• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
11.11.2026, 22:54
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ердос Акимов: “Спорт деген – тәрбие”

Жасөспірімдер спорт мектебі – балалар мен жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттырып, олардың физикалық дамуын, тәртібін және бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруға бағытталған арнайы мекеме. Мұндай мектептерде спорттың әртүрлі түрлері бойынша жаттығу топтары жұмыс істейді, соның ішінде футбол, күрес, бокс, жеңіл атлетика, дзюдо, жүзу және басқа да бағыттар қамтылады. Өңірімізде аталған бағыттар бойынша болашақ чемпиондарды тәрбиелеп жатқан мекемелер баршылық. Соның бірі - Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты №5 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі. Жуырда аталған нысанның директоры Ердос Акимовпен сұхбаттасып, мекеменің тыныс-тіршілігімен танысудың сәті түсті.

turan_admin turan_admin
18.06.2025, 10:47
Облыс жаңалықтары
Ердос Акимов: “Спорт деген – тәрбие”
145
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

— Ердос мырза, Салада жүргеніңізге қанша уақыт болды? Неден бастадыңыз? Бұл қызметке қай уақыттан бастап кірістіңіз?

– Спорт саласындағы еңбек жолым 2008 жылы басталды. Алғашқы қызметімді №7 Күрес мектебінде грек-рим күресінен жаттықтырушы ретінде атқардым. Сол жылы қараша айында мектеп-интернатқа жұмысқа орналасып, онда әдіскер, спорт меңгерушісі және ғимарат меңгерушісі сынды бірқатар лауазымда еңбек еттім. 2012 жылдың наурыз айынан бастап 2021 жылға дейін мектеп-интернат директорының орынбасары қызметін атқардым. Кейін, 2021 жылы облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне ауысу тәртібімен басшының орынбасары қызметіне ауыстым. Ал 2024 жылдың 14 наурызынан бастап осы мекемеге басшы болып тағайындалдым.

– Мектепке басшылық қызметке келгенде алдыңызда қандай мақсаттар болды?

–⁠Басшылық қызметке тағайындалған сәттен бастап алға қойған басты мақсаттарымның бірі – мекемеміздің спортшыларын жас ерекшеліктеріне сай дайындап, оларды ел біріншіліктері мен халықаралық деңгейдегі Азия және Әлем чемпионаттарына шығару болды.

– Жалпы мектептің бүгінгі ахуалы қандай? Материалдың-техникалық базасына спортшылардың көңілі тола ма?

⁠–⁠ Бүгінгі таңда мектептің жағдайы өте жақсы. Басқарма басшысы Ернар Таласбекұлының тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы бірқатар міндеттер жүктелді. Соның ішінде мекеменің материалдық-техникалық базасын жаңарту бағытындағы тапсырмалар да бар. 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап, облыста жасөспірім футболшыларға арналған жабық зал болмағандықтан, бөлінген бюджеттен қысқартылған қаражат есебінен 29 миллион теңгеге үрлемелі купол салынды. Қыс мезгілінде балалар сол жерде жаттығу жасап, ойнау мүмкіндігіне ие болды. Жылыту жүйесімен қамтылған бұл зал өте ыңғайлы болды. Алдағы уақытта да қыс айларында жаттығулар үзілмей жалғасуына үлкен мүмкіндік береді. Мұның бәрі – мемлекет тарапынан спорт саласына көрсетіліп жатқан қолдаудың нақты көрінісі деп білемін.

– Саладағы негізгі күрмеулі мәселелер деп нені айтар едіңіз?

  –Бізде шешімін таппай жатқан күрделі мәселе жоқ. Мемлекет тарапынан қаржы бөлініп, спортқа қажетті деңгейде көңіл бөлінуде. Біздің жаттықтырушылардан күтеріміз – балаларды үлкен жетістіктерге жетелеп, спорттық биікке жеткізу. Себебі бұл – спорт мектебінің басты мақсаты. Бірақ, тек спортпен шектелмей, жас өрендерді тәрбиелеу, қоғамда өз орнын таба білетін, сабырлы, мәдениетті тұлға қалыптастыру да басты міндетіміз. Спорт деген – тәрбие. Әрине, он баланың бәрі бірдей чемпион бола алмайды. Бірақ соның ішінен екі-үшеуі биікке шықса, қалғандары елге адал қызмет ететін, отбасын қорғай алатын, саналы азамат болып өседі деген сенімдеміз. Себебі спорт – денсаулықтың ғана емес, тәрбие мен рухани кемелдіктің де кепілі. Сондықтан біз балаларға жан-жақты тәрбие беруге күш салып жатырмыз.

– Жалпы спортшылардың жетістіктерін атап өтсеңіз…

– Жетістіктерге тоқталсақ, 2023 жылдан бері Әлем чемпионатынан 47 медальға қол жеткіздік. Оның ішінде 26 – алтын, 8 – күміс, 13 – қола. Азия чемпионатында 5 медаль иелендік, барлығы да – алтын. Азия кубогында 13 медаль бар: 4 – алтын, 7 – күміс, 2 – қола. Ел біріншілігінде 23 – алтын, 15 – күміс, 21 – қола медаль еншіледік. 2024 жылы Әлем чемпионатынан 5 медаль алынды: 3 – алтын, 1 – күміс, 1 – қола. Азия чемпионатында 3 – алтын, 2 – күміс медаль алдық. ҚР чемпионатында барлығы 42 медаль: 16 – алтын, 17 – күміс, 9 – қола. 2025 жылы еліміздің чемпионатында 8 медаль бар: 4 – алтын, 1 – күміс, 3 – қола. Спорттық атақтар бойынша 2023 жылы 7 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 11 ҚР спорт шебері, 60 үміткер даярланды. 2024 жылы 1 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 6 ҚР спорт шебері, 68 кандидат және 33 бірінші разряд спортшысы шықты. 2025 жылы 75 үміткер тіркелді.№5 спорт мектебінің мақтаныштары – Түркияның «Бешикташ» футбол клубының ойыншысы Бахтиёр Зайнутдинов, «Ақтөбе» футбол командасының ойыншысы Бауыржан Исламхан, Сейдахмет Еркебұлан. Жыл сайын «Тараз» жасөспірімдер командасына 15-16 ойыншы беріліп отырады. Бұл жетістікке Жамбыл облысы бойынша «Ұлан» стадионының тәрбиеленушілері мен жаттықтырушылары зор үлес қосып келеді. Қазіргі таңда 2008, 2009, 2010 жылы туған жеткіншектер айтарлықтай нәтиже көрсетуде.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбат Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты №5 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен Turaninfo.kz ақпарат агенттігі арасындағы өзара келісімшарт негізінде жарияланды. 

 

Тегтер: Жамбыл облысыСпорт мектебі
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

11.11.2026, 15:22
«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

11.11.2026, 14:15
Жамбыл ауданында 40 миллиард теңгенің екі ірі энергетикалық жобасы іске асырылуда

Жамбыл ауданында 40 миллиард теңгенің екі ірі энергетикалық жобасы іске асырылуда

11.11.2026, 13:52
Мойынқұм ауданында экологиялық ағарту және тазалық жұмыстары белсенді жүргізілуде

Мойынқұм ауданында экологиялық ағарту және тазалық жұмыстары белсенді жүргізілуде

11.11.2026, 12:46
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауыл инфрақұрылымы, кәсіпкерлік және цифрлық даму: «Әділет» кандидаттары Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесті

11.11.2026, 19:44

Адам құқығына назар аудару неден басталады

11.11.2026, 16:33

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

11.11.2026, 15:22

«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

11.11.2026, 14:15

Жамбыл ауданында 40 миллиард теңгенің екі ірі энергетикалық жобасы іске асырылуда

11.11.2026, 13:52

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.