Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімі Жорабек Баубеков І топтағы мүгедек деп танылған аппарат басшысы Амангелді Нәметқұлов әрекетінен ешқандай заңсыздық көрмеуде деп хабарлайды TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі.
Түсіндіре кетейік, Меркі ауданы әкімінің аппарат басшысы Амангелді Нәметқұлов 2022 жылы І топтағы мүгедек атанып, жұбайы мүгедекке қараушы ретінде жәрдемақы алатыны белгілі болды.
Осы жағдай бойынща Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі мен Меркі ауданы әкіміне сауал қойылған болатын. Алия Абдукаликова әлеуметтік желі пайдаланушы «Не деген масқара бұл? Нағыз қамқоршы керек неше ме балалар бар 18ге толды деп күтіушісінің ақшасын тоқтатып тастаған ол бір, 2ші жағдай қыз бала коляскада отырады, өз өзіне күтім мүлде жасай алмайды сол қызды пенциядан айырып больницағада өзі жатыу керек деп анасын жолатпаған! Не деген мыйсыз жаны ашымайтын қоғам, сөзім жоқ!» пікір білдірсе, Тараз қалалық мәслихат депутаты, Қазақстан халықтық партиясының көшбасшысы Жанат Абдуалиева «Масқара. І топтағы мүгедек, ол жұмысқа жарамсыз болады» деген ойымен бөлісті.
Ал, заңгер Раушан Джумажанова «1 топтағы мүгедектік еңбекке жарамсыз адамға тағайындалады. Ал күтімші оған тиісті медициналық және басқадай қамқорлық жасау үшін тағайындалады. Егер аппарат басшысы еңбек етуге жарамды болса, онда мүгедектік заңсыз тағайындалған. Әкімшілік өз жауабында мүгедектің еңбекке қабілетін көрсетіп, оның мүгедектігінің заңдылығына күмән туғызуда. Сонда мемлекеттік қызметкер әлі мемлекеттен айлық, әрі әйелімен бірге әлеуметтік көмек алып отыруы заңға сиымды ма? Нақты денсаулығына байланысты мүгедектік ала алмай отырған азаматтардың ашу ызасын туғызуы заңды құбылыс. Аппарат жетекшісінің мүгедектігіне қатысты мәселе заң аясында қайта қаралуы, не болмаса ол мемлекеттік қызметтен босатылуы тиіс» деген пікірімен бөлісті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Жамбыл облысы департаментінің төмендегідей жауап берді:
Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімі аппараты басшысы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне) Нәметқұлов Амангелді Нәметқұлұлы лауазымға аудан әкімінің 1.11.2021 жылы №475-ө өкімімен тағайындалған. Жалпы еңбек өтілі: 36,8 жыл, оның ішінде мемлекеттік қызметте 22,9 жыл.А.Нәметқұловқа 4.02.2022 жылы жүрегіне ота жасалып, LVAD аппараты қойылған. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» аудандық филиалы арқылы 5.04.2022 жылы № 6 Шу ауданы медициналық сараптамалық экспертиза комиссиясы №050420220196 медициналық әлеуметтік сараптаманың актісінің негізінде 1-топ мүгедектігін берген. Мүгедектік себебі: Жалпы ауру (Общее заболевание).Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2006 жылғы 13 желтоқсанда Нью-Йоркте қабылдаған «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны» 2015 жылғы 20 ақпандағы №288-V Қазақстан Республикасының Заңымен ратификациялаған.Конвенцияның 27- бабының 1- тармағына сәйкес, қатысушы мемлекеттер мүгедектердің басқалармен теңдей дәрежеде еңбек ету құқығын таниды; ол мүгедектің еркін таңдаған немесе оған ерікті түрде келісім берген еңбекпен, еңбек нарығы мен өндіріс ортасы мүгедектер үшін ашық, инклюзивті және қолжетімді болып табылатын жағдайларда өзін-өзі асырау мүмкіндігін алу құқығын қамтиды.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» №39 Заңының 14, 32- баптарында мүгедектігі бар адамдардың еңбек ету құқықтары айқындалған.Аталған Заңның 31 бабына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуі қарастырылған.Яғни, көрсетілген Заң нормаларының талаптарына сәйкес, азамат Нәметқұлов Амангелді Нәметқұлұлы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге құқығы бар.А. Нәметқұловтың лауазымдық нұсқаулығына сәйкес, оған аудан әкімі аппаратына жүктелген міндеттерді орындауға, аудан әкімінің аппарат жүйесінің жұмысын жүзеге асыруға, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, тапсырмаларын және әкімдік пен маслихаттың қаулыларын, жоғары орган актілерінің орындалуын қадағалау жүктелген.Яғни, А. Нәметқұловтың лауазымдық нұсқаулығында айқындалған міндеттеріне сәйкес, еңбек етуіне (денсаулығына) қатер төндіретін еш кедергілер жоқ.
А. Нәметқұловтың жұбайына қатысты.
Азамат А. Нәметқұловтың жұбайы Алдиярова Кулиза Курмашевна 18.05.2022 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» аудандық филиалы арқылы жалпы бақылап, тиісті медициналық көмек көрсету үшін (жараның орнын таңу үшін — перевязка) көмекші ретінде рәсімделген.Яғни, А.Нәметқұловқа жұбайы күтімші ретінде тіркелгені заңға қайшы келмейді.Себебі, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» №365-I Заңының 1-бабы, 1-1 тармақшасына сәйкес, күтімді жүзеге асыратын адам – бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға онымен туыстық байланысына қарамастан күтімді тікелей жүзеге асыратын жеке тұлға.Осы Заңның 3- бабында азаматтардың жәрдемақы алуға құқығы қарастырылған. Бұдан бөлек, Заңның 4- бабының 2- тармағына сәйкес, күтімді жүзеге асыратын адамның жәрдемақы алуға құқығы бар.Аталған Заңның 5- бабының 2-3 тармағына сәйкес, күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы бірінші топтағы мүгедектігі бар адам өтініш жасаған күннен бастап бірінші топтағы мүгедектік белгіленген бүкіл кезеңге тағайындалады және төленеді.Сондай-ақ, 6- бабының 8- тармағына сәйкес, бірінші топтағы мүгедектігі бар адам және күтімді жүзеге асыратын адам бір елді мекенде тұруға тиіс.Жоғарыда айтылғандардың негізінде, азамат А. Нәметқұловтың Қазақстан Республикасындағы әрекет етуші заңнамасына, лауазымдық нұсқаулығына, біліктілік талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметте жұмыс жасауына қандай да бір кедергілер жоқ деп пайымдаймыз.
Жалпы 2022 жылдың I жартыжылдығындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында барлығы 46 мың 28 адамда мүгедектік бар болса, олардың ішінде мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда барлығы 47 (жергілікті атқарушы органдарда- 17, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде- 30) мүгедектігі бар мемлекеттік қызметші қызмет атқарады.