• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:08
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Халқына жақын болған Жақсылықов

turan_admin turan_admin
06.03.2021, 22:02
Облыс жаңалықтары, Сараптама
Халқына жақын болған Жақсылықов
1.9k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Өткен жылдың маусым айында Сарысу ауданы әкімі болып тағайындалған Бақытжан Жақсылықов бір жылға жетпей жауапты қызметтен түсті. Аудан әкімі қызметіне келгеннен бастап өңірдің тыныс-тіршілігімен танысуы, халықпен етене жақын болғаны әлеуметтік желілердегі парақшаларда жарияланып жүр.

«Халық айтса, қалып айтпайды». Елдегі ахуал ушығып тұрғанда, карантиндік уақытта тағайындалған әкім жұмысына белсене кірісіп, ауданның тыныс-тіршілігін, дамуын бақылауына алды.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ астатын Мемлекет» Тұжырымдамасына сай Бақытжан Жақсылықов әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, тағайындалғаннан кейін араға ай салып тікелей эфирге шыға бастады.

Аудан әкімдігінің ресми парақшасында жарияланған ақпараттарға қарағанда,  Бақытжан Жақсылықов аудандағы әр бағыт бойынша, әр сала бойынша жауапты тұлғалармен тікелей эфирге шығып, тұрғындардың өтініш-тілектерін, ұсыныстарын тыңдап, тікелей эфирге жиі шыққан.
Білім және ғылым, әлеуметтік сала, денсаулық сақтау саласы және аудандағы маңызды егін шаруашылығы бойынша тікелей эфир ұйымдастырылуы, шаруа қожалықтары басшыларымен кездесуі, ондағы мәселелердін дер кезінде заң аясында шешілуі ауданның,  облыстың әлеуметтік-экономикалық ахуалының өсуіне септігін тигізетіні рас.

Халықтың өтініш-тілектері бойынша, арыз-шағымы негізінде жолдың жөнделуі, көшелерге жарықшамдар  қойылуы, халықпен кері байланыс негізінде аудандағы әлеуметтік және түйіткілді мәселелердің заң аясында шешілуі  аудан тұрғындарының тұрмысының одан әрі жақсаруына өз септігін тигізді.

Әлеуметтік желі белсенділері — Лайла Шукеева: «Бақытжан Алпысұлы, алдағы уақыттарда ісіңізге сәттілік тілеймін. Аз уақытта өзіңізді іскер азамат ретінде  көрсете білдіңіз. Сәттілік жолдас болсын!»,-десе, Рабига Турапбай: «Әлі алатын асуы көп Бақытжанның, сенемін»,-деп ойын жеткізген. Жанар Елкондина: «Өкінішті … Дұрыс болмады»,-десе, Жандос Бапанов: «Бақытжан Алпысұлының әлі талай биіктерден көрінетіндігіне сенімдімін»,-деп, Марат Сармолдаев: «Мен Бақытжанды жақсы білемін. Іскер, қабілеті  азамат, қателік болған…»,- деп пікір қалдырып, өз ойларын білдірген.

Ал әлеуметтік желінің белсенді қолданушыларының бірі Асан Тилемисов: «Жақсылар жақсымын деп айта алмайды, жамандар жақсымын деп айқайлайды»-деген…
Жамандардың жақсымын деп айқайлайтын заманы болды-ау!
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»-деген..
Мемлекеттік қызметте өзінің туған жері Сарысу ауданында шыңдалған Бақытжан Алпысұлы аудан әкімі болғанға дейін осы ауданның өзінде Жаңатас қаласының әкімі, аппарат басшысы, аудан әкімінің орынбасары, лауазымдарында болып, ел ықыласына бөленген. Игі істердің ұйытқысы болған.
Ауданның жақсысына қуанып, жаманы болса қамығып, шын жанашырлықпен еңбек еткен азамат.
Тасада тұрып тас ату оңай..
Бірақ сол тастың айналып келіп, өзіне тиерін сезер ма екен тас лақтыратын ағайындар!
«Өзіңдікі өзекке тепсеңде кетпейді-деген…
Бақытжан Алпысұлының әлі сыртта жүрсе де, аудан үшін, туған жері үшін қамқорлық танытып, талай жұмыстарды атқаратындығына сенім мол!
Алдағы жұмыстарына әрқашан сәттілік болсын!»,-деп өзінің пікірін жеткізген.

Ал Жамбыл облысы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында:
«Кейбір БАҚ мен әлеуметтік желілерде Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықовтың қызметінен босатылуы Жаңатастағы қайғылы жағдаймен байланыстырылып отыр. Өрт салдарынан шаһарда 5 бала көз жұмған болатын. Бұл екі оқиға бір-бірімен мүлде байланыспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Бақытжан Жақсылықовты қызметтен босату туралы шешім өзінің берген өтініші негізінде қабылданғанын хабарлаймыз»,- делінген.

Ұяты бар басшылар өз еріктерімен өз лауазымдық орындарын босатса, Жаңатас қаласы әкімі қалайша әлі де қызметінде отыр? Әлде, «байланысы» жақсы ма екен? Бұл халық наразылығын тудырмайды ма? Өңірде «кадр тапшылығын» ескерер болсақ, Сарысулықтардың салы суға кетпесін дейміз.

Тегтер: Бақытжан Жақсылықовжаңатас қаласыСарысу ауданы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.