• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:10
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өңірлердің жылу беру маусымына дайындығы пысықталды

Өткен сенбіде үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың және облыс әкімдері мен орталық мемлекеттік орган басшыларының қатысуымен алдағы жылу маусымына дайындық мәселелері талқыланған жиын өтті.

turan_admin turan_admin
04.07.2023, 09:00
Қазақстан жаңалықтары
Өңірлердің жылу беру маусымына дайындығы пысықталды
139
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Премьер-Министр жылу маусымына дайындық жұмыстарын жіті бақылау керектігін ескертті. Оның сөзінше бұл бағыт бойынша бірқатар шешілмеген мәселелер бар. Мәселен, кейбір жылу беру нысандарын жөндеу жұмыстары уақытынан кешігіп жатыр.

«Бұл мәселені біз жақында өткен Үкімет отырысында талқыладық. Дегенмен өзара үйлесімді, бірлескен іс-қимылды бұдан да күшейту қажет. Сондықтан осы жұмыстардың барлығын тағы да мұқият қарап, тікелей шешім қабылдаймыз», — деді Әлихан Смайылов.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев республиканың бірқатар өңірінің жылу көздеріндегі проблемалық мәселелер туралы егжей-тегжейлі баяндады, ал индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова жылумен жабдықтау желілерін жөндеу барысы туралы айтып берді.

Премьер-Министр «Атырау ЖЭО» АҚ-да №12 турбина өткен жылдан бері жөндеуде тұрғанын, ал №6 турбинада күрделі жөндеу жұмыстары әлі басталмағанын атап көрсетті. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов осы мәселе бойынша түсініктеме берд

Оған қоса Қарағанды облысындағы ЖЭО-да жөндеу жұмыстарының түрлері өзгеріп, мерзімдері ұзартылса, Маңғыстау облысында жекелеген қазандықтар мен турбиналарда жүргізіліп жатқан жұмыстардың кешігіп жатқаны, сондай-ақ «МАЭК» ЖШС-нің №2 энергетикалық блогын жөндеуге келісім-шарт жасалмағаны, Ұлытау облысы Жезқазған ЖЭО-сындағы қазандықты жөндеу 2024 жылға шегерілгені және №8 қазандықты күрделі жөндеу мерзімдерін ауыстыруға байланысты тиісті резерв қамтамасыз етілмегені айтылды. Өңірлер әкімдері Ермағанбет Бөлекпаев, Нұрлан Ноғаев және Берік Әбдіғалиұлы қабылданып жатқан шаралар туралы түсініктеме берді.

Сонымен қатар Үкімет басшысы СҚО-да «Севказэнерго» АҚ-ның 2-ші ЖЭО-сындағы №9 қазандыққа жөндеу жүргізіліп жатқанын, ал Түркістан облысында Кентау ЖЭО-сының 4 қазандығын күрделі жөндеу жоспарланғанын, алайда бұл ретте ЖСҚ әлі де мемлекеттік сараптамадан өту сатысында екенін атап өтті. Өз кезегінде Айдарбек Сапаров пен Дархан Сатыбалды көтерілген мәселелер бойынша түсініктеме берді.

Отырыс барысында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек пен Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов сөз сөйледі.

Қорытындылай келе, Премьер-Министр жылу беру маусымына дайындық мәселелері үлкен әлеуметтік маңызға ие екенін атап өтті, сондықтан қазірден бастап ірі апаттардың алдын алып, жылыту маусымының тұрақты өтуі үшін қажетті шараларды қабылдау қажет.

«Атап айтқанда, ЖЭО және желілер иелерімен тікелей, тығыз жұмыс жасау маңызды. Мемлекет тарапынан станциялардың өтінімдеріне сәйкес тарифтер бекітілді. Бұл қаржыландыруды тартуға және жаңғырту жұмыстарын бастауға мүмкіндік береді», — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ Үкімет басшысы энергетика саласын бақылауды күшейтудің және тиісті өңірлік штабтар жұмысының маңызын атап өтті.

Кеңес соңында Үкімет басшысы бірінші вице-премьер Роман Склярға және энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевке кестеге сәйкес жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын жеке бақылау үшін республиканың энергетикалық нысандарын тексеруді тапсырды.

«Роман Васильевич, бүгінде сіз кесте бойынша Павлодар облысының энергетикалық нысандарын, оның ішінде Екібастұз ЖЭО-сын тексеруіңіз керек. Кеңес аяқталғаннан кейін тез арада жолға шығуыңызды сұраймын. Келесі аптада Алмасадам Майданұлы Риддер және Кентау ЖЭО-ларына барады», — деп түйіндеді Премьер-Министр.

Тегтер: жылу маусымыҮкімет басшысы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.