• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Үкіметте елдің 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаралды

Мемлекет басшысының тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет отырысында елдің 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаралды.

26.08.2025
0
Үкіметте елдің 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаралды
53
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Негізгі макроэкономикалық индикаторлар туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады. Болжам негізгі сценарий негізінде қалыптасады. Оған сәйкес 2026 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі 5,4%-ды құрайды, ал үш жылдағы орташа жылдық қарқын 5,3%-ға жетеді. Номиналды ЖІӨ 2026 жылы 183,8 трлн теңгеден 2028 жылы 229,8 трлн теңгеге дейін өседі. Экономиканың өсуінің негізгі драйверлері нақты сектор мен қызмет көрсету саласы болады. Өңдеуші өнеркәсіпте инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен өсу қарқынының 2026 жылғы 6,2%-дан 2028 жылы 6,6%-ға дейін ұлғаюы болжанады. Құрылыстағы үш жылдағы орташа өсім 11,0%, көлік саласында – 10,1%, саудада – 6,7% деңгейінде күтілуде. Министр болжамды кезеңде оң сауда балансы сақталатынын атап өтті. Экспорт 2026 жылы $77,1 млрд-тан 2028 жылы $83,7 млрд-қа дейін, импорт – $67,7-дан $75,2 млрд-қа дейін өседі. Макро болжамның негізінде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджет параметрлері қалыптастырылды. Республикалық бюджеттің кірістері 2026 жылы 19,2 трлн теңгені құрайды, кейіннен 2028 жылы 23,2 трлн теңгеге дейін өседі деп болжануда. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт жыл сайын 2, 77 трлн теңге мөлшерінде айқындалаы. Бюджет тапшылығы 2026 жылы ЖІӨ-ге 2,5% деңгейінде айқындалды, 2028 жылы ЖІӨ-ге 0,9%-ға дейін төмендеді. Бұл ретте мұнай емес тапшылық ЖІӨ-ге қатысты 4,9%-дан 2,7%-ға дейін қысқарады.

«Кірістер мен шығыстардың осындай көлемдерінде бюджет нысаналы трансферт түрінде Ұлттық қордан қосымша қаражат тартудың қажеттілігінсіз өзін-өзі қамтамасыз етеді», — деп атап өтті вице-премьер.

Үкімет

Тегтер: ел экономикасыСерік ЖұманғаринҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫҰлттық экономика министрі

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты