Дастархан басында сақталуы тиіс 12 әдеп

2
ҚАРАЛЫМ

Көбіне дастархан басында өзімізді қалай ұстайтынымызға, қалай ас-су ішетінімізге, не айтып, не қоятынымызға, кіммен қалай тамақтанатынымызға не болмаса қандай тақырып төңірегінде әңгіме-дүкен құратынымызға аса көңіл қоя бермейміз. Негізінде, дастархан басында жаңа таныстық орын алады әрі туған-туыстарымызбен жақындастырады.

Сол себепті дастархан басындағы уақытты да біз пайдалы өткізуіміз қажет, өйткені тамақтану да Алла Тағалаға құлшылық етудің бір түрі. Маңайымыздағы адамдардың санына емес, сапасына мән беру өте маңызды. Дастархан басында шынайы мұсылманның өзін қалай ұстауына қатысты 12 әдепті қарастырып көрейік:

1. Ас-су ішердің алдында: «Бисмилляһи-р-Рахмани-р-Рахим» деп Алланы еске алудан бастау керек. Әбу Хурайра (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Алланы еске алусыз басталған кез-келген сөз бен іс толымсыз болып табылады» (Ахмад).

2. Тамақтың алдында және соңында қолды жуу керек. Егер қол жуатын жер біреу болса, ал бұл жерге еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін жиналса, алдымен қолдарын жастар жуады, ал тамақтан кейін қол жууға үлкен кісілерді бірінші жіберіледі.

3. Дастархан басында үлкен адамдар отырғанда жастарға асқа қолды бірінші салмау керек, үлкен адамдар ас алған соң ғана барып тамақтанады.

4. Балалық шақтан бастап бізге үстел басында сөйлеуге болмайды деп үйреткен. Алайда сүннетке сай бұл дұрыс емес. Ас-су ішу барысында үндемей отыру жөн емес, абзалы Аллаға және дастархан басында отырғандарға ұнайтын дүниелерді ғана айтқан.

5. Дастархан басында отырғандар қасындағы адамдарды ойлап, тамақты молынан асауға тырыспауы керек. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Мүмін бір адамның асын жейді, ал имансыз – жеті адамның асын жейді» деген болатын (Ахмад, Мүслим, ат-Тирмизи).

6. Тамақты аз жейтін адамдардың мазасын алмас үшін оларға үш реттен артық ананы-мынаны жеңіз деп қолқа салу дұрыс емес. Сондай-ақ, «Сіз мына астан міндетті түрде дәм татуыңыз керек» деуге болмайды.

7. Дастархан басында отырған адамдарды ұялтпау үшін оларға тесіле қарап алуға болмайды.

8. Егер еденге тамақ түсіп қалатын болса, оны көтеру қажет. Нанға деген құрметке бола қолдан түсіп кеткен нанның түйірін де көтеріп алу керек. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Нанды қадірлеңдер!» деген (әл-Хаким, әл-Байхакы).

9. Жеміс-жидек тұрған ыдысқа жемістердің сүйектерін не болмаса қалдықтарын салуға болмайды.

10. Ыстық тамақты асығып-үсігіп жеуге немесе оны үрлеуге болмайды.

11. Сондай-ақ, қасында отырғандарға жағымсыз болатын дүниелерді жасау дұрыс болмайды. Егер адамға тісінің арасына тұрып қалған тамақты алып тастау керек болса, алақанымен аузын көлегейлеп, енді бір қолымен тісін шұқып алып тастаған жөн.

12. Тамақтанып болған соң әлемнің қай тілінде болмасын Алла Тағалаға өз ризашылығымызды білдіріп, сүннетке сай: «Бізге ішкізген, бізге жегізген әрі мұсылман етіп жаратқан Аллаға шүкір» немесе қысқаша «Әлһамдулиллә» (Аллаға шүкір) деп айту керек.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы