• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
12.09.2026, 21:49
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Көмусіз қалған ашаршылық құрбандарының сүйектері табылды

turan_admin turan_admin
14.06.2022, 10:21
Облыс жаңалықтары
Көмусіз қалған ашаршылық құрбандарының сүйектері табылды
361
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Өткен ғасырдың басындағы нәубат, Саяси құғын-сүргін құрбандары мен ашаршылық жылдары қырылған қазақтың «ақ сүйегі», далада көмусіз қалды. Оған тарих және көнекөздер куә. Ондай қорымдар Шу өңірінде де көптеп саналады. Қазақ хандығының қазығы қағылған өлке – сол кезеңдерден сыр шертіп, бастауын Қарғыз жерінен алатын Шу өзені де бір сырын ішіне тартқандай кейде асауланып, кейде жәй сылдырлап ағады. Тау, белес, жазық дала, сылдырлаған өзен-көл талай тарихтың куәсі. Иә, қазақ жерінде ашаршылық 1929 жылдың күзінен басталғанымен, Шу алқабында бұл нәубат 1932 жылдың жаз-күзінде тіпті күшейіп, талғажау іздегендер қынадай қырылды, кеудесінде әлі бары Қырғыз асты.

Уақытында Шу бойында екі ғасырдың куәсі болған Жүндібай әулие өмір сүрген. Көнекөздер осы өңірдегі Белбасар ауылының тумасы Әлімхан Ахатаевтың мәліметіне сүйеніп, Жүндібай әулие 1834 жылы Тасөткел көлі маңында өмірге келіп, 1929 жылы 85 жасында қайтыс болған деседі. Сол Жүндібай әулие заманында: «Осы ғасырда екі рет қуғын-сүргін болады, екі рет халық аштықтан қырылады. Адам шығыны болады. Алапат аштық, қырғын соғыс болады. Тіл мен дін бұзылады. Шуға ата-бабамыз көрмеген халықтар көшіп келеді. Қара темір қақсап сөйлейді, жердің бетін сымтемір торлайды. Осы тұста Шу өзені байланып, үлкен көлге айналады. Үлкен қала болады», – деп сәуегейлік айтқан екен. Расында, әулиенің айтқаны айнымай келген секілді.

Жүндібай әулиемен замандас, сырлас болған Шу бойынан қажылыққа бірінші барған, Ботпайдың Қожай руының атқамінері Саудабай қажы жөнінде де көптеген деректер бар. 1917 жылы 17 шілдеде Пішпекте өткен төтенше съезге Қожай руынан қатысқан да осы Саудабай қажы болатын. Төңірекке атақ-даңқы мәлім, шешендігі мен өткірлігі аңыз болған Байтүгелұлы Саудабай қажыға Жүндібай әулие «Қажыеке, бірер жылдан соң бар жылқыңды Үкімет алады. Өз басың онда болмайды. Туысыңды сауда қылады» деген екен. Үйір-үйір жылқы ұстаған Саудабайдың малы 1928 жылы кәмпескеленеді. Ал, Саудабай қажы мұның алдында 1925 жылы қайтыс болады. Қажының сүйегі Шу ауданы Көк қайар ауылынан 32 шақырым жердегі «Асыр сазында» жатыр.

Қажының мазарын үлкен ұлы, патша заманында 32 жыл болыс болған Асыр, ашаршылық жылдары жаманшылық басталғанда адамдар көмусіз қалады деп салдырған екен. Тіпті, сол заманда Тәшкеннен цемент алдырып, тау тасын молынан қолдана отырып көтерген. Мазар халық арасында «Саудабай күмбезі» аталып кеткен. Және тағы бір таң қаларлығы, күмбездің отбасы мүшелері көмусіз қалмауы үшін салынғандығы күмбездің астында қазақ тәжірибесінде жоқ склеп жасап, бір бүйірінен өлі денелерді ішіне тастап жіберу үшін адам денесі сиятындай қуыс қалдырған.

Біз де осыны көру үшін жолға шықтық. Жолбасшымыз Саудабай қажының тікелей ұрпағы, «Асыр» шаруа қожалығының жетекшісі, аймаққа белгілі азамат, кәсіпкер Бақтыбай Саудабаев пен бауыры кәсіпкер Бейсехан Бұланбаев. Бағытымыз Шу өзенінің оң жағында Жайсаң тауларының бір сілемін ала жатқан «Асыр сазындағы» жалғыз тұрған мазар. Діттеген жерімізге жеткенде, Бақтыбай Сабырұлы саз тарихын таныстырып, биікте тұрған кесенеге беттедік. Бүгінде кесене аумағы қоршалған. Оны Бақтыбай Саудабаев 2017 жылы қоршапты. Кесене аумағында кесек кірпішпен қоршалған қорым бар. Әрине, табиғи құбылыстан ол қоршау мүжілген. Дегенмен, қорым Саудабай қажының қорымы екендігі анық. Ал, шығыс беттегі кесененің астына түсетін есікке келгенімізде іштей дұға жасап, аштық. Жарық түсіре отырып, ұрада адам сүйектері жатқанына куә болдық. Бірақ санамадық. Дегенмен, бұған дейінгі мәліметтерге сүйенсек, мұнда 27 бас сүйек бар, склеп отбасылық емес, сондай-ақ, жалпы аштық құрбандары жерленген деуге негіз бар. Топ жетекшісі, тарихшы-өлкетанушы Қуаныш Кәрібайұлы мұнда адамның жамбас сүйектері де бар екендігін алға тартты.

Ендігі мақсат, мазар ашаршылықты айғақтайтын еліміздегі бірден-бір ескерткіш ретінде республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекет қарауына алынуы тиіс. Бұл бағытта Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының» директоры Қуаныш Дәурембеков өз ұсыныстарын да айтты. Және бұл мазар «Саудабай кесенесі» ретінде тіркеліп, есепке алынып, басына тақтайша ілінетіндігін жеткізді. Ал, мазардың бүгінгі күнге дейін бұзылмай, айналасын қоршап, қарап отырған қажының шөбересі Бақтыбай Саудабаевтың еңбегі ерен расында.

Тегтер: тарихақиқаты ашылды
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

09.09.2026, 21:36
«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

09.09.2026, 20:32
Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

08.09.2026, 12:05
Тұрар Рысқұлов ауданында жаңа үйлер беріліп, 2 млрд теңгеге тарихи Түрксіб вокзалы жаңғыртылды

Тұрар Рысқұлов ауданында жаңа үйлер беріліп, 2 млрд теңгеге тарихи Түрксіб вокзалы жаңғыртылды

08.09.2026, 09:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

11.09.2026, 18:00

eGov «қызметкері» Тараз тұрғынының атына 7 несие рәсімделгенін айтып, 2 млн теңгесінен айырды

11.09.2026, 13:00

Екі кереуетке 210 млн теңге: Жаңаөзенде аурухана қаржысын жымқырған күдіктілер қамауға алынды

11.09.2026, 09:00

Енді Kaspi.kz қосымшасында айыппұлдың видеосын көруге болады

10.09.2026, 19:23

Тараздағы жұмбақ өлім: Ер адамды аяусыз ұрып-соғып, өз көлігімен ауруханаға әкелген

10.09.2026, 18:56

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.