• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:14
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өңірде жылына 25 мың тонна натрий цианидін өндіретін кәсіпорынның іргетасы қаланды

26 қараша, сәрсенбі күні Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев натрий цианидін өндіретін зауыттың құрылысын салтанатты түрде бастау рәсіміне қатысты.

Turan Redaktor Turan Redaktor
26.11.2025, 18:15
Облыс жаңалықтары
Өңірде жылына 25 мың тонна натрий цианидін өндіретін кәсіпорынның іргетасы қаланды
58
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бұл жоба Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған стратегиялық міндеттер аясында жүзеге асырылып отыр.

Ербол Қарашөкеев өз сөзінде Жамбыл облысы химия өнеркәсібінің орталығы саналатынын атап өтті. Бүгінде Қазақстан бойынша фосфор, аммофос және натрий цианидінің 100 пайызы өңірдің химиялық кәсіпорындарында өндіріледі.

– Ел Президенті мемлекетіміздің болашағы мен әлемдік аренадағы орны ең алдымен инвестицияға байланысты екенін үнемі атап өтеді.

Жаңа өндірістерді іске қосу, инновациялық технологияларды енгізу және ғылыми негізделген өнім шығару – Жамбыл облысының алдағы жылдардағы басым бағыты болып қала береді.

Натрий цианидін өндіру жобасы өңірдің экономикалық қуатын арттырып, еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін күшейтеді.

Маңызды бастаманы табысты іске асыратынымызға сенімдімін, – деді аймақ басшысы.

Жаңа кәсіпорын Шу ауданындағы «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы аумағында бой көтермек. Ірі инвестициялық жобаны «Altynalmas Reagents» ЖШС жүзеге асырып жатыр. Жобаның жалпы құны – 68 млрд теңге, жылдық қуаттылығы – 25 мың тонна.

Зауыттың іске қосылуы алтын өндіру өнеркәсібінің стратегиялық қауіпсіздігін арттырып, ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге және импортты алмастыруға мүмкіндік береді.

Өнімдер Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Моңғолия мемлекеттеріне экспортталады.

Өндіріс 2027 жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

– Жобаны іске асыру нәтижесінде шамамен 250 тұрақты жұмыс орны ашылады, оның 96 пайызы – Қазақстан Республикасының азаматтары. Жұмысқа тәжірибелі жергілікті мамандарды, сондай-ақ техникалық университеттердің түлектерін тартуды жоспарлап отырмыз. Бұл – заманауи химиялық өндіріс болғандықтан қызметкерлерді үнемі оқыту мен олардың кәсіби біліктілігін арттыруға ерекше мән береміз, – деді «Altynalmas Reagents» ЖШС бас директоры Уәлихан Атагелдиев.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың қаңтар-қазан айларында өңір экономикасына 553,6 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,3 пайызға артқан. Нәтижесінде Жамбыл облысы инвестициялық ахуал бойынша республикада үздік үштіктің қатарына енді.

Жыл басынан бері 21 млрд теңгені құрайтын 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 282 жаңа жұмыс орны ашылды.

Жалпы облыстың инвестициялық қоржынында 2028 жылға дейін іске асырылуы жоспарланған, 6,4 мыңнан астам жұмыс орнын құруды көздейтін 62 жоба бар. Олардың жалпы құны 3,5 трлн теңгені құрайды. Аталған жобалардың ішінде 12-сі шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылуда.

Жамбыл облысы әкімдігі

Тегтер: Жамбыл облысызауытнатрий цианид
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.