• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:38
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бизнесті табысты етуге «Аға сеньерлар» көмектеседі

turan_admin turan_admin
11.10.2017, 10:08
Облыс жаңалықтары
Бизнесті табысты етуге  «Аға сеньерлар» көмектеседі
227
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бизнесті табысты етуге «Аға сеньерлар» көмектеседі
Бизнесін дұрыс бағытқа қойып оны жүргізудің қыр-сырына қанық еуропалық кәсіпкер Жамбыл облысы Шу қаласындағы шағын және орта кәсіпорын басшыларымн кездесіп, тәжірибесімен бөлісті
Биыл жамбылға «Аға сеньерлар» жобасы аясында Германия елі Лейпциг қаласынан Кай Юфе Дехлер есімді бизнесмен «Rich» қонақ үйінің директоры Саярахан Жасабаева мен «Достар» қонақ үйінің басшысы Александр Манасыповтың шақыртуымен келді.
Германдық бизнесменнің қонақ үй саласындағы кәсіпті жүргізуде 25 жылдық тәжірибесі бар. Мектеп кезінен еңбекке ерте аралысқан ол қызмет көрсету саласындағы білген-түйгендерімен қазақстандық әріптестерімен бөлісті. Қазірде мықты даму жолындағы маркетинг, менеджмент, қоғаммен байланыс орнату мәселелерінің маңызын түсіндірді. Сонымен қатар, Шу қаласындағы туризм саласында қызмет көрсететін бірқатар нысандарды аралады. Мейрамханалар, қонақ үйлер мен қоғамдық жерлерде тамақтану орындарының жай-күйімен танысқан ол жергілікті кәсіпкерлерге кеңестер де берді.
Кай Юфе Дехлер: «Мәселен, Лейпциг қаласы – шахтерлардың мекені. Алайда, елді-мекен тұрғындары мейрам-мереке күндері, жаңа-жылдық кештер мен жәрмеңкелерде туризмді дамытып, шетелдік меймандарды тартумен айналыстық. Біртіндеп қызмет көрсету түрлері де, туристердің саны да артты. Нәтижесінде, қолөнершілер мен этно-ауылдар пайда болды».
Қонақ үй және мейрамхана бизнесінің өкілдерімен кездесу кезінде германдық кәсіпкер әріптестеріне ұсыныстарын жолдады. Шу қаласы мен ауданында туризмді дамыту концепциясын әзірлеп, теміржол бекетінде өңірдің тарихы мен көрнекті жерлері жайлы ақпараттық стендтер дайындау сынды шешімдер қабылданды. Бұл тараптағы жұмыстарды шулық кәсіпкерлер өз мүдделеріне алуды жоспарлап отыр.
Сеньердың Қазақстанға биылғы іссапары ол үшінтаңсық дүние емес. Осыған дейін де келіп, білім беру саласына тоқталып өткен болатын. Кай Юфе Дехлердің айтуынша, қазірде үйінің табалдырығынан аттаған кез келген адам тікелей «туристке» айналады. 21 ғасыр – коммуникация дәуірі. Жұмыс бабымен бір қаладан екінші қалаға, бір елден өзге елге ауысу дерегі жиілеуде. Қоғаммен байланыс ортану үшін ағылшын тілін білу — маңызды рөл атқарады. Осы ретте, Шу қаласында «Айналайын» Халықаралық тілдер орталығы терең білім беру, халықаралық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндігі зор. Айта кетейік, аталмыш орталық тікелей германдық сарапшының тәжірибе-кеңестерінің сүйемелдеуімен ашылған болатын. Яғни, орталықтағы оқыту жүйесі халықаралық стандарттарға толық сәйкес. Себебі, «Айналайын» орталығының директоры Жанар Иманалинова Кай Юфе Дехлердің кеңесіне құлақ асып, өткен жылдан бері телефон құралы арқылы байланысып, бизнесін ретке келтірген. Оқыту тәсілінің франшизасын сатып алып, бүгінде шағын ғана Шу қаласында кәсібін дөңгелетіп отыр.
«Расымен де, алғашқыда сарапшымен кездесу мұндай нәтиже береді деп ойламадым. Келіп, ақысын алып кете береді деген ойда болдым. Алайда, идеядан бастап тәй-тәй басқан бизнесімді аяққа тұрғызғанға дейін кеңесін аямаған германдық әріптесіме және осындай білікті мамандарды шақыртқан Кәсіпкерлер палатасына алғысымды білдіремін» — дейді ол.
«Аға сеньорлар» жобасы «Бизнестің жол картасы – 2020» Бірыңғай бағдарламасы аясында халықаралық шетелдік ұйымдармен бірлесе іске асырылады. Шетелдік ұйымдар «Аға сеньорлардың» қызметін үйлестіреді, олар Қазақстанның шағын және орта кәсіпорындарын дамытуға көмектеседі. Шетелдік сарапшыларды шақыру ақысы республикалық бюджеттен төленеді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.