• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Ербол Қарашөкеев Шу ауданы тұрғындарының мәселелерін тыңдады

Мемлекет басшысының «Барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Шу ауданы тұрғындарымен кездесті.

25.07.2025
0
Ербол Қарашөкеев Шу ауданы тұрғындарының мәселелерін тыңдады
39
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жиынға бірқатар басқарма мен құқық қорғау органдарының басшылары да қатысты.

Облыс әкімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қысқаша тоқталып, алдағы мақсат-міндеттерді нақтылады. Ербол Қарашөкеев Шу ауданы – өңірдегі әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары аудандардың бірі екенін, бұл аудан инвестиция тартуға, өнеркәсіпті дамытуға қолайлы жағдайларымен ерекшеленетінін атап өтті.

Қазіргі таңда Шу ауданындағы «Jibek joly» арнайы экономикалық аймағында жұмыстар қарқын алды. Құны — 791,0 млрд. теңгені құрайтын 21 жоба бастау алды. Оның ішінде 4 кіші жоба іске қосылған, 5 жобаның құрылыстары жүргізілуде және 12 жоба бойынша жобалау жұмыстары әзірлену сатысында.

Сонымен қатар, ауылдық елді мекендерде экономикалық өсіміне оң серпін беріп отырған «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауданның 5 ауылдық округінде 5 бағытын іске асыруға 4,5 млрд.теңге қаржы бөлініп, 758 аула қамтылды.

Қайтарылған жерлер есебінен және босалқы жер қорынан 7 елді мекенге қосымша жалпы көлемі 26 000 гектарды құрайтын маусымдық жайылымдық жер телімдері қосылып берілді.

Жиында Ербол Қарашөкеев жауаптыларға мемлекеттік қолдаудың қарапайым шаруаларға, тұрғындарға жетуі қажеттігін баса айтты. Сонымен қатар аудан әкімдігіне кәсіпкерлік саласын дамыту, инвесторларға қолайлы жағдай жасау міндетін қойды.

— Жергілікті жерде ірі кәсіпорындардың құрылуы халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуына, аймақтың экономикалық дамуына серпіліс берері сөзсіз. Маңызды мәселе – инвесторлардың қызығушылығын арттыру, ауданның барлық мүмкіндіктерін көрсете отырып оларға заңға сәйкес қолдау көрсету қажет. Сондықтан халықты тұрақты жұмыспен қамтитын кәсіпорындардың құрылуын басты назарға алу маңызды, — деді облыс әкімі.

Жиында аудан әкімі мен орынбасарлары атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.


Сонымен қатар тұрғындар облыс басшысына өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарымен бөлісті.

Қазіргі таңда тұрғындар жиі көтеретін өзекті мәселелердің қатарында «Шу–Қайнар» автожолындағы аяқталмаған құрылыс жұмыстары, тұрмыстық қалдықтар мәселесі, жол мен жарықтың жайы, жайылымдық жер тапшылығы және әлеуметтік салаға қатысты түйткілдер бар.

-Шу ауданындағы әлі күнге дейін шешімін күткен мәселелермен мен таныспын, тұрғындар тарапынан әлеуметтік желіде жекеме көптеген өтініштер түседі, — деген аймақ басшысы жауаптыларға көтерілген мәселелер бойынша шешім қабылдап, жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

Жиын соңында облыс әкімі егін, мал шаруалығында жаңа әрі озық технологияларды енгізу жұмыстарын жандандыруды, «Ауыл аманаты» жобасының бесінші бағытына басымдық беріп, кәсіп ашу шараларын аудан тұрғындарына кеңінен насихаттауды, жас мамандарға, жастарға әлеуметтік қолдау көрсетуді, азық-түлік қауіпсіздігін және жанар-жағар май, сұйытылған газ тапшылығын болдырмау мақсатында кәсіпкерлермен жүйелі жұмыс жүргізіп, бақылауға алуды тапсырды.

Бұдан соң, облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдап, мәселелеріне құлақ асты.

Жамбыл облысының әкімдігі

Тегтер: әкімЕрбол ҚарашөкеевЖамбыл облысыкездесушу ауданы

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты