• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 09:54
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбылда ҚМДБ-ға қарасты 332 мешіт пен христиандық бағыттағы 46 шіркеу мемлекеттік тіркеуден өтіп жұмыс атқаруда

turan_admin turan_admin
12.07.2022, 19:59
Облыс жаңалықтары
Жамбылда ҚМДБ-ға қарасты 332 мешіт пен христиандық бағыттағы 46 шіркеу мемлекеттік тіркеуден өтіп жұмыс атқаруда
730
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Дін істер басқармасының жұмыс бағыты «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» мен ҚР Үкіметінің 31.12.2020 жылғы №953 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасыныңдін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарына» сай белгіленген.

Басқармаға «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында 1 нысаналы индикатор (Діни өшпенділік пен алауыздықты тудыратын экстремистік көзқарасты ұстанушылардың санын азайту), 3 нысаналы көрсеткіш және 9 тармақ бойынша, сонымен қатар «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында 24 тармақ бойынша орындау бекітілген.

А.ж. I жартыжылдығының қорытындысы бойынша аталған құжаттардағы Басқармаға қатысты тармақтары толығымен орындалды. Мемлекеттік бағдарламадағы діни өшпенділік пен алауыздықты тудыратын азаматтарды азайту нысаналы индикаторын (2017 жылмен салыстырғанда) биылғы жылы – 65%-ға жеткізу қажет болса, бүгінгі күнге индикатор 60,3%-ға орындалған.

Жалпы алғанда, Басқармамен атқарылатын жұмыстардың негізгі бөлігі жабық сипатта. Дегенмен, негізгі жұмыстарға тоқталып өтсек. Бүгінде облыс аумағында 11 конфессиядан тұратын 378 діни бірлестік пен филиал, оның ішінде ҚМДБ-ға қарасты 332 мешіт пен христиандық бағыттағы 46 шіркеу (8 православтық, 1 католиктік, 37 протестанттық және т.б.) мемлекеттік тіркеуден өтіп жұмыс атқаруда. Жыл басынан бері ҚМДБ-ға қарасты 9 филиал (мешіт) мемлекеттік тіркеуден өткен.

Жалпы, облыс аумағындағы діни ахуал тұрақты. Мемлекеттік тіркеуден өткен діни бірлестіктер тарапынан діни қызмет саласындағы заңбұзушылық фактілер орын алған жоқ. Сондай-ақ, облыста діни қызмет саласындағы субъектілер қатарында: — Рухани (діни) білім беру ұйымы болып табылатын облыстық «Һибатулла Тарази» медресе-колледжі (қазірде 44 шәкірт білім алуда) жұмыс атқарады. Аталған медресе-колледждің Айша бибі ауылынан қыз балаларға арналған корпусын ашу жұмыстары жүруде-дейді басқарма басшысы.

— Діни іс-шараларды ғибадат үйлерінен тыс жерлерде өткізуге арналған 43 үй-жай, оның ішінде 41 исламдық намазхана мен 2 христиандық құлшылық үйі қызмет етеді. Есепті кезеңде 1 намазхана (Т.Рысқұлов ауданы) тіркелді. — Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты 1 үй-жай. — Мемлекеттік тіркеуден өткен миссионерлердің саны – 9 (Оңтүстік Кореядан – 4, Германиядан – 2, Қазақстан аумағынан – 1, Ресейден – 1, Италиядан – 1). Аталған азаматтардың жыл сайын тіркеуден өтуі тұрақты бақылауда. Өңірде христиандық бағыттағы шіркеулерге келушілердің саны шамамен 3500 адам (700-ге жуық православтар, 2000-ға жуық Иегова, 800-ге жуық протестанттар). Келушілердің көбісі діни мерекелерде (Рождество, Пасха, Конгресс Иегова және т.б.) жиналады). Ал, мешіттерге келушілер мен мешіттер санының өсімі бар. Мешіттердің өсімі тұрғындардың қажеттілігіне қарай, әсіресе мешіті жоқ ауылдық елді-мекендер есебінен жалғасуда.

Мысалы, облыс аумағында 2018 жылы – 301, 2019 жылы – 308, 2020 жылы – 313, 2021 жылы — 323 мешіт болса, биылғы жылы мешіттердің саны – 332-ге жетіп отыр. Қазіргі уақытқа облыста 24 мешіттің құрылысы жүргізілуде. Өңірдегі мешіттерде арнайы бұйрықпен 435 діни қызметкер (309 имам/молда, 56 наиб имам, 37 азаншы, 33 ұстаз) жұмыс атқаруда. Оның ішінде жоғары білімді имамдар 24,6% (107 имам), орта білімділер 24,9% (108 имам), ал сауат ашу курстарын бітірген діни қызметкерлер 50,5%-ға (220 имам). Көп жылдан бері бір мешітте қызмет етіп отырған имамдар мен діни қызметкерлер арасында ротация жұмыстары жүргізіліп, 203 имамның жұмыстары (46%-ға) ауыстырылды.

Имамдардың білімін арттыруда да жұмыстар өз жалғасын тапқан. Республикалық және облыстық деңгейлерде («Нұр-Мүбәрак» университетінде, облыстық семинарларда) кәсіби құзіреттіліктерді арттыру курстарынан облыстағы 62 мешіт имамы өтті. Өңірде діни ахуалды тұрақтандыру мақсатында атқарылып жатқан бағыттарға тоқталып өтсек:

— Облыста құрамы 125 мүшеден тұратын дін саласындағы 17 ақпараттық-түсіндіру топтары (1 облыстық, 6 қалалық, 10 аудандық) жұмыс жасайды. 2022 жылдың басынан АТТ мүшелерімен офлайн форматта 576 іс-шара өткізіліп, оған 16 мыңнан астам мақсатты топ өкілдері қамтылса, онлайн форматта АТТ-мен 109 іс-шара өтіп, оған 8 мыңнан астам контингент қамтылды.

 

АҚПАРАТ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫМЕН ТАПСЫРЫСЫМЕН ДАЙЫНДАЛДЫ

Жатқанбай Әділет

Тегтер: ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.