• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:41
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ербол Қарашөкеев Жамбылдағы белсенді жастармен жүздесті

Еркін формат, емен-жарқын атмосферада өткен басқосуда жастарға қатысты көптеген мәселелер талқыланып, бірқатар түйіткілдердің түйіні тарқады.

turan_admin turan_admin
21.10.2023, 01:03
Облыс жаңалықтары
Ербол Қарашөкеев Жамбылдағы белсенді жастармен жүздесті
129
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бұл туралы өңір басшысы өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жазды.

Бүгін облысымыздағы бірқатар белсенді жастармен кездестім.


Еркін форматта өткен кездесуде ашық әңгімелесіп, өзекті мәселелер мен олардың шешу жолдарын талқыладық.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға үлкен үміт артып отыр. Ел болашағы-жастардың қолында. Жастар саясатын дамыту жөніндегі жұмыстар әрдайым облыс басшылығының назарында болуы тиіс.


Әрі қарай әкім бәсекеге қабілетті, кәсіби жолда белгілі бір деңгейге жеткен жастарды өңірде тұрақтату үшін нақты шешімдер қабылдау керектігіне тоқталды.

Бүгінде еліміздің өңірлері арасында дарынды жастардың бәсекелесі қызу қарқын алуда.


Басты міндеттердің бірі — жас жамбылдықтардың өңірімізде тұрақтауы үшін нақты шаралар қабылдау. Қазіргі кезде облыста сапалы білім беру, салауатты өмір салтын ұстану, жұмысқа орналастыру және кәсібилікті дамыту үшін жан-жақты шаралар қолға алынуда. Бұл тұрғыда барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, тиімді әлеуметтік тәуекелдерді белгілеу қажет. Осы орайда алғашқы нақты қадамдар жасалуда.

Денсаулық сақтау, білім беру және спорт салаларындағы басшылардың облыстық кадрлық резерві құрылатын болады.


Алдағы уақытта біз жаңа жұмыс орындарын құруға жұмыла әрекет етіп, жан-жақты жұмыс істеуіміз керек,-деп атап өтті өңір басшысы.

Одан бөлек жиын барысында Ербол Қарашөкеев жастардың ынтасын ашу үшін кәсіпкерлерді тойхана сынды көңіл көтеру нысандарын салуды азайтып, өндірістік кәсіпорындар тұрғызуға шақырды.

Тойхана, кафе және басқа да осындай көңіл көтеру нысандарының орнына жамбылдық кәсіпкерлерді шағын және орта өндірістік кәсіпорындар ашуға шақырудамыз. Бұл жас мамандарды жұмысқа орналастыруға үлкен мүмкіндік береді.

Облыста жастардың саны 354 мыңнан асады десек, бұл облыс халқының 29,1 пайызын құрайды. Жастардың шамамен 60 пайызы ауылда тұрады. Ауылдық елді мекендерді дамытуға, дарынды жастарға жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді.


Қоғамның қозғаушы күші болып табылатын жастармен жиі кездесуге дайынмын. Жақын болашақта өңір халқының өмір сүру сапасы жастардың өмірлік ұстанымына байланысты болары сөзсіз. Сондықтан, олар ұсынған барлық пайдалы және маңызды жобаларды барынша қолдайтын боламыз,-деп түйіндеді аймақ басшысы.

Ербол Қарашөкеев жиын барысында өңірдегі ең белсенді жастармен пікір алмасуды да естен шығарған жоқ. Олардың көкейіндегі мәселелерге құлақ түріп, алдағы күні жастардың жайын күнтәртібінен түсірмейтінін жеткізді. Басқосудың соңында жастар облыс әкімімен естелік суретке түсті.

 

 

Тегтер: Ербол Қарашөкеевжамбыл жастарыжүздесу
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.