• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 18:35
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Үкімет басшысы: Мемлекет отандық өндірушілерді белсенді қолдайды

Үкіметте машина жасау саласын дамыту мәселесі және отандық өндірісті қолдау шаралары қаралды

Turan Redaktor Turan Redaktor
29.10.2024, 19:12
Қазақстан жаңалықтары
Үкімет басшысы: Мемлекет отандық өндірушілерді белсенді қолдайды
116
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында машина жасау саласын дамыту мәселесі қаралды. Кәсіпорындарды жаңғырту, машина жасаудағы жобаларды қосымша қаржыландыруды және сыртқы нарықтарға жеткізуді арттыру жөнінде тапсырмалар берілді.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев саладағы жағдай туралы баяндап, салалық қауымдастықтар өкілдері – Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы Мейрам Пішембаев және Өнеркәсіптік инвесторлар одағының президенті Қайрат Еламанов, сондай-ақ Қазақстанның автокөлік одағы президенті Анар Мақашева баяндама жасады.

2023 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ құрылымындағы машина жасау үлесі 1,9%-ға жетті. Өндіріс көлемінің артуы, инвестиция тартуда оң серпін байқалады. Биылғы 9 айда қазақстандық жобаларға шамамен 108,2 млрд теңге салынды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі көлемінен 2,2 есеге артық.

Саладағы өзекті мәселелердің бірі – жабдықты жаңғырту. Премьер-министр машина жасауда техниканың тозуы 40%-ға жуықтайтынын атап өтті. Тек теміржол саласында 2030 жылға дейін елімізде тозығы жеткен 800-ден астам жолаушылар вагоны пайдаланудан шығарылады деп күтілуде. Қазақстанның өнеркәсіптік инвесторлар одағы деректері бойынша ауыл шаруашылығы техникасының шамамен 76%-ы жаңартуды қажет етеді.

Олжас Бектенов Президенттің экономиканы әртараптандыру жөніндегі алға қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін отандық машина жасау әлеуетін белсенді түрде пайдаланып, жаңа технологияларды енгізу қажеттігін баса айтты.

«Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыру ісінің негізгі өзегі – индустрияландыру екенін атап көрсетті. Өңдеу секторын, бірінші кезекте машина жасау саласын серпінді дамыту өзімізді экономикалық жағынан толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жетуде қозғаушы күш болуы қажет. Мемлекет отандық өндірушілерді белсенді қолдайды. Біздің алдымызда локализациялау үлесі жоғары өндіріс циклін құру міндеті тұр. Бұл ретте, жұмыс тиімділігін арттыру үшін өндірісті дер кезінде жаңғыртып отыру маңызды», — деп атап өтті Премьер-министр.

Өндірістік процестерді роботтандыру мен автоматтандырудың жаһандық үрдістеріне сәйкес кәсіпорындарда цифрлық технологияларды енгізу қажеттілігі атап өтілді.

Бүгінде автомобиль өнеркәсібінде кластерлік өндірісті қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл тәсіл еншілес салалардың дамуын ынталандырады, бүкіл сектор үшін жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар ашады.

Мұнай-газ машина жасау саласында 50-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Өндіріс көлемі $160 млн-ға жетеді, ал импорт көлемі $1,6 млрд-тан асады. Премьер-министр он есе айырмашылыққа және алшақтықты төмендету қажеттігіне назар аударды.

Жаңадан отандық өндірістерді құруға жәрдемдесу үшін Халықаралық мұнай-газ машинасын жасау орталығы құрылды. Honeywell, PetrolValves, Wika сияқты халықаралық компаниялардың өнімдерін локализациялау жобалары сәтті жүзеге асырылды. Олжас Бектенов халықаралық операторлардың қазақстандық кәсіпорындармен ұзақмерзімді шарттар жасасуға кепілдік беру жөніндегі орталықтың өкілеттіктерін кеңейту қажеттігін атап өтті.

Премьер-министр Өнеркәсіп және құрылыс, Қаржы, Ұлттық экономика министрліктеріне, «Бәйтерек» холдингіне мақұлданған қаржы-экономикалық негіздемелер шеңберінде машина жасаудағы жобаларды қосымша қаржыландыруды тапсырды. Олжас Бектенов машина жасау кәсіпорындары өндірісті жаңғыртып, тауарлардың жаңа түрлерін шығару үшін жеңілдікті несиелермен қамтамасыз етілуге тиіс екенін атап өтті.

Сондай-ақ Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі автомобиль жасау саласындағы жобаларды тұрақты бақылауда ұстап, туындаған мәселелерді жедел шешіп, экспортты кеңейтуі қажет.

Primeminister.kz ресми сайты

Тегтер: ҚР Премьер-Министрімашина жасау саласыОлжас БектеновҮкімет басшысы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.