• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
11.11.2026, 23:06
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

КӘСІПКЕРЛЕРДІ АЛАЛАУ МА?

Мейрамхана иесі: «Бассейнге екі-үш сағат, моншаға екі-үш сағат рұқсат, сонда онда вирус болмайды ма? Логика қайда?»

turan_admin turan_admin
30.03.2021, 12:10
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында мектеп директоры карантин кезінде «қыз ұзату» тойын жасағаны үшін жазаланады
1k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде карантиндік жағдай орын алғаннан бастап пандемияның бизнеске зардабын тигізбес үшін кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетінін, қаржылай қолдау көрсетілетіндігін айтқан болатын. Мемлекет басшысы: «Басты мақсатымыз — коронавирус пандемиясы мен оның салдарын жою. Бұған дейін сөз алғандар жұмыстағы оң нәтижелер туралы айтты. Сондықтан берген негізгі міндеттерге және жіберілген қателіктерді түзету үшін атқарылатын жұмыстарға тоқталамын. Бірінші — экономикалық белсенділікті қолдау. Пандемия мен карантин шектеулері, сауда қатынастарының бұзылуы елдегі іскерлік белсенділікке кері әсерін тигізді. Көптеген ірі кәсіпорындардың көрсеткіші төмендеді. Әсіресе шағын және орта бизнес қатты зардап шегуде»,- деген болатын.

Мейрамхана иелерінің пікірінше, қазіргі уақытта той ашық түрде де, жасырын әрі жабық түрде де өтіп жатқандығын айтуда. Рас-ақ, үйдің жертөлесінде, жабық зәулім үйлерде, арнайы көлік тұрақтарында, қонақ күтетін үйлерде карантин режиміне қарамастан той ұйымдастырылып жатыр. «Он екі айда он үш той»,-деген қазақ үшін той қалыпты нәрсе . Қазіргі уақытта карантин жағдайына қарамастан тойлап неге ұйымдастырылуда? Себебі бұл–қазақ үшін қалыпты жағдай.  Себебі бұл–бізде дәстүрге айналған.

Мейрамхана иесінің пікірінше, той иелері мен мониторинг топ құрам арасында осы жағдайға байланысты бірнеше қақтығыстар мен түсінбеушіліктер орын алған екен.  Мәселен А. есімді той иесі  100 шақты адамға арналған той ұйымдастырып, ең жақын деген қонақтарды шақырыпты.  Той иесі өзінің жалғыз ұлына қалайша той жасамайтындығын, келінге қалай ақ көйлек кигізбейтіндігін айтып, наразылығын білдірген екен. Мұнымен қоймай, мониторинг тобы тойдың сәнін бұзатын болса, той иесі өзінің абыройын аяққа таптағаны үшін, салтанатты шараның мәнін қашырғаны үшін өз-өзіне қол салмақшы болғандығын жеткізген екен. Таяқтың екі ұшы бар десек, бірінші жағынан той иесінің құқығын аяққа таптады деп топшыласақ, екінші жағынан «Тәртіпке бағынған құл болмайды»,-деген аталы сөз еске түседі.  Кәсіпкер пікірінше, даңғаза тойдан бөлек, карантин мерзімінде қайтыс болған адамдарға арналған жиындарды да азайту керек болды. Кәсіпкер өзінің наразылығын білдіріп: «…Адамдар қайтыс болып жатыр. Қалай оған дастархан жаймайды, Құран, Әумин демейді. Бүкіл Қазақстан Логика қайда? Ақтөбе, Ақтау, Алматы, Астана бағытындағы плацкартпен вагонда 56 адам бірінің үстінде бірі жатыр, кіріп шығып жатыр»,-деп осылай жеке пікірін жеткізді.

Сонымен қатар, мейрамхана иесі тағы да бизнес ісіне қатысты бірнеше мәселені көтерді.  Мәселен, тойхана иесі карантин мерзіміндегі ұйымдастырған тойлар үшін айыппұл  төлейтінін айтып, одан ақша артылмайтындығын айтып, сонымен қатар, айыппұлмен қоса салықты да талап ету туралы ойын жеткізді. Мәселен, А. есімді тойхана иесі өзіндегі салықтың мерзімін ұзартылғандығын, әлдекімдердікінің мерзімі ұзартылмағандығы туралы, қайта қаржыландырудың болмағандығы және мейрамхана шығынына кететін жарық пен көгілдір отынның ақысы да қымбаттағанын тілге тиек етті. Карантин уақытында айыппұл арқалап, сонымен қоса, салық төлейтіні тағы бар мейрамхана иесі өзінің бұл шығындарды қалай төлейтіндігіне, басқа да кәсіпкерлерге көрсетілген қолдау мейрамхана бизнесін дөңгелетіп отырғандарға да қолдау болса екен дейді. 

Жиырма жылдан астам уақыт бойы осы мейрамхана ісі бизнесімен айналысып келген кейіпкеріміз тағы бір маңызды жағдайға тоқталды. Біріншісі –осы жиырма жылдың ішінде кемі екі рет той ақталмаған екен. Кейіпкеріміз: той қазақта «касса», дейді. Тойға ешкім құр қол бармайтындығын ескерсек, әр тойға түскен қаржы өз-өзін ақтайды деп айтуға негіз бар.  

Мейрамхана иелері өзге де осы салаға қатысты кәсіпкерлермен етене тығыз жұмыс істейтіндігін ескерсек, екінші мәселе аталған сала иелеріне қатысты. Бұл–бүгінгі таңдағы балық және мал шарушылығымен айналысатын кәсіп иелері. Себебі, мұның барлығы той бизнесімен байланысты. Мейрамхана иесі жылқы, қой байлаған шарушылықты білетіндігін, оның шығынға ұшырағандығы туралы айтты. Мұның себебін, тойдың жоқтығымен, мейрамхана тапсырысының бұрынғыдай болмағандығымен, өнімдерге деген сұраныстың төмендігімен байланыстырды. 

Кәсіпкер қазіргі таңда қаладағы мейрамханалардың 10-20 %-ы  жұмыс істеп отырғандығын, олардың арасында карантин уақытынан бері демалыссыз жұмысын жалғастырып келе жатқан мейрамханалар да бар екенін атап өтті. Тойхана иесі тапсырысқа қарай әр тойды ұйымдастырып, карантин кезінде той ұйымдастырған үшін айыппұлын төлеп, одан артылған жүз мың теңгені қанағат ететіндіктерін ерекше айтып өтті. Биылғы жылы 1 АЕК – 2917 теңгені құрайтынын ескерсек, ал айыппұлдың көлемі –

230 АЕК назарға алсақ, бұл – 670 000 теңгеге шақ келеді. Бұдан мейрамхана иелерінің расында-ақ шығынға батып отырғанын аңғарамыз. 

Кейіпкер қозғаған келесі мәселе – басқа кәсіп иелеріне рұқсат берілгендігі. Мәселен, бассейн мен моншаларға берілген рұқсат. Мейрамхана иесі: «Бассейнге екі-үш сағат, моншаға екі-үш сағат рұқсат, сонда онда вирус болмайды ма? Логика қайда?»,-деп өзінің наразылығын білдірді. Кәсіп иесі тексеруші мониторингтік топ бойынша барлығына ереже барлығына бірдей талап етілсе дейді. «Той бұл – біздің дәстүріміз. Басқа да мейрамхана басшыларының да пікірі осыған келеді,менің де пікірім осы»,-деді.

Жоғарыдағы мәселені ескеріп, басқа да кәсіпкерлердің пікіріне жүгінуді жөн көрдік. Тараз қаласында орналасқан, халықтың сұранысына ие шайхана иелерімен сұхбаттасқан уақытта басым бөлігі жауап беруден бас тартты, енді бірі жалпылама түрде жауап берді. Кәсіп иелерінің пікіріне сүйенсек, ортақ ұсыныстары мен өтініштері бар секілді. Бұл өтініштерінің мазмұны – карантин талаптар бизнеске зияны келмейтіндей қарастырылса екен дегенге мазмұндас. Бірақ, кәсіп иелері өздерінің бизнестеріне зияны тиеді деді ме, толық ашып айтпады. Ал олар карантин жағдайында барлық талаптарды сақтай отырып, жұмыстарын жүргізгені үшін, ешқандай айыппұл төлемегендігін жеткізді.

 

TURANINFO.KZ

Тегтер: мейрамханатойхана
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

11.11.2026, 15:22
«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

11.11.2026, 14:15
Жамбыл ауданында 40 миллиард теңгенің екі ірі энергетикалық жобасы іске асырылуда

Жамбыл ауданында 40 миллиард теңгенің екі ірі энергетикалық жобасы іске асырылуда

11.11.2026, 13:52
Мойынқұм ауданында экологиялық ағарту және тазалық жұмыстары белсенді жүргізілуде

Мойынқұм ауданында экологиялық ағарту және тазалық жұмыстары белсенді жүргізілуде

11.11.2026, 12:46
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауыл инфрақұрылымы, кәсіпкерлік және цифрлық даму: «Әділет» кандидаттары Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесті

11.11.2026, 19:44

Адам құқығына назар аудару неден басталады

11.11.2026, 16:33

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

11.11.2026, 15:22

«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

11.11.2026, 14:15

Жамбыл ауданында 40 миллиард теңгенің екі ірі энергетикалық жобасы іске асырылуда

11.11.2026, 13:52

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.