• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:17
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Іргеміз берік, еліміз аман болу үшін бірлігіміз бекем болу керек

turan_admin turan_admin
11.05.2020, 23:38
Облыс жаңалықтары
Іргеміз берік, еліміз аман болу үшін бірлігіміз бекем болу керек
158
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның қорытынды отырысында сөз сөйледі.

Соңғы уақыттағы атқарылған шаруалар мен қабылданған шешімдер туралы кеңінен сөз қозғады. Сондай-ақ, ең басты мәселе —  экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша іс-әрекеттер жоспарымен бөлісті.

Президент бұған дейінгі үндеуінде  төтенше жағдай режимі 11-мамырдан бастап жеңілдетілетінін айтқан болатын. Соған орай біршама кәсіпорындар мен мекемелер өз жұмыстарына кірісті. Дегенмен, сақтық шаралары мен санитарлық нормаларды сақтау маңыздылығы төмендеген жоқ. Бұл жолы да Президент әр адам өз денсаулығына аса жауапкершілікпен қарау керектігін баса айтты.

Пандемия салдарынан әлем экономикасы айтарлықтай деңгейде құлдырағаны мәлім. Алда үлкен дағдарыс боларын да әлем сарапшылары айтып жатыр. Десе де, мемлекет басшысы өз сөзінде еліміздің қаржы резерві жеткілікті екенін және мемлекет қарызының көлемі мүмкіндікке орайлас екенін айтты. Қасым-Жомарт Кемелұлы сөйлеген сөзінде дағдарыс кезіндегі және одан кейінгі ел дамуының басымдықтарына тоқталды. Негізгі күш азаматтардың табысын арттырып, бизнесті қолдау мен дамытуға және білім, ғылым жүйесін жетілдіруге бағытталу керегін жеткізді.

Жуық арада шешілуі керек мәселелерге тоқталды. Яғни, экономиканы қалпына келтірудегі жасалатын шаралар, ауылшаруашылығын қолдау мен қаржыландыру, жұмыспен қамту мәселесі, тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, салық төлеудің жаңа тәртібі сынды мәселелер айтылды.

Ел Президенті Азаматтарды қолдау мен бизнесті дамытуға арналған шараларды жүзеге асыру үшін экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар әзірленіп жатқанын айтты. Жүйелі жоспар арқылы дағдарыстың күрделі кезеңінен өтіп, еліміздің экономикасы дамиды деп сенемін.

COVID-19 пандемиясы әлем халқы үшін үлкен сабақ болды. Қай саланы әлі де дамыту керегін нақты көріп, байқап отырмыз. Президент өз сөзінде білім жүйесінде қашықтан оқыту бойынша әлі де жұмысты жетілдіру керегін айтты. Осы тұста М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жағдайға тез бейімделіп, нақты жұмыстар жүргізіп, студенттерді қашықтан оқытуға дер кезінде көшкенімізді айта кеткім келеді. Бірнеше рет түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік желілерде тікелей эфирге шығып студенттердің сұрақтарына жауап беру арқылы арадағы түсініспеушіліктерді жоя білдік. Бүгінде студенттеріміз жазғы сессия емтихандарын сәтті тапсырып жатыр.

Қасым-Жомарт Кемелұлы бүгінгі үндеуінде 1-мамыр күні орын алған тасқын жайлы да сөз қозғады. Өзбекстан Республикасындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысында су тасқыны болды. Осындай апат жағдайында ел ішінен жаны жомарт жандар табылғаны баршамызды ерекше қуантты. Қиындыққа душар болған халықты қолдап, қайғысын жеңілдетіп, барымен бөлісіп, қаражатпен көмектескен азаматтар жайлы естіп жатырмыз. Бұл, әрине үлкен адамдықтың белгісі.

Осындай әлем үшін, еліміз үшін қиын кезеңде әр азамат өз мүмкіндігінше қолдау білдіруі, елінің патриоты болуы аса маңызды. Іргеміз берік, еліміз аман болу үшін бірлігіміз бекем болу керек.

Махметғали Сарыбеков

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ ректоры,

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, п.ғ.д., профессор

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.