• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
05.10.2026, 19:56
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бердібек Сапарбаев құрылыс және жөндеу жұмыстарының мерзімдерін сақтамаған мердігерлерді сынға алды

turan_admin turan_admin
22.06.2020, 22:04
Облыс жаңалықтары
Бердібек Сапарбаев құрылыс және жөндеу жұмыстарының мерзімдерін сақтамаған мердігерлерді  сынға алды
177
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мониторингтік топтар мен мердігерлік ұйымдардың өкілдерімен кездесуде Тараз қаласы бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының жүзеге асырылу барысын сынға алып, нысандарды уақытылы тапсыруды жүктеді.

Ағымдағы жылы Тараз қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша жүзеге асырылып жатқан құрылыс жұмыстарының басым бөлігін жамбылдық компаниялар атқаруда. Дегенмен жұмыс тиісті қарқында орындалып отырған жоқ.

Облыс орталығының әкімі Айтқазы Қарабалаев құрылысшылардың тап болып отырған кедергілері туралы айтып, түсіндіруге тырысты.

— Кейбір мердігерлер бірден бірнеше жобаларға жауапты болғандықтан, жұмыс күші мен техникалардың жетіспеушілігі туындауда. Жалпы, Таразда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша жалпы сомасы 15 млрд.-тан астам теңгеге 389 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.   361 жоба бойынша жеңімпаз анықталған. Қалған 28 жобаның 26-сы оңтайландыру үшін мемлекеттік ведомствоаралық комиссияның қарауына ұсынылды,-деді қала әкімі.

Бердібек Сапарбаев жоспарланған барлық жобалардың іске асырылуы керектігін атап өтті.

— Жобалардың санын азайту – жағдайдан шығудың жолы емес. Іске асырылмаған жобаларды жаңа жобалармен ауыстырмаңыздар. Басталған іс аяғына дейін жетуі тиіс. Сондай-ақ, басты талап – жұмыс сапасы болып қалатынын ұмытпаңыздар, — деді ол бөлінген ақшаны уақытылы игеріп, нысандарды мерзімінде тапсыруды ескертіп.

А.Қарабалаевтың айтуынша, 213 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 29 нысанның құрылысы аяқталды. Барлығы 2 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Олардың жартысы жұмыспен қамту орталығы арқылы қамтылған.

Жоспарланған 5,6 мың жаңа жұмыс орнын ашу ісі жұмысын уақытылы бастамаған 17 компанияның сылбырлығынан кешігіп отыр. Бұл туралы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков айтты.

Мәселен, 19 көшені жөндеу, үш су құбырын ауыстыру жұмыстарының мерзімі кешіктірілуде десек, 17 ауланы абаттандыру жұмыстары әлі күнге аяқталмаған. Жиынға қатысқан аталған компаниялардың өкілдеріне Бердібек Сапарбаев кестеден ауытқуға болмайтынын ескертті.

— Мердігерлер уәдесіне тойдық. Сөзден нақты іске көшетін кез келді, — деп жауап берді аймақ басшысы.

Жөндеу-құрылыс жұмыстарының, санитарлық тазалық пен облыс орталығының абаттандырылуын бақылау жөніндегі 11 мобильді топ жетекшілері де іске асырылмаған жобалар туралы тоқталып өтті.

«Казфосфат» ЖШС-нің бас директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Мұқаш Ескендіровтің айтуынша, Т.Рысқұлов көшесінде құрылыс жұмыстары баяу жүруде десек, «Мыңбұлақ» ықшамауданында шағын футбол алаңын салу жұмсысы әлі басталмаған.

Бердібек Сапарбаев инженерлік инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытуды, барлық жұмыстарды қатар жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, қала сыртында орналасқан елді мекендерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін арнайы Жол картасы дайындалатын болды.

Кеңесті қорытындылай келе, аймақ басшысы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» пандемияға қатысты дағдарыс кезіндегі басты мәселе болып табылатын – жұмыссыздықты азайтуға үлкен септігін тигізетінін атап өтті.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

05.10.2026, 19:05
ЖИ көмекшіден авторлық әдістемеге дейін: Жамбыл облысының педагогтері өз әзірлемелерін таныстырды

ЖИ көмекшіден авторлық әдістемеге дейін: Жамбыл облысының педагогтері өз әзірлемелерін таныстырды

30.09.2026, 18:08

«Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

28.09.2026, 21:18
«Менің отбасым – менің мақтанышым» облыстық отбасылық байқауы өтті

«Менің отбасым – менің мақтанышым» облыстық отбасылық байқауы өтті

28.09.2026, 20:55
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда қай өңірлерде қар жауып, үсік түседі: 6 қазанға арналған ауа райы болжамы

05.10.2026, 19:11

Шу қаласы тұрғынының ауласынан 10 келіден астам гашиш табылды

05.10.2026, 19:05

«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

05.10.2026, 19:05

Астанада алғашқы қар жауды

05.10.2026, 16:14

Ұстаздар күні: Үздік педагогтерге мемлекеттік награда берілді

05.10.2026, 15:59

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысында бұрынғы аға прокурор екі айға қамауға алынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.