• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 06:40
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бала құқығын қорғау басты міндет

turan_admin turan_admin
07.10.2022, 13:34
Облыс жаңалықтары
Бала құқығын қорғау басты міндет
404
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

  Қайырлы күн, құрметті брифингке қатысушылар және әлеуметтік желі пайдаланушылары!

Өскелең ұрпақ – жарқын болашақтың ең басты байлығы, асыл қазынасы, келешектің кепілі.

Облыстық білім басқармасы «Бала құқықтары туралы» халықаралық Конвенция негізінде балалардың білім саласындағы құқықтарын қорғау жұмыстарын жүргізеді.

Осы мақсатта «Балалар жылы» аясындағы жүргізіліп жатқан жұмыстарды ерекше атап өтуге болады.

2022 жылы 18 шілдеде Жамбыл облысы әкімінің №167 өкімімен  балалардың құқықтарын қорғау уәкілі  тағайындалды.

Облыста атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі бағыттарының бірі–балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Бүгінгі күні облыста 0-18 жас аралығындағы балалар саны 442 276. 

Оның 1245-і жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (2021 ж. — 1295):

-930-ы (2021 ж. — 967 бала) Тараз қаласы мен аудандардағы қорғаншылық  пен қамқоршылықтағы балалар;

—135-і (2021 ж.-137 бала) патронаттық тәрбиеде;

—20 қабылдаушы отбасында 75 бала тәрбиеленуде (18 отбасы үлгісіндегі балалар үйінде 65 тәрбиеленуші (2021 ж. – 76 бала), 2 қабылдаушы отбасыларында 10 тәрбиеленуші тәрбиеленуде).

-Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында — 64 бала (2021 ж.-56 бала);

— «Үміт» бөбектер үйінде — 8 бала (2021 ж. — 8 бала);

-Облыстық жасөспірімдер үйінде —66 жасөспірім тіркелген (нақты тұрып жатқаны 39, оның 14-і кәмелетке толмағандар (2021 ж. — 22);

-№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығында — 19 бала тәрбиеленуде (2021ж.-21 бала).

Кәмелетке толмаған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және оларды есепке алу мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. 

2022 жылы 120 бала анықталып бастапқы есепке алынды. Олардың 78-і қорғаншылық пен қамқоршылыққа, 1-і патронаттық тәрбиеге беріліп, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерге 34 бала орналастырылды. 

8 бала жаңадан анықталып отбасына орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

Биылғы жылы арнайы мекемелерден 9-шы сыныпты бітіріп шыққан             7 түлек өз қызығушылықтары бойынша мамандықтар таңдап, колледждерге грант есебінен оқуға түсті (Таразсервис, Асапара, Жамбыл политехникалық колледждер).

 

Бала құқығын қорғау – қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын білім бөлімі жұмысының бірден-бір бағыты. 

Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдар саны – 570 онда 57 075 бала тәрбиеленеді. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі: 1-6 жас аралығында — 91,5%, 2-6 жас аралығында – 94,1%, 3-6 жас аралығында — 100%. 

443 күндізгі мектепте 237 641 оқушы білім алуда. 

2022 жылы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді және қосымша оқу құралдарын сатып алу үшін 2,9 млрд. теңге қаржы бөлінді. 

2022 жылға жалпыға міндетті білім беру қорынан аталған санаттағы балалар үшін 5,2 млрд. теңге бөлінді.

Оның ішінде:

—  47 601 баланы ыстық тамақпен қамтуға 3,1 млрд. теңге;

— 46128 оқушыға киім-кешек пен кеңес заттарын сатып алуға 1,7 млрд. теңге;

— 39142 баланың жазғы демалысына 39,1 млн.теңге.

Бұдан бөлек «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер есебінен 1518 балаға 28 млн. 710 мың теңгегематериалдық көмек көрсетілді.

 

Балалардың қосымша білім алуына – ерекше назар аударылған. Мектептен тыс мекемелердің саны соңғы 3 жылда 4 бірлікке артты. 

Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында облыс бойынша 78 мектептен тыс мекемеде 68570 (37,5%) (2021 жылы – 67796 (37,1%) оқушы қосымша білім берумен қамтылған (60 мемлекеттік, 7 мемлекеттік емес мектептен тыс мекемелер мен 11 қала сыртындағы сауықтыру лагерлері) Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 774 балаға көбейген. 

 27 мамыр күні Тараз қаласында «Бақытты болашақ» Оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Аталған мекемеде  8000-ға жуық оқушы түрлі үйірмелерге қамтылған.

Анықтама үшін

(2020 жылы Жамбыл ауданында 500 орындық Техникалық шығармашылық орталығы, 2021 жылы Шу ауданында 600 орындық Оқушылар сарайы, Тараз қаласында 300 орындық Балалар шығармашылық орталығы, 500 орындық «Бақытты болашақ» Оқушылар сарайы) 

Мектептердегі 3543 спорт секцияларына – 101356(42,4%) оқушы қамтылған. Жалпы облыс бойынша қосымша білім берудің барлық түрімен қамтылған оқушылар үлесі — 83,7%-ды құрайды.

2022-2023 оқу жылында ерекше білім алуды қажет ететін 7898 бала анықталған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалып отыр (2021-2022жж.-7898). Оның ішінде 3066 (38,8%) баланың мүгедектігі бар. 

7898 баланың 3398-і мектеп жасына дейінгі балалар, 4500-і мектеп жасындағы балалар. Оның 5702-і (72,2%) біліммен және тәрбиемен қамтылды (2021-2022 жж-6403 (81%).

Анықтама ретінде

Мектепке дейінгі мекемелерге қамтылған ерекше қажеттілігі бар балалар саны – 2256 (2021-2022 о.ж-2320), 

Жалпы білім беретін мектептер бойынша ерекше қажеттілігі бар балалар саны – 3396 (2020-2021о.ж. -3914), 

Техникалық және кәсіптік колледждерде 162 студент кәсіптік білім алуда (2021-2022 о.ж.-169). 

Облыста:

 

  • 4 арнайы түзету мектеп-интернаттары 
  • 6 психологиялық — медициналық-педагогикалық консультациялары 

 

  • 12 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері,
  • оңалту орталығы,
  • 5 инклюзияны қолдау кабинет,
  • аутизм орталығы ашылған.

395 мектепте және 180 балабақшада инклюзивті білім беруге жағдай жасалған.  

Осы тұста балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету де басты мәселе екендігін естен шығармаған жөн. Облыстағы 443 мектептің, 438 балабақшаның барлығында 100% бейнебақылау камералары орнатылған. Облыс бойынша бейнебақылау камералары орнатылған 443 мектептерде 9296 дана бейнебақылау камералары бар. Олардың 3371 (36,3%) ғимараттың сыртында, 5925 (63,7%) ғимараттың ішінде орналасқан.

Облыс бойынша 65 мектепке турникеттер орнатылды. Облыстағы 443 мектептің, 137 мектебінде «Дабыл түймелері» орнатылды.

Ендеше болашағымыздың тірегін тәрбиелеуде бүгін кішкентай болғанмен, ертеңгі мықты азаматтарымыздың заманға сай білімді де білікті етіп қалыптасуы жолында олардың дәл қазір құқығын қорғау, қолдау басты міндет болып табылады.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.