• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 07:01
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Есірткі елге зиян!

Қазiргi таңда біздің қоғамымыз үшін қайғы – қасіреті мол дерттердің бірі ретінде нашақорлықты атап өтуге болады.

turan_admin turan_admin
11.01.2024, 17:05
Абырой
Есірткі елге зиян!
86
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ал нашақорлық бар жерде есірткі бизнесінің қатарласа жүретіні белгілі. Нашақорлық қоғамымыздың тұрақтылығы мен мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігіне де қатер төндіреді.

Қазақстанға бір қауіп төніп тұрғанын құзырлы органдардың мәліметтерінен байқауға бо­лады. Бір мезгілде бірден бірнеше қалаларда тонналап, қаптаған қапшыққа толтырылған есірткі қо­ры тәркіленеді. Оның бәрі ел ішінде сатылғанда, қаншама қазақстандықтың тү­­біне жетуі ық­ти­­мал еді. Шынында есірткі саудасы есіріп барады , кейінгі кезде осы салада жария бол­ған жаңалықтар қорқынышты жағынан бірі­нен-бірі өтеді. «Психоактивті заттар арасында жаңа түр ретінде «синтетикалық есірткілерді» тұтыну санының күрт өсу үрдісі белең алды. Бес жыл ішінде балалар мен ересектер ара­сын­дағы соны тұтынатындар контингенті 14 есе өсті.Ресми деректерге сенсек, еліміздегі нашақорлардың 60 пайыздан астамы 18-19 жас аралығындағы жастар екен.Өйткені, есірткінің есігі кірушілер үшін айқара ашық болғанымен, шығуға ұмтылғандарға мүлдем жабық деуге болады. Мысалы, Қазақстанда жастар арасында амфетаминдер (экстази, «ско­рость», метадон), ЛСД, ең сорақысы Мефедрон (меф) және өзге синтети­калық есірткілер танымал болды, оған олар «зияны шамалы» деп жеңіл қарайды. Шынында, наркологтардың түсіндіруінше, есірткіге, соның ішінде синтетикалық есірткіге басы байланған нашақорлардың бойын үнемі үрей буады, алапат депрессия қыспаққа алады, психозға ұшырайды. Есірткінің бұл түрі ыдырамай, адам ағзасынан сыртқа шығарылмай, химиялық элемент ретінде ұзақ сақталады. Мүлдем метаболизмнен өтпейтін есірткі түрлері пайда болуда. «Синтетиктің» жастардың бас миында, жұлын миында, иммундік және репродук­тивті жүйелерінің жасушаларында жи­нақ­талуы мамандарды қатты алаңдатады.– Осылай иммундік жүйесін күйреткен нашақорларда түрлі инфекция өршиді, денесіне түскен жарақат ұзақ жазылмайды. Бас миының жұмысы бұзылып, ерте алжасу дамиды, назарын белгілі бір нысанға ұзақ шоғырландыра алмайды. Бар ойы – қаржы тауып, есірткі сатып алу ғана болады, бұл жолда ол ештеңеден тайынбайды. Салдарынан неше түрлі қылмыстар көбейюде. Қалай болғанда, мемлекеттің осы проб­лемаға баса назар аударғаны ел үшін өмірлік маңызды. Себебі қазіргі заманда әлдебір елді күйрету, болашағына балта шабу үшін шапқыншылық жасаудың қажеті болмай қалды. Жас ұрпағын шетінен арзан есірткіге отырғызса, ұлт өзі-ақ азғындалып бітпек. Сыртқы зәлім күштердің қаскөй пиғылы жүзеге аспауы, Ұлы даламыз бос қалмауы үшін мемлекет пен қоғам болып, әрбір жас­ты «жалғызым» деп танып, оның әр­қайсы­сын нашақорлықтан аман сақтап қалу – елдің ендігі стратегиялық басты бір міндеті.

Сондықтан да, дендеп бара жатқан есірткі дертіне бүкіл қоғам болып бірлесе күресуіміз қажет!

 

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық

істер жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық соты әкімшісінің бас маман-

сот отырысының хатшысы                                                       Қ.Мутан

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Азаматтық хал актілерін тіркеу

Азаматтық хал актілерін тіркеу

28.08.2026, 17:18
Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

07.08.2026, 18:43
Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.