• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
13.10.2026, 15:32
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

turan_admin turan_admin
14.07.2017, 09:33
Облыс жаңалықтары
ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
200
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің басшысы М.Ы.Нәлібаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асырудағы Департаменттің ағымдағы жылғы 6 айда атқарылған жұмыстарының қорытындылары бойынша брифинг өткізді.
«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңын іске асыруда Департамент тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылды.
Брифинг барысында М.Ы.Нәлібаев БАҚ өкілдеріне мемлекеттік қызметтің жаңа моделін жүзеге асыру жағдайы, Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы, мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексі талаптарын сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету салаларындағы жұмысы жайында айтты.
Департамент басшысы брифинг барысында атап өткен маңызды мәселелердің бірі, «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің кешенді аттестаттауының қорытындылары турасында болды.
Яғни, аттестаттау қорытындыларына сәйкес, сынақтан өткен 3685 мемлекеттік қызметшінің ішінен аттестаттау комиссиялары 167 адамды не/е 4,5% (ЖАО-69 немесе 3,4% , АО- 98 немесе 5,8%) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай және мемлекеттік лауазымын жоғарылатуға, 3474 адамды немесе 94,3% (ЖАО-1918 немесе 95,5%, АО — 1556 немесе 93%.) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келетін мемлекеттік қызметшілер, 38 адамды немесе 1,02% (ЖАО-20 немесе 0,9%, АО-18 немесе 1,0%) атқаратын мемлекеттік лауазыман сай емес және мемлекеттік лауазымын төмендетуге және 6 адамды немесе 0,16 % (ЖАО-2 немесе 0,1%, АО-4 немесе 0,2%) атқаратын мемлекеттік лауазыма сай емес және қызметінен босатылуға ұсыну туралы шешімдер шығарды.
2017 жылдың 6 айында мемлекеттік органдармен 4 млн. астам қызмет көрсетілген. Бұл ретте Мемлекеттік корпорация арқылы және электронды форматта көрсетілген қызметтер үлесінің өсуінің оң үрдісі байқалады. Яғни, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда, Мемкорпорация арқылы көрсетілген қызметтердің үлесі 64% өскен болса, электронды нысанда көрсетілген қызметтердің үлесі 7,2% артқан.
Бір уақытта дәстүрлі жолмен, яғни қағаз нысанда көрсетілген қызметтердің үлесі төмендеуде. Бұл көрсеткіш 4,5% төмендеген.
Осы кезеңде Департамент 17 тексеру өткізіп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманы бұзудың 167 фактісін анықтады. Департамент ұсыныстары бойынша жалпы 14 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, жаңа Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары турасында сөз қозғалып, М.Ы.Нәлібаев мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік әрекетке бару мысалдарын келтірді. 2017 жылдың 6 айында Әдеп жөніндегі кеңестің 6 отырысы өткізіліп, 36 мәселе қаралды, оның 20-сы тәптіптік істер.
Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысымен таныстыра отырып, М.Ы.Нәлібаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейту «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудағы маңызды қадам екендігін атап өтті. Департамент өзіне жүктелген бұл тапсырманы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заңға енгізілген нормалар негізінде алдын алу сипатындағы кешенді шараларды ұйымдастыру арқылы жүзеге асыруда. Есептік кезңде аймақтың барлық жұмыс саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 9 мыңнан астам адамды қамтыған 130 іс-шара өткізілді.
Департамент сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жұмыстарын жүргізіп отырады.
Осы кезеңде 17 мемлекеттік органдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстары жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындылары бойынша 75 ұсыныс жасалып, талдау жасалған органдарға орындау үшін жолданды.
Мемлекеттік сатып алу бағаларына жүргізілген мониторинг бойынша Департамент тарапынан мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субьектілеріне ұсыныс хаттар жолданып, нәтижесінде 12 млн. теңгеден астам қаражат үнемделді.
Брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына тиісті жауаптар беріліп, жекелеген мәселелер бақылауға алынды.

Айжан Мадимарова
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Жамбыл облысы бойынша Департаменті

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

12.10.2026, 19:49
Жамбыл өңірінде су электр стансаларын салу ісі қалай жүріп жатыр?

Жамбыл өңірінде су электр стансаларын салу ісі қалай жүріп жатыр?

12.10.2026, 18:31
Жуалыдағы күн электр стансалары қалай жұмыс істеп тұр?

Жуалыдағы күн электр стансалары қалай жұмыс істеп тұр?

12.10.2026, 17:25
Тараздың тазалығы мен жасыл келбеті – ортақ жауапкершілік

Тараздың тазалығы мен жасыл келбеті – ортақ жауапкершілік

12.10.2026, 15:44
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мектептегі орамал мәселесі. Instagram мен TikTok-қа кіру шектелді

13.10.2026, 13:51

Бішкекте Қазақстан банктерінің Kaspi аккаунттарын сату схемасы анықталды: 13 адам ұсталды

13.10.2026, 09:40

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

12.10.2026, 19:49

Жамбыл өңірінде су электр стансаларын салу ісі қалай жүріп жатыр?

12.10.2026, 18:31

Жуалыдағы күн электр стансалары қалай жұмыс істеп тұр?

12.10.2026, 17:25

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.