• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
11.10.2026, 02:08
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Дәрігер – қастерлі мамандық

turan_admin turan_admin
07.06.2021, 11:02
Денсаулық, Облыс жаңалықтары
Дәрігер – қастерлі мамандық
1.6k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

«Ұрпақтың денсаулығы – ұлттың саулығы» деп бекер айтылмаса керек. Дана халқымыз «Жақсы дәрігер ауруды жазады, жаман дәрігер ауруға ауру қосады» деп те айтады. Медицинаның атасы Ибн Синаның: «Дәрігердің үш қаруы бар: бірі – пышақ, екіншісі – шөп, үшіншісі – жылы сөз» деген екен. Осындай игі қасиеттер бойынан табылатын дәрігер ғана халықтың сүйіктісіне айналмақ. Сол себепті де дәрігерлік – жауапты мамандықтың бірі. Адам өміріне араша түсетін жандарға еш қателесуге болмайды. Дәрігерлер үнемі білімін жетілдіріп, ізденіс үстінде болып, өз саласында ем жүргізудің барлық тәсілдерін жетік меңгеруі тиіс.

Жамбыл облысы, Талас аудандық орталық ауруханасының терапиялық бөлімшесінің меңгерушісі – тұрғындардың алғысына бөленіп жүрген Күлзира Омарова.

Күлзира Шаймұратқызы 1961 жылы Қарағанды облысы, Саран қаласында қарапайым отбасында дүниеге келген. 1982 жылы Қарағанды медициналық институтының емдеу ісі факультетін бойынша тәмамдап, жас маман ретінде алғашқы еңбек жолын Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласындағы емханада дәрігер-терапевт болып бастайды. Онда жемісті жұмыс істеп, жақсы қырынан танылған ол 1982 жылы №3 отбасылық дәрігерлік амбулаторияның меңгерушісі, 1999 жылдан бастап, бүгінге күнге дейін Талас аудандық орталық ауруханасының терапиялық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқаруда.

Содан бері білікті дәрігер әріптестерімен бірге жалпы саны жиырма сегіз мыңға жуық халыққа медициналық қызмет көрсетуде өз үлесін қосып келеді. Оған келушілер өздерін жайдары мінезімен, орамды әзілімен қарсы алатын дәрігерге көңілдері толып, ризашылықтарын білдіруде. Шын мәнінде, жақсы дәрігер жабырқап келген жанның көңілін тауып, онымен әңгімелесіп, жағдайын да зерделей білуі керек. Сол кезде ғана емдеу процесі оң нәтижесін беретінін Күлзира Омарова да жақсы біледі.

Дәрігерді ауыл тұрғындары зор қуанышпен қарсы алады. Себебі, білікті маман, жақсы адам айналасына әрдайым сыйлы, құрметті. Осындай сыйластыққа, құрметке бөленіп жүрген дәрігер де бақытты болмақ. Өйткені, ол адамның жүрегіне жол таба білген жан.

Дәрігердің өмірлік ұстанымы – зейнеткерлік жасқа жетіп, одан әрі қарай да күш-жігерін халықтың денсаулығын түзетуге арнау. Өзін жақсы көретін тұрғындармен, ұжыммен бірге болу. Біліктілігін жастарға жол көрсетуге арнап, тәжірибесімен бөлісіп отыруды жөн санайды.

«Біздің кезімізде кітапханадан кітапханаға барып, ізденіп, тәжірибелі мұғалімдермен араласып, білмегенімізді сұрастырып оқитын едік. Ал, қазір интернет деген шыққан. Онымен қалай оқитынын, қалай білім алатынын білмедім. Практикалық, теориялық білім бар еді. Көзбен көріп, қолмен ұстап білімді жинақтау арқылы көп нәрсе есте қалатын. Жас дәрігерлер білмегенін сұрастырып, адамдармен араласып, жақсы жағынан көріне білсе, жақсы маман болып қалыптасады деп ойлаймын.

Ерінбей, ізденіп, тәжірибе алмаса білу керек. Ең бастысы, кішіпейіл, қарапайым, адами жоғары қасиеттерге ие болса, жақсы дәрігердің қатарынан көрінеді деп сенемін», – дейді ол. Күлзира Омарова «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталған. Дәрігердің еңбегі бағаланғаны – өзіне мәртебе, әрі қарай да оған рухани жігер мен күш беретін сенім.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Байзақ ауданында ауқымды экологиялық тазарту жұмыстары өтті

Байзақ ауданында ауқымды экологиялық тазарту жұмыстары өтті

09.10.2026, 17:26
Тараздық кәсіпорын қағаз қалдықтарын кәдеге жаратып, экологиялық мәдениетті қалыптастырып отыр

Тараздық кәсіпорын қағаз қалдықтарын кәдеге жаратып, экологиялық мәдениетті қалыптастырып отыр

08.10.2026, 17:38
Тараздағы отандық зауыт «жасыл экономика» талаптарын қалай жүзеге асыруда?

Тараздағы отандық зауыт «жасыл экономика» талаптарын қалай жүзеге асыруда?

08.10.2026, 15:38
Жамбыл өңірі жасыл энергетика бағытында қалай дамып келеді?

Жамбыл өңірі жасыл энергетика бағытында қалай дамып келеді?

08.10.2026, 12:58
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында кітапхана жұмысына жасанды интеллект енгізілуде

11.10.2026, 00:11

Жамбыл облысында соңғы 7 жылда 45 мәдени нысан салынды

10.10.2026, 23:50

Құтқарушылар экологиялық акция аясында сенбілік ұйымдастырды

09.10.2026, 19:43

Байзақ ауданында ауқымды экологиялық тазарту жұмыстары өтті

09.10.2026, 17:26

Азамат үні — ел дамуының негізі

09.10.2026, 14:00

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.