• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 08:34
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ербол Қарашөкеев жамбылдықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Тараз қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Рәміздер рухы – Конституция күші» атты салтанатты жиын өтті.

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
04.06.2026, 17:34
Облыс жаңалықтары
Ербол Қарашөкеев жамбылдықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады
20
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
Мерекелік шара Мемлекеттік Әнұранның асқақ үнмен шырқалуымен басталып, жиналған көпшілік көк байрағымыздың көкте қалықтаған көрінісін тамашалады, — деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 
Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Ербол Қарашөкеев өңір халқын мәні мен маңызы ерекше мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздердің ел өміріндегі орнына тоқталды.
– Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіз Қазақстанның айбыны мен абыройын айшықтайтын, халқымыздың бірлігі мен елдігіміздің тұғырын танытатын қасиетті құндылықтар. Көк Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – мемлекетіміздің егемендігін, ұлттық болмысын және жарқын болашаққа деген ұмтылысын әлемге паш ететін басты нышандар.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздердің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы және отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеудегі айрықша рөлін үнемі атап келеді. Шын мәнінде, рәміздеріміз – халқымызды ортақ мақсатқа жұмылдырып, елдік сананы қалыптастыратын қуатты рухани күш.
Бүгінде қасиетті Көк Туымыз әлемнің түкпір-түкпірінде желбіреп, Қазақстанның бейбітшілік пен тұрақтылықты ту еткен мемлекет екенін айғақтауда. Елтаңбамыз – бірлігіміз бен ортақ шаңырағымыздың символы болса, Әнұранымыз әрбір азаматтың жүрегіне мақтаныш пен жігер ұялатады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! – деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету – әрбір азаматтың Отан алдындағы перзенттік парызы екенін атап өтті. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойына рәміздерді қастерлеу мәдениетін сіңіру, патриоттық рухты нығайту және конституциялық құндылықтарды дәріптеу – барша қоғамның ортақ міндеті екенін жеткізді.
Жиын барысында патриоттық тәрбие мен отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеуге елеулі үлес қосқан бірқатар азаматқа марапаттар табысталды.
Сонымен қатар халықаралық білім додалары мен спорттық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап, көк Туымызды биікте желбіретіп жүрген спортшылар мен мектеп оқушыларына құрмет көрсетілді.
Айта кетейік, Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар Жамбыл облысының барлық ауданында кең көлемде ұйымдастырылып, тұрғындардың белсенді қатысуымен өтті.
Тегтер: Конституция күшіҚАРАШӨКЕЕВРӘМІЗДЕР КҮНІ
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.