• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 12:43
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Халықты елдікке үндеп, бірлікке шақыруымыз қажет – Б. Сапарбаев

turan_admin turan_admin
01.03.2022, 18:20
Азаматтық қоғам институттары, Облыс жаңалықтары
Халықты елдікке үндеп, бірлікке шақыруымыз қажет – Б. Сапарбаев
306
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезі өтті.

Облыс әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаев бастаған жамбылдық делегаттар шараға онлай режимде қатысты.

Съез барысында «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгерту туралы шешім қабылданып, партияның саяси кеңесінің құрамы өзгерді.

Мемлекет басшысы партия жұмысын жаңғырту бойынша біқатар басым міндеттерді айқындап берді.  Сондай-ақ, орталыққа тәуелділікті жою және партия аппаратының тиімділігін арттыру, Мәжіліс пен мәслихаттардағы фракциялардың қызметін жандандыру, депутаттық фракциялар диалог алаңдарын ұйымдастыру арқылы нақты нәтижеге қол жеткізуі, ашықтықты арттыру және тағы да басқа маңызды бағыттар бойынша партияның негізгі бағыттарына тоқталып, нақты тапсырмалар жүктеді.

Жиыннан соң жамбылдық делегатттар съезде көтерілген мәселелерді саралады.

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев жұмыла жұмыс жасаудың маңыздылығын атап өтті.

— Мемлекетт басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, біз әрқайсымыз атқарылып жатқан жұмыстарды, мемлекеттің саясатын, оң өзгерістерді қолдап, басқаларға жеткізуге, көпшілікке насихаттауға атсалысуымыз керек. Бұл істен партия белсенділері,  мәслихат депутаттары да сырт қалмауы тиіс.

Атақырылып жатқан жұмыстар аз емес. Бәрін жоққа шығаруға болмайды.

Біз ел азаматтары бір-бірімізді қолдап, қорғауымыз керек. Әлеуметтік желіде әрнерсені жаза бермей, елдікке үндеп, бірлікке шақыруымыз қажет.  Барды бар деп айтатын кезде көбіміз бұғып қалып жатамыз. Азаматтығымызды, патриоттығымызды, отансүйгіштігімізді көрсетпейміз.

Біздің бір ғана Отанымыз бар. Осы елімізді, өңірімізді дамыту жолында өз үлесімізді қосу үшін, әрбіріміздің аянбай еңбек етуіміз маңызды.

Ата-бабаларымыздан келе жатқан құндылықтарымызды, игі дәстүрімізді үзбей, жалғастырып, келешек ұрпақ алдындағы борышымызды да ұмытпайық. Қазіргі жастарға заманауи, жан-жақты білім, тәрбие беріп, олардың сапалы қалыптасуына барлық жағдайды жасауға тиіспіз.

Бұл ата-бабаларымыздың бізге жүктеген мерейлі міндеті, асқақ аманаты,-дей келе облыс әкімі партия филиалының жұмысын нығайту,  партиялықтардың қатарын арттыру, мүшелікке беделді  азаматтарды тарту, қоғамдық қабылдауларды нәтижелі ұйымдастыру бойынша жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеп, баршаны бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Өз кезегінде басқа да делегаттар ҚР Президенті жүктеп отырған міндеттер партия жұмысына серпін беретінін айтты.

— Партияның атауы өзгертіліп, бүгін Аманат партиясы болып аталды. Бұл атаудың өзі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан соған сай болу үшін  барлық партия мүшелері аянбай жұмыс істеуі керек деп ойлаймын.

Халықтың арасында көбірек болып, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу қажет. Ол үшін экономикаға барынша көңіл бөліп, жаңа жұмыс орындарын құру керек,-деді  Қазақстанның Еңбек Ері, облыстық мәслихат депутаты Мұқаш Ескендіров.

— Бүгінгі кезектен тыс сьезде көп мәселе айтылды. Біріншіден бастауыш партия ұйымдарының беделін нығайту, одан бөлек фракциямыздың белсенділігін арттыру – басты талап болып отыр,-дейді партия Жуалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Нарымбетов.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.