• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:25
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ӘКІМДІКТІҢ ЭКС ҚЫЗМЕТКЕРІ АДАМ ҚАҒЫП ӨЛТІРСЕ ДЕ, БОСТАНДЫҚҚА ШЫҚТЫ

turan_admin turan_admin
29.01.2022, 22:48
Облыс жаңалықтары
ӘКІМДІКТІҢ ЭКС ҚЫЗМЕТКЕРІ АДАМ ҚАҒЫП ӨЛТІРСЕ ДЕ, БОСТАНДЫҚҚА ШЫҚТЫ
1k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

23 қараша күні Тараз қаласында жол көлік апаты орын алып, 18 жастағы жігіт оқиға орнында қайтыс болған. Жас жігіт тізгіндеген Nexia автокөлігінің артқы жағынан соққан 28 жастағы бұрынғы әкімдік қызметкері оқиға орнынан қашып кеткен. Orda.kz редакциясына хабарласқан марқұмның анасы күдіктінің бостандыққа шыққанын хабарлады.

Тараз қаласы әкімдігі аппараты «Медиаорталық» КММ экс-директоры Жанайдар Жолдасов оқиға орнынан кетіп қалғаннан кейін іздеу жарияланып, 25 қараша күні ұсталды. Кейін одан полиция қызметкерлері түсініктеме алып, қайтадан жібере салған. Сонымен қатар, оның үстінен басқа іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқан.

Президент Тоқаевтың атына Мейірбектің анасы Гаухар бүгін біздің редакция арқылы тағы да үндеу жасады. Өйткені, күдікті деп танылған Жанайдар Жолдасовты судья Садырқұлов рақымшылық заңын негіз етіп босатып жіберген. Мейірбектің анасы ұлының өліміне тікелей қатысы бар күдіктінің рақымшылық заңына ілігенін түсіне алмай дал болғанын айтады.

МЕЙІРБЕК УАЛИХАНҰЛЫНЫҢ ОТБАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТКЕ ҮНДЕУІ:

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевқа үндеу!

23 қараша 2021 жылы таңғы сағат 06.00 шамасында , менің ұлым Мейірбек Уалиханов Сейфуллин мен Әл – Фараби көшесінің қиылысында , бағдаршамда Сейфуллин көшесінің оң жак шеткі жолағында бұзылып тұрған келігінің оң жақ дөңгелегін жендеп жатқанда , Ж.Жолдасов « BMW X5 » автокөлiгiн басқарып келе жатып , өзінің іс – әрекетімен қоғамға қауіп төндіретінін , жол жүрісі қатысушыларының өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтіру мүмкіндігін назарға алмай , жол қозғалысы ережелерi мен қағидасын өрескел бұзып , ұлымның автокөлігінің артына соқтығысып , ұлым М.Уалихановты қағып , оған ауыр зардап келтіргеніне қарамастан , алғашқы көмек көрсетпей , оқиға орнынан кашып , ізін суытты . Жол көлік салдарынан өрiмдей жас балам, небәрі 18 жасында оқиға орнында қайтыс болды . Ұлымның алар асулары , арман – мақсаттары алда еді. Ж.Жолдасов 2-3 кун полиция қызметкерлерiнен қашып журді .

Сiзге видеоүндеу жариялағаннан кейін , Ж. Жолдасов ұсталып , қылмыстық іс қозғалып , тергеу абақтысына екі айға камалды. Өкінішке орай, Тараз қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы Н. Н. Садырқұлов 24.01.2022 жылы тергеу абақтысынан Ж.Жолдасовты сіз шығарған ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заңының 3 бабы 1, 3 бөліктерін басшылыққа алып , тергеу абақтысынан мені , менің адвокатымды ескертпей, сот отырысына қатыстырмай босатып жіберген.

Ж. Жолдасовты 27.01.2022 жылы кешкі 20.30 шамасында полиция басқармасында көрiп калып жүрегім ауырып, қан қысымым көтерiлiп, абдырап, жылап , полиция бөлімшесінен шығып кеттім. Қандай да бір құжаттармен танысуға шамам да, мүмкіндігім де болмады.

Неге менің ұлымды көлікпен қағып , көмек көрсетпей , қашып кеткен, қара жамылып отырған біздің әулетімізге , біздің отбасымызға келіп, кешiрiм алмаған адам бостандықта жүр? Судья Н. Н. Садыркуловтың сот отырысына мені, менің адвокатымның қатысуын қаламағаны ма? Заңды осылай бұзғаны ма? Адам өмірін қиып, ата – анасынан ұлын, жақындарынан бауырын айырған, оқиға орнынан қашып кеткен Ж.Жолдасовтың құқығы, біздің Констиуциялық құқығымыздан жоғары болғаны ма? Ұлымды қағып , менің отбасымнан кешірім алмаған адам қалай қылмыстық жауапкершіліктен босатылады? Қалай босандықта жүреді? Рақымшылық заңы кімдер үшін шығарылған? Осылай зар илеп, күніге қабірге барып, жақындарынан айырылған отбасыларына бұл заңнан не кайыр? Ата – анасына бұл рақымшылық заң ұлды қайтара ала ма? Адам қағып , қылмыстық жауапкершілікке тартылмай , емін – еркін осындай адамдар калай жер басып жүреді екен? Кудiктi Ж.Жолдасовтын жол қозғалысы қағидасын өрескел бұзғаны, жасаған Қылмысы үшін ешқандай жауапкершілікке тартылмайды ма?

Құрметті Президент!!!

Адам өмірін қиып, бізден кешірім алмаған Ж.Жолдасовқа рақымшылық заңын қолданбай , қылмыстық жауапкершілікке тартуыңызды сұраймын!

Не болды?

23 қараша күні Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында таңғы сағат 06:30 шамасында Сейфуллин-Әл-Фараби көшелерінің қиылысында ЖКО орын алды. Оқиға орнында қайтыс болған Мейірбек Уалиханұлы жақында ғана 18 жасқа толған. Колледж студенті. Ол кешкі уақытта Nexia автокөлігімен такси жүргізушісі болып қызмет еткен.

23 қарашаның кешінде көлігінің дөңгелегі жарылып жол ортасында тоқтауға мәжбүр болып, апат кезіндегі қолданылатын белгілерді жол үстіне қойған. Қосымша дөңгелекті алу үшін көліктің жүксалғышын ашып тұрғанда арт жағынан BMW автокөлігі келіп соққан. Nexia көлігі оң жаққа, Мейірбектің өзі сол жақ бетке ұшып кеткен.

Тегтер: Гаухар ҚапбарбековадтпЖанайдар ЖолдасовМейірлан УалихановТараз қаласы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.