• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ӨТТІ

28.04.2018
0
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ӨТТІ
373
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бүгін Жамбыл политехникалық жоғары колледждің мәжіліс залында Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңестің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасының Жамбыл облысындағы орындалу барысы туралы» атты Қоғамдық тыңдау өтті. Тыңдаудың модераторы облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Жандар Кәрібайұлы, төралқада Жамбыл облыстық мәслихат хатшысы Бағлан Қарашолақов, облыстық Қоғамдық кеңестің хатшысы — «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Сембек Сейдазімов, облыстық Қоғамдық кеңестің әлеуметтік-мәдени салалар және үкіметтік емесұйымдармен байланыс жөніндегі комиссия төрайымы Гүлсін Орынбаева отырды. Ал, тыңдауға облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелері, қалалық, аудандық Қоғамдық кеңестердің төрағалары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, облыс әкімдігінің басқарма басшылары мен олардың жергілікті жерлердегі бөлімдерінің, Облыстық Кәсіпкерлер Палатасының, білім сапасын бақылау департаментінің басшылары, колледждердің директорлары, БАҚ -ның өкілдері қатысты.
— Ендеше, бұл бағытта облыста қандай іс-шаралар қолға алынып жатыр? Жетістігіміз қайсы, осал тұстарымыз неде?
Бүгінгі қоғамдық тыңдауда осы сұрақтарға мақсаткерлікпен жабыла жауап іздеп алдағы атқарылар міндеттерді анықтап, оларды рет-ретімен шешудің жолдарын белгілеп Қоғамдық кеңестер туралы заңның 3 бабының 8 және 21 бабының 9 тармақтарының талаптарына сәйкес атқарушы биліктің осы мәселені қарап, шешім қабылдауына міндетті ұсынымдар қабылдауымыз қажет. Өйткені Қазақстанның Үшінші жаңғыруы және әлемдік төртінші өнеркәсіптік революция кезеңінде іс тағдырын заманауи техника мен технологияны жан-жақты жетік меңгерген білекке емес, білімге сенетін білікті ұрпақ ғана шеше алады — деп мәлімдеді Жандар Кәрібайұлы.

Қоғамдық тыңдауда облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов, облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сейдахмет Сейтбеков, Жамбыл жоғарғы политехникалық колледжінің директоры Жанар Орынбаева, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Мәріпбек Шәкербек, қазіргі заманғы гуманитарлық-техникалық колледждің директоры Фарида Нақыш, ішкі аудит қызметінің бас маманы – мемлекеттік аудиторы Медет Дәрібаев баяндама жасады.
Жиынның соңынан облыстық Қоғамдық кеңестің ұсынымы қабылданды.

TURANINFO.KZ

Тегтер: ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСЖандар КәрібайұлыҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУСЕМБЕК СЕЙДАЗИМОВТараз

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты