• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 06:43
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Балалар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру жұмыстары күшейтілуде

Тараз қаласындағы №2 орта мектепте оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға баулу бағытында танымдық-тәрбиелік іс-шара өтті.

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
19.06.2026, 15:16
Облыс жаңалықтары
Балалар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру жұмыстары күшейтілуде
87
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Тараз қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес ұйымдастырылған шара «Еңбек және көгалдандыру жасақтары, үйірмелер жұмысы» тақырыбын қамтыды. Оған мектеп жанындағы лагерь тәрбиеленушілері қатысты.

Іс-шара барысында балаларға табиғатты қорғаудың маңызы, тазалық сақтау мәдениеті, қоқысты сұрыптау және тұрмыстық қалдықтарды дұрыс жинау жолдары түсіндірілді. Оқушылар мектеп ауласындағы тазалық жұмыстарына атсалысып, қоқыстарды жинап, қоршаған ортаның тазалығына өз үлестерін қосты.

Мектептің аға тәрбиешісі Гүлнұр Скендровна Жидебаеваның айтуынша, мұндай шаралар балаларды еңбекке баулып қана қоймай, олардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырады.

— Біздің мектепте оқушылардың тәрбиесіне, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Балалармен экологиялық бағыттағы шаралар жиі өткізіледі. Оларға табиғатты аялау, тазалық сақтау, қоқысты сұрыптау сияқты қарапайым, бірақ өте маңызды дағдыларды үйретеміз. Себебі экологиялық мәдениет бала кезден қалыптасуы керек. Бүгінгі шарада балалардың белсенділігі жоғары болды. Олар мектеп ауласын тазалап, өз еңбектері арқылы ортақ іске үлес қоса алатынын көрсетті, — деді аға тәрбиеші.

Сонымен қатар мектепте жазғы лагерь аясында балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға, еңбекке баулуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында №2 орта мектепте де тазалық, көгалдандыру және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Мұндай бастамалар жас ұрпақтың туған жерге сүйіспеншілігін арттырып, табиғатқа қамқор көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Тегтер: Еңбек және көгалдандыружас ұрпақэкологиялық мәдениет
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.