Мемлекет басшысы және Агенттік басшылығының берген тапсырмаларына сәйкес Департаменттің басты назары – мемлекет пен қоғам өмірінің түрлі салаларында сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған превентивтік сипаттағы кешенді шаралар жүзеге асыру болып отыр.
Осылайша, Департаментпен 6 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп, олардың нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жою бойынша 13 ұсыныс берілген. Сонымен қатар, Департамент мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді анықтау мақсатында Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп тым жоғары баға қою фактілерінің орын алуына мониторинг жүргізуде. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мәліметінше мониторинг нәтижесінде енгізілген ұсыныстар бойынша мемлекеттік органдармен мемлекеттік сатып алу жоспары қайта қаралып, бүгінгі күнге 950 млн. теңгеден аса бюджет қаражаты үнемделген. Онымен қоса, есептік кезенде 7 мемлекеттік органдардың, оларға қарасты мекемелердің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіліп, оның қорытындылары бойынша 74 ұсыныс енгізілген. Мониторинг және сыртқы талдау нәтижесінде анықталған 20 млн. теңгеге жуық заңсыз төлемдер бюджетке кері қайтарылуда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар 2 нормативтік құқықтық актіге, атап айтқанда, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік сатып алудың ашықтығы және осы саладағы қызметкерлерге жәрдемақы төлеу бағытындағы заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілген.
Қазіргі таңда, ветеринария, табиғи монополия, денсаулық сақтау, енбек қатынастары саласындағы заңнамаға өзгерістер бойынша енгізілген 23 ұсыныс қаралуда. Агенттік ауылшаруашылық саласында субсидия бөлу мәселесіне талдау жүргізуді, ол бағыттағы қызметтердің тұтынушыларға қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды көздеді. Сол себепті Департамент тарапынан ауыл шаруашылық саласына қатысты сыртқы эксперттер мен сарапшылар қатарынан тұратын өңірлік топ құрылды. Аталған топпен өңіріміздегі ауыл шаруашылығы саласындағы субсидиялау кезіндегі орын алатын мәселелерді анықтау, оларды шешу жолдарын қарастыру болып табылады. Бүгінгі күнге Департаменттің қатысуымен өңірлік жұмысшы топ барлық ауданды аралап, аудандарындағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен және шаруа қожалықтарымен кездесіп, шешімін табуды қажет ететін 20 – ға жуық сұрақтарды жинақтаған. Ендігі кезекте, сыртқы талдаумен тамыз айында субсидия бөлу барысындағы, демек заңнамалық тұрғыдағы бизнес үдерісі зерделенеді, олардың ашықтығы, тұтынушыға қол жетімділігі, әкімшілік кедергілердің болуын толығымен қамтылатын болады.
Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды