• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:14
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Бастау бизнес» жобасы аясында 1207 жас оқытудан өткен

turan_admin turan_admin
05.08.2021, 19:56
Облыс жаңалықтары
«Бастау бизнес» жобасы аясында 1207 жас оқытудан өткен
172
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

«NUR OTAN» Партиясының Жамбыл облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасындағы жастарды қолдау аймағындағы жастар басқармасына тиесілі 2 тармақ белгіленген (97 тармақ — «Жасыл ел» еңбек жасақтарын ұйымдастыру арқылы жазғы кезеңде кемінде 1 мың жастарды жұмысқа орналастыру», 101 тармақ — «Қабылданған шаралар нәтижесінде жастар арасындағы жұмыссыздық үлесі 2,8%-дан 2,6%-ға дейін төмендейді»).

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында облыста «Жасыл Ел» еңбек жасағы еңбек етіп келеді. Ағымдағы жылы «Жасыл ел» еңбек жасағына облыстық бюджеттен бөлінген 53,4 млн теңгеге жұмыссыз, NEET жастар маусымдық жұмыстарға тартылуда. Бүгінгі таңда еңбек маусымының жұмыстары кезең кезеңмен басталып 711 жас жұмыс атқарып, 448,5 м2 аумақ тазаланды, 334,2 тонна күл-қоқыс шығарылды. Жыл соңына дейін 1 мың жасты тарту көзделуде. Сонымен қатар, жастардың қатысуымен 337 сенбілік ұйымдастырылып, 436,5 м2 аумақ тазаланды, 284,3 тонна күл-қоқыс шығарылып 3 329 жас тартылды.

Ағымдағы атқарылған жұмыстар нәтижесінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі бүгінгі күнге 2,6 пайызды (2021 жылғы меже — 2,8%) құрады. Бұл республикалық деңгейде төмен көрсеткіш (Республика бойынша орташа көрсеткіш — 3,7%). Басқарма тарапынан жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және оларды әлеуметтендіруге басымдық берілген. Есепті кезеңде 10 236 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Оның ішінде, 4 429 жас ваканттық бос жұмыс орындарына орналасса, 357-і қысқа мерзімді кәсіби курсында оқытылды, 839 түлек жастар тәжірибесіне жолданып, 221-і әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды, 1 775-і ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды, 1 207 жас «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқып 149-і шағын несие және 1 259 жас қайтарымсыз грант алған.

Жастардың кәсіпкерлік әлеуетін шыңдауға тиісінше мән берілді. Жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін дамытуға бағытталған «Бастау бизнес» жобасы аясында 1 207 жас оқытудан өтіп, жоба аясында 1 259 жас қайтарымсыз грант алса, 149-і шағын несие алды. Жастарды кәсіпкерлікке баулу мақсатында консультативтік көмек көрсету (фокустоптар, cеминарлар), әлеуметтік желілердегі (Instagram, Facebook, YouTube және т.б.) тікелей эфирлер арқылы онлайн мастер-класстар, «Бизнес Бастау» жобасы шеңберінде жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы жастарға кеңес беру және ақпараттандыру сияқты жұмыстар атқарылуда.

 

 

 

 

 

 

Жастарды жұмыспен қамтуда «Дипломмен ауылға» бағдарламасының да маңызы ерекше. Жоғары оқу орнын аяқтаған жас мамандардың ауылды жерлерді көркейтуге, жұмыспен қамтылуына септігін тигізетін бағдарлама. Бүгінгі күнге бағдарлама аясында 266 маманға 77,6 млн теңгеге көтерме жәрдемақы және 135 маманға тұрғын үй сатып алуға 587,4 млн теңге қаржы берілді.Бұл жас мамандарды ауылға көптеп тартуға таптырмас мүмкіндік.

Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды

Тегтер: дипломмен ауылғаЖамбылжастаржасыл ел
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.