• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
11.10.2026, 01:18
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Халық бізден нақты нәтиже күтеді – Б. Сапарбаев

turan_admin turan_admin
04.03.2022, 14:15
Облыс жаңалықтары
Халық бізден нақты нәтиже күтеді – Б. Сапарбаев
271
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

«Amanat» партиясы Жамбыл облыстық филиалы активінің отырысы өтті. Оған партия ардагерлері, облыстық Саяси кеңес мүшелері, облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш ұйым жетекшілері және жастар өкілдері қатысты.

Басқосуды облыс әкімі, филиал төрағасы Бердібек Сапарбаев ашып, жүргізіп отырды.

Аймақ басшысы Партияның кезектен тыс ХХII Съезінде партия жұмысын түбегейлі модернизациялау бағыттары ұсынылғанын, біздің өңірден берілген ұсыныстардың басым бөлігі қолдау тапқанын атап өтті. Сондай-ақ, партияның атауы «Amanat» болып өзгертілгенін, аталған съезде қабылданған шешімдер, партияның  ребредингі – саяси реформаларға ұйытқы бола  алатын, халықтың сұранысына жауап беретін, саяси бағыт-бағдары айқын күшке айналудың бастамасы екендігін жеткізді.

Бұдан бөлек, партия қызметін жаңғыртудағы 7 басым бағыт пен Мемлекет басшысы жүктеген 5 негізгі міндеттің маңыздылығы айтылды.

Партия филиалының атқарушы хатшысы Дауыл Бейсенқұлов баяндама жасап,  7 басым бағыттан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру бойынша жұмыстарға жан-жақты тоқталды.

— Халықпен кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру — заман талабы.  Партия филиалдары тарапынан аймақтық, аумақтық қоғамдық кеңестердің құрамдары толық саралануда.

Құрамдарына депутаттардан бөлек қоғамдық пікір көшбасшыларын тарта отырып, жаңартатын боламыз.

Бүгінде өңірлік деңгейде 108 қоғамдық кеңестер жұмыс атқарып келеді.

Өткен жылы кеңестердің 482 отырысы өтіп, онда  Жол карталарының орындалу барысы, қоғамдағы өзекті резонансты 594 мәселе қаралды.

Жергілікті атқарушы органдарға 2 мыңға жуық тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

Осы орайда, кеңестердің атауы мен қаралатын мәселелердің қайталанатыны ескеріле отырып, олардың саны аймақтық деңгейде 12-ден 8-ге, аумақтық деңгейде 9-дан 5-ке дейін  оңтайланатын болады, -деді Д.Бейсенқұлов.

Баяндамашы басқа да бағыттар бойынша жоспарлы жұмыстар мен бұған дейін атқарылған шараларға, берілген тапсырмалардың орындалу барысына да жан-жақты тоқталды.

Келесі кезекте сөз алған облыстық мәслихаттың хатшысы Махметғали Сарыбеков мәслихаттардағы фракциялардың жұмысын күшейту,  сайлаушылардың депутаттарға деген сенімін нығайту керектігін атап өтті.

— Бүгінгі мәслихат депутаттарының құзыреттілігіне, кәсіби даярлығына, білімі мен біліктілігіне жаңа талаптар қойылуда. Депутаттық мандаттың артында үлкен міндет тұр.

Парламентте және маслихаттарда бірнеше күшті саяси партиялар болғанда бәсекелестік күшейеді. Бәсекелестіктің басында фракциялар тұр. Сондықтан партияның депутаттық фракциясының жұмысын басқаша форматта ұйымдастыру қажет. Бүгінде фракцияның жұмысына кешенділік пен жүйелілік жетіспейді,-деді М. Сарыбеков.

Басқосу барысында Жамбыл аудандық филиалы «Қаратөбе» бастауыш партия ұйымының төрайымы Мөлдір Жаңабекқызы, «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Уалихан Болатбек баяндама жасады.

Облыс әкімі партия жұмысын нәтижелілікке бағыттап, қоғамдық қабылдау, бастауыш партия ұйымдары мен «Jas Otan» жастар қанатының қызметін жетілдіру қажеттігін жеткізді.

— Мемлекет басшысы партияның алдына ауқымды міндеттер жүктеп отыр. Партия жұмысы да заманға сай өзгеріп, жаңғыруы тиіс. Халық бізден нақты нәтиже күтеді.

Ашықтық, бақылау – біздің негізгі ұстанымымыз болу керек. Барлық шараларды ашық түрде жүргізіп, жұмысымызды көрсете білу маңызды. Жол карталарының орындалуын, мәселелердің шешілуін тұрақты бақылауда ұстау қажет. Қазір тұрғындардың басым бөлігі әлеуметтік желіде отырады десек, бізге де заман талабына қарай бейімделіп, белсенділікті арттыру керек.

Кадр дайындау, қоғамдық қабылдауға барынша көңіл бөлген дұрыс. Қоғамдық қабылдау тек есеп үшін емес, нәтижелі ұйымдастырылуы тиіс. Кабинеттен шығып, тұрғындардың ортасына барып, мәселені көзбен көріп, өтініштерге дер кезінде жауап беру қажет.

Соңғы кездегі оқиғалар жастармен жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмағанын көрсетті. Бұл орайда «Jas Otan» жастар қанатына артылатын жауапкершіліктің жүгі ауыр. Әрбір жастың әлеуметтік картасын жасап, жұмыссыз жастарды анықтап, жеңілдетілген несие, грант беру жұмыстарын ұйымдастыру керек. «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасының орындалуы тұрақты, қатаң бақылауда болуы тиіс. Тек индикаторлық көрсеткіштермен шектелмей, жан-жақты талдау жүргізіңіздер ,-деп түйіндеді Б. Сапарбаев.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Байзақ ауданында ауқымды экологиялық тазарту жұмыстары өтті

Байзақ ауданында ауқымды экологиялық тазарту жұмыстары өтті

09.10.2026, 17:26
Тараздық кәсіпорын қағаз қалдықтарын кәдеге жаратып, экологиялық мәдениетті қалыптастырып отыр

Тараздық кәсіпорын қағаз қалдықтарын кәдеге жаратып, экологиялық мәдениетті қалыптастырып отыр

08.10.2026, 17:38
Тараздағы отандық зауыт «жасыл экономика» талаптарын қалай жүзеге асыруда?

Тараздағы отандық зауыт «жасыл экономика» талаптарын қалай жүзеге асыруда?

08.10.2026, 15:38
Жамбыл өңірі жасыл энергетика бағытында қалай дамып келеді?

Жамбыл өңірі жасыл энергетика бағытында қалай дамып келеді?

08.10.2026, 12:58
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында кітапхана жұмысына жасанды интеллект енгізілуде

11.10.2026, 00:11

Жамбыл облысында соңғы 7 жылда 45 мәдени нысан салынды

10.10.2026, 23:50

Құтқарушылар экологиялық акция аясында сенбілік ұйымдастырды

09.10.2026, 19:43

Байзақ ауданында ауқымды экологиялық тазарту жұмыстары өтті

09.10.2026, 17:26

Азамат үні — ел дамуының негізі

09.10.2026, 14:00

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.