• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
05.10.2026, 20:10
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бердібек Сапарбаев жұмысы сылбыр басшыларды сынға алды

turan_admin turan_admin
26.06.2021, 15:16
Облыс жаңалықтары
Бердібек Сапарбаев жұмысы сылбыр басшыларды сынға алды
64
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті кеңесте биылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы қаралды. Жалпы соңғы бес айдың көрсеткіштері былтырғымен салыстырғанда жоғары деңгейде қалыптасып отыр. Аймақ басшысы жартыжылдық нәтижесі де республикалық көрсеткіштерден төмен болмауы үшін күш салып, қалған аз уақытты барынша тиімді пайдалану керектігін міндеттеді.

Жиында 2021 жылғы 5 айдың қорытындысы мен қаңтар-маусымдағы күтілу мәні туралы баяндаған экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова жыл басынан облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика  сақталғанын, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 100,6 пайызды құрағанын айтты. Яғни өнеркәсіп саласындағы өсім 6,7, ауыл шаруашылығы –2,9, құрылыс – 6,5, пайдалануға берілген тұрғын үй – 6,8, сауда – 5,9, инвестиция көлемі — 21,1 пайызға артқан. Ал өңірлер бөлінісінде 5 айда инвестиция көлемі – Жамбыл, құрылыс – Меркі, тұрғын үй – Т.Рысқұлов, Сарысу, бөлшек сауда — Мойынқұм аудандарында төмен деңгейде қалыптасыпты.

Басқарма басшысы жыл басынан негізгі экономикалық көрсеткіштер динамикасының төмен қарқыны Т.Рысқұлов, Жамбыл, Меркі, Сарысу, Жуалы, Мойынқұм, Шу аудандарында байқалғанын және олар жартыжылдық қортындысымен де  көрсеткіштердің күтілу мәнін төмен деңгейде болжамдап отырғанын атап айтты. Мәселен, Сарысу ауданы тұрғын үй көлемін 67,2 пайыз деңгейінде ғана болжамдап отырған көрінеді.

Өнеркәсіп саласында 6 пайыз өсімді қамтамасыз ету үшін 276,9 миллиард теңгеге, ал ауыл шаруашылығында – 4,6 пайыз болу үшін 80,9 миллиард теңгеге өнім өндірілуі керек, инвестиция көлемін 6,4 пайызға  арттыру үшін 155 миллиард теңгеге инвестиция тарту қажет екен. Құрылыс жұмыстарын 22 пайызға, тұрғын үй көлемін 12 пайызға арттыру болжамдалуда. Жалпы бұл саладағы жұмыс күшейтуді қажет етеді.

Жиында өңір басшысы Бердібек Сапарбаев игерілмей қалған 22 миллиард теңге төңірегінде қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Батырхан Базарбайұлынан жауап алды.

— Кірістер бүгінгі күнге 7,5 миллиардқа артық орындалып отыр. Өсім 10 миллиард 452 миллион теңгені құрады. Қаражатты игеру мәселесіне келсек, 22 миллиард 912 миллион теңге игерілмеуде. Оның 8,3 миллиарды аудандар бойынша, 20,5 миллиард теңгесі облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша қалыптасқан,-деген Батырхан Базарбайұлы осы айдың 20-нан кейін айлық жалақылар төленген соң, бұл қаржы соммасы өзгеретінін меңзеді.

Аймақ басшысы Тараз қаласы 2 миллиард, Қордай ауданы 1 миллиард 800 миллион, Шу 1,5 миллиард, Жамбыл 646 миллион, Байзақ аудандары 553 миллион, білім басқармасы 4 миллиард, кәсіпкерлік 2 миллиард, энергетика 1 миллиард, құрылыс саласында 10 миллиард теңгеге жуық қаржы игерілмегеніне жеке-жеке тоқталып, әр ауданның әкімдері мен басқарма басшыларын сұрақтың астына алды.

Сондай-ақ өңірдегі азық-түлік бағасына тоқталып, оның ішінде соңғы кезде құны шарықтап кеткен картоп пен сәбіз бағасы туралы сұрады.

— Әлеуметтік дүкендерде сәбіз бен картоп 150 теңгеден тұрақты саудалануда. Түркістан облысымен меморандум бекітіп, кәсіпкерлермен жұмыс жасаудамыз. Олар аптасына 10 тонна көлеміндегі картопты бізге тікелей жеткізіп отыр,-деді ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы өз сөзінде.

Бердібек Сапарбаев жол, тұрғын үй, құрылыс бағыттары бойынша жартыжылдық көрсеткіштері де ойдағыдай болу керектігін ескертті.

Тараз қаласы бойынша қаржы игерудің төмендігі тілге тиек етілді.

— Біздің негізгі экономикамыз Тараз қаласымен байланысты. Сондықтан басқарма басшыларымен бірігіп жұмыс істеу керек,-деді облыс әкімі. Қала әкімі Ержан Жылқыбаев «Қаржыны 100 пайыз игереміз. Көрсеткіштер де былтырғыдан төмен болмайды»,-деп уәде берді.

Жиында онлай-байланыс арқылы аудан әкімдері игерілмеген қаржының себептерін түсіндірді. Олардың арасында айрықша назар  Сарысу және Байзақ аудандарына аударылды. Сарысу ауданы бойынша орындалмай тұрған бір көрсеткіш — пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі. Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев былтырғы бірінші жарты жылдықта 8500 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, биыл бұл көрсеткіш 67 пайызға ғана жеткенін мойындады. «Биыл 3-ші тоқсан бойынша 3 үй береміз. Сонымен 20 мыңнан аса шаршы метр қосылады»,-деді ол.

Ал Байзақ ауданында кәсіпкерлікке берілетін грант толық игерілмей отыр.

— Тұрғындармен кездессең ақша жоқ, грант бермейді дейді. Ал берген грантты толығымен игермейсіңдер. 47 пайыз деген ол өте төмен. Алам деген адам жетіп жатыр. Оларға түсіндіріп, дер кезінде құжаттарын дайындап, беру керек қой,-деді аймақ басшысы.

Жиында сондай-ақ, сақалды құрылыстарды ретке келтіру, өрт қауіпсіздігін қадағалау, ағын су, «Таразға тарту» жобасы, облыс бойынша ашық тұрған 144 трансформаторлар мәселесі сөз болды.

— Аудандарда неге жаңа нысандар жоқ? Бөлінген қаржылар қайда кетіп жатыр? Біздің кәсіпкерлер мен демеушілердің күштері қайда? Тек Жуалы ауданында ғана сүт өңдейтін екі цех салынды. Басқа аудан әкімдерінің жұмысы неге сылбыр?,-деді Бердібек Сапарбаев.

Жиын қорытындысында барлық мүмкіндіктер мен резервті пайдаланып,  алты ай нәтижесі былтырғыдан төмен болмауы керек деген нақты тапсырма жүктелді.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

05.10.2026, 19:05
ЖИ көмекшіден авторлық әдістемеге дейін: Жамбыл облысының педагогтері өз әзірлемелерін таныстырды

ЖИ көмекшіден авторлық әдістемеге дейін: Жамбыл облысының педагогтері өз әзірлемелерін таныстырды

30.09.2026, 18:08

«Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

28.09.2026, 21:18
«Менің отбасым – менің мақтанышым» облыстық отбасылық байқауы өтті

«Менің отбасым – менің мақтанышым» облыстық отбасылық байқауы өтті

28.09.2026, 20:55
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда қай өңірлерде қар жауып, үсік түседі: 6 қазанға арналған ауа райы болжамы

05.10.2026, 19:11

Шу қаласы тұрғынының ауласынан 10 келіден астам гашиш табылды

05.10.2026, 19:05

«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

05.10.2026, 19:05

Астанада алғашқы қар жауды

05.10.2026, 16:14

Ұстаздар күні: Үздік педагогтерге мемлекеттік награда берілді

05.10.2026, 15:59

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысында бұрынғы аға прокурор екі айға қамауға алынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.