• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
08.10.2026, 03:31
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бердібек Сапарбаев: Құрғақ есепке құрылған баяндама кімге керек?

turan_admin turan_admin
09.07.2021, 18:44
Облыс жаңалықтары
Бердібек Сапарбаев: Құрғақ есепке құрылған баяндама кімге керек?
381
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселелері бойынша кеңес отырысын өткізді.

Азық-түлік нарығындағы ахуал туралы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Аманов баяндады. Облыс орталығындағы 16, аудандардағы 13 әлеуметтік дүкенде соңғы аптада 90 тоннадан астам өнім өткерілген десек, тауар айналымы 9,6 пайызға, келушілер саны 12,9 пайызға артқаны байқалады.

Қазіргі таңда облыстың тұрақтандыру қорында барлығы 2068 тонна өнім түрлері бар.

Қайрат Амановтың айтуынша, азық-түлік инфляциясы 105,9 пайызды құраған. (республикада –106,6 пайыз).

— Сіздегі мәліметтер нақты жағдайды көрсетпейді. Кейбір әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы өсіп отыр. Тиісті басқарманың жұмысының нәтижесі қайда? Басшылықтың барлық тапсырмаларын немқұрайлы орындайсыздар. Мен бұған дейін «Алқаптан сөреге дейін» жобасының қатысушылары болып табылатын тұрақтандыру қорының, әлеуметтік дүкендердің, сауда нүктелерінің жұмысын талдауға тапсырма берген болатынмын. Олардың пайда тауып отырғаны анық.  Ол ақшаны айналымға енгізу керек. Мәселе мынада, біздің қолымызда қазір нақты деректер жоқ. Ауыл шаруашылығы басқармасы жалпы жағдайды талдап, саралай алды ма? —  деді Бердібек Сапарбаев.

Ол бұл жұмысты экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірлесіп жүргізуді тапсырды.

— Әр айдан соң қанша теңгеге өнім сатып алынғанын, пайда қаншалықты артқанын, келесі айға қанша тонна өнім немесе қанша қаржыға сатып алу жоспарланып отырғандығы туралы баяндап отырыңыздар, — деп талап етті өңір басшысы.

Бейнеконференция байланысы режимінде қосылған аудан әкімдері де тақырыпқа қатысты есеп берді.

-Қандай азық-түлік түрінің жетіспейтіндігін, қай өнімнің бағасы көтерілгенін айтыңыздар. Құрғақ есепке құрылған мәлеметтермен шектелуге болмайды. Неліктен аудандар «ӘКК-Тараз» ҰК» АҚ-ға, ауыл шаруашылығы басқармасына өтінімдер жолдамайды. Бір-бірімен байланыс орнатып, іс-әрекеттің нақты алгоритмін бекіту мүмкін болмады ма? ӘКК аудандарды күтіп отырады, аудандар өз беттерімен жұмыс істеуде, — деп атап өтті облыс әкімі.

Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Нұржігітовке азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру тапсырылды.

— Сіздердің алдарыңыздағы бір ғана міндет – азық-түлік бағасын төмендету. Өсімдік майы, сәбіз, пияз, картоп, жұмыртқа қымбаттаған.  Егер біздің облыста пияз 130 теңгеден сатылса, онда басқа облыстардағы жағдай туралы айтудың қажеті жоқ шығар. Жауапты тұлғалар тарапынан қатаң бақылау болғанда, бұған жол берілмес еді, — деп атап өтті облыс әкімі.

Сондай-ақ, өңір басшысы бұған дейін салалық ведомство бірнеше өңірмен ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алулар бойынша келісімшарттар жасасқанын еске салды. Бұл жұмыс үнемі бақылауда болуы керек.

Бердібек Сапарбаев ішкі нарықты отандық тауарлармен қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша нақты міндеттер жүктеді. Облыс әкімі бағаны бақылайтын мониторингтік топтар құруды тапсырды. Құрылыс материалдарының бағасын айрықша бақылауға алу маңызды. Ең бастысы–жұмыстың жүйелілігі, — деп ескертті аймақ басшысы жауапты тұлғаларға.

Азық-түлікке жатпайтын нарықтағы жағдай туралы тоқталған кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев жүргізілген талдау нәтижесінлде дәрі-дәрмек бағасының өсуі анықталғанын жеткізді.

Бердібек Сапарбаев бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменттеріне әрбір ұстаным бойынша баға барысын егжей-тегжейлі зерделеуді және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Жиын соңында аймақ басшысы аудан әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді.

— Қазгидрометтің болжамы алаңдатады. Мұндай ыстық ауа-райында субұрқақтар барлық жерде қосылып тұруы тиіс. Төтенше жағдайлар департаменті жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін су айдындарында қауіпсіз жүріс — тұрыс қағидаларының қатаң сақталуын барынша бақылауы қажет, — деп түйіндеді Бердібек Сапарбаев.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

06.10.2026, 10:02
Қыркүйекте көп оқылғандар: Жамбыл өңіріндегі маңызды жаңалықтар мен кадрлық ауыс-түйістер

Қыркүйекте көп оқылғандар: Жамбыл өңіріндегі маңызды жаңалықтар мен кадрлық ауыс-түйістер

06.10.2026, 07:57
«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

05.10.2026, 19:05
ЖИ көмекшіден авторлық әдістемеге дейін: Жамбыл облысының педагогтері өз әзірлемелерін таныстырды

ЖИ көмекшіден авторлық әдістемеге дейін: Жамбыл облысының педагогтері өз әзірлемелерін таныстырды

30.09.2026, 18:08
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада Тоқаев пен Оман Сұлтанының келіссөздері басталды

07.10.2026, 17:00

Қазақстанда 444,6 мың адам жұмыссыз: Қай өңірлерде көрсеткіш жоғары?

07.10.2026, 16:57

Жамбыл облысында жанжалдан кейін көз жұмған оқушы ісі бойынша тергеу басталды

07.10.2026, 16:54

Қазақстанда әскери қылмыс құрбандарының саны ең жоғары деңгейге жетті

07.10.2026, 14:41

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

06.10.2026, 10:02

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.