Ағымдағы жылдың 28 мамырынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейі» КММ директоры лауазымына Атенов Жасұлан Бекболатұлы тағайындалды.
Атенов Жасұлан Бекболатұлы 1983 жылдың 20 қазан күні Жамбыл облысы Жаңатас қаласында дүниеге келген. 2005 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын «Тарих және география» мамандығы бойынша, 2014 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Жасұлан Бекболатұлы еңбек жолын 2000 жылы Сарысу ауданы М.Әуезов орта мектебінің үйірме жетекшісі қызметінен бастаған. 2003 жылы аталған мектепте тарих, география пәнінің мұғалімі қызметіне ауысқан. Сонымен қатар, Жамбыл облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институтында әдіскер, Білім басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы, Балалардың құқықтарын қорғау департаментінде жетекші маман, «Тараз сервис және технологиялар колледжінде» директордың орынбасары, Жамбыл облысының білім саласындағы бақылау департаментінде бөлім басшысы, 2020 жылдан бастап Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
«АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ТЕРЕҢДЕТЕ ОҚЫТАТЫН МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ» ДИРЕКТОРЫ ЛАУАЗЫМЫНА НУРАЛИЕВА ИНДИРА АБЖАНҚЫЗЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Ағымдағы жылдың 28 мамырынан бастап «Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясының» директоры лауазымына Нуралиева Индира Абжанқызы тағайындалды.

Нуралиева Индира Абжанқызы 02.11.1983 жылы дүниеге келген. Индира Абжанқызы 2005 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі мұғалімі» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолы:
2005-2007 жж. №3 кәсіптік мектебінде іс жүргізуші, әдіскер;
2007-2008 жж. Н.Ақшабаев орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, «Қазақ тілі және әдебиеті» пәнінің мұғалімі;
2008-2010 жж. Қостөбе орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Қазақ тілі және әдебиеті» пәнінің мұғалімі;
2010-2020 жж. «Болашақ» колледжінде «Қазақ тілі және әдебиеті» пәнінің оқытушысы;
2020ж. бастап «Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясында» директордың тәрбие ісі жөндегі орынбасары, «Қазақ тілі және әдебиеті» пәнінің мұғалімі;






