• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
19.11.2026, 01:21
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бердібек Сапарбаев : Еңбекке бейім тұрғындардың тәжірибесін тиімді пайдалану қажет

turan_admin turan_admin
26.09.2021, 23:56
Облыс жаңалықтары
Бердібек Сапарбаев : Еңбекке бейім тұрғындардың тәжірибесін тиімді пайдалану қажет
262
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Көші-қон мәселесіне көңіл бөлмейтін мемлекет жоқ. Дегенмен ішкі және сыртқы миграцияның көп жағдайда жұмыссыздықтан орын алып жатқандығы белгілі. Осы орайдағы өңіріміздегі мәселелер облыс əкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте қаралды.

— Қашанда ішкі жəне сыртқы миграцияны бақылап, талдау отыру – аса маңызды. Сол арқылы біз қай өңірде адамдардың қаншалықты шоғырланғандығын анықтап, елдімекендердің болашағын болжап, экономикалық əлеуетін анықтай аламыз. Сонымен қатар, еңбекке белсенді, бау-бақшамен, көкөніспен, кәсіпкерлікпен айналысатын адамдарды облыстың өзге аудандарына көшіруді үйлестіру мәселесін саралауға мүмкіндік туады.

Бәріңізге белгілі, көші-қонға байланысты елімізде арнайы Мемлекеттік бағдаларамалар қабылданған. Біз сол бағдарлама аясында облыстан солтүстікке, шығысқа қоныс аударып жатқан жерлестердің де жай-күйін тұрақты бақылауда ұстап отыру керекпіз.

Сол секілді ішкі миграцияда да тұрғындарды бір жерден келесі аумаққа көшіру үшін, ең бірінші оларға жағдай жасау керек. Баспана, жұмыс, балаларының балабақша және мектеппен қамтылуына назар аудару қажет. Біз кейбір аудандарда қалың шоғырланған еңбекке белсенді, жердің бабын таба білетін еңбекке бейім тұрғындардың тәжірибесін, кәсіби білгірлігін тиімді пайдалану, басқаларға бөлісу мақсатында оларды келесі аудандарға орнықтыру жайына көңіл бөлу керекпіз.

Сондай-ақ, Мойынқұм, Талас, Сарысу аудандарындағы кейбір елді мекендерде халық аз орналасқан. Дегенмен, мұнда өнеркәсіптің дамып келе жатқандығын, жұмыс күшінің жетіспеушілігін ескеру керек. Осылардың барлығын талдап, бір жүйеге келтіру керекпіз, — деді өңір басшысы.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасаған ішкі саясат басқармасының басшысы Бейқұт Жамангөзов аудандар бөлінісінде халықтың шоғырлану жиілігіне тоқталды. Оның айтуынша, салыстырмалы түрде Қордай (145 500), Шу (102 778), Байзақ (109 133) аудандарында  тұрғындар тығыз орналасқан.

Аймақ басшысы олардың жұмыс күшін тиімді пайдалануда ішкі миграциялық қоныстандыру жұмыстарын ұтымды ұйымдастыру жайына назар аудартты.

 — Еңбекке, кәіпкерлікке епті қордайлықтарды неге Шу, Мойынқұм өңірлеріне орналастырмаймыз? Неге олар Алматы мен Қарағанды облыстарына барып пияз, сәбіз, басқа да көкөніс өсірумен айналысады? Неге біз сол азаматтарға өзіміздің Шу, Меркі, Мойынқұм, Талас пен Сарысу аудандарынан бау-бақша салатын жер беріп, баспанамен қарайластырып, бір ауданнан екінші ауданға қоныстандырмаймыз. Олар сол өңірдің тұрғындарын жер баптауға, бау-бақша салуға үйретер еді, — деді Б. Сапарбаев.

Басқосуда ішкі миграциядағы негізгі басымдық – жерді тиімді пайдалану, халықты жұмыспен қамту екендігі баса айтылды. Осы тұрғыда жер қатынастары, әлеуметтік әкімдіктер жан-жақты түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру қажет.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков «Еңбек» бағдарламасы басталған 2017 жылдан бері облысымыздан солтүстік өңірлерге 781 отбасы (2551 адам) қоныс аударыпты. Атап айтсақ, 307 отбасы Солтүстік, 150 отбасы Шығыс Қазақстан облыстарына, 158 отбасы Повладар, 166 отбасы Қостанай облыстарына көшкен.

Меркі ауданының əкімі Руслан Нұрсипатов ауданға көшіп келуге ынта танытқан тұрғындарды қарсы алып, оларға көмектесуге дайын екенін жеткізді.

— Расында Қордай мен Меркі аудандарының жерінде ешқандай айырмашылық жоқ. Қордайлықтар еліміздің түкпір-түкпірінде бау-бақша салып, айлап өзге өңірлерде жұмыс істеуде. Олар біздің ауданға көшіп келіп, мұндағы ағайынға бау-бақша өсіруге көмектесетін болса, біз оларға жай да, жер де тауып беріп, қамқорлық танытып, қолдауға дайынбыз, — деді ол.

Бейнебайланыс арқылы облыс әкімінің сұрағына жауап берген Шу, Талас, Сарысу аудандарының әкімдері де ішкі көші-қонға қолдау көрсетуге әзір екендіктерін білдірді.

— Халық неге өз қоныстарынан көшуге мәжбүр? Осы мәселені біз тереңнен зерттеуіміз керек. Жалпы халық өз мекенінде тұруы керек. Осыны зерделейтін уақыт келген сияқты, — деді облыстық мәслихат хатшысы Махметғали Сарыбеков.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі көтерілген мәселелерді зерделеп, талдау бойынша жұмыс тобын құрып, жол картасын әзірлеуді тапсырды.  Ішкі миграцияның саяси, экономикалық маңызына тоталған аймақ басшысы әрбір аудан әкімі өз өңірінде зерделеу жұмыстарын жүргізуді жүктеді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Аппарат басшысының орынбасарлары тағайындалды

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43
Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

17.11.2026, 10:26
Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

13.11.2026, 20:57
Жамбылдық Любовь Юн жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Жамбылдық Любовь Юн жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

13.11.2026, 12:53
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Табиғатқа жауапкершілік күнделікті әрекеттен басталады

19.11.2026, 01:02

Пациентке түсінікті әрі сабақтас медициналық көмек

19.11.2026, 00:57

Кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайту

19.11.2026, 00:48

Кәсіби оқудан тұрақты жұмысқа дейін

19.11.2026, 00:39

Отбасындағы сенім мен психологиялық қолдау

19.11.2026, 00:35

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.