өз кезегінде Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің проректоры Орынқыз Жолдасова жоғары оқу орындарында да осы секілді Байқау кеңестері жұмыс жасап келе жатқандығын жеткізді. Оған мүшелікке өту үшін белгілі талаптар қойылады екен. Мәселен, білім саласындағы өтілі 10 жылдан кем емес немесе басшылық қызметте болуы. Аталған оқу орнындағы кеңеске 17 адам үміткер атанып, олардың тек 12-і ғана мүшелікке алыныпты. Сондай-ақ бұл кеңеске қосымша тәуелсіз бақылаушылар да енгізілген. Олар бүгінде оқу орнындағы бірқатар жұмыстарды және студенттер мен оқытушылар арасындағы байланысты қадағалап келеді екен.
Форумның ашылу салтанатынан кейін шара «Жаңартылған білім беру мазмұны – білім сапасын арттырудың басты факторы» және «Нәтижеге бағытталған тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың басым бағыттары» деп аталған секциялары бойынша жалғасын тапты. Сондай-ақ білім беру мекемелеріндегі Қамқоршылық кеңестерінің облыстық форумына қатысушылардың Үндеуі қабылданды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

06.10.2026, 10:02
Қыркүйекте көп оқылғандар: Жамбыл өңіріндегі маңызды жаңалықтар мен кадрлық ауыс-түйістер

Қыркүйекте көп оқылғандар: Жамбыл өңіріндегі маңызды жаңалықтар мен кадрлық ауыс-түйістер

06.10.2026, 07:57
«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

05.10.2026, 19:05
ЖИ көмекшіден авторлық әдістемеге дейін: Жамбыл облысының педагогтері өз әзірлемелерін таныстырды

ЖИ көмекшіден авторлық әдістемеге дейін: Жамбыл облысының педагогтері өз әзірлемелерін таныстырды

30.09.2026, 18:08
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада Тоқаев пен Оман Сұлтанының келіссөздері басталды

07.10.2026, 17:00

Қазақстанда 444,6 мың адам жұмыссыз: Қай өңірлерде көрсеткіш жоғары?

07.10.2026, 16:57

Жамбыл облысында жанжалдан кейін көз жұмған оқушы ісі бойынша тергеу басталды

07.10.2026, 16:54

Қазақстанда әскери қылмыс құрбандарының саны ең жоғары деңгейге жетті

07.10.2026, 14:41

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

06.10.2026, 10:02

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.