Тараптар бұрынғы «Еуразия» кинотеараты ғимаратын бұзу жұмыстарын жүргізу жөнінде құны 40 миллион теңгені құрайтын шарт жасаған.
Кейіннен жауапкер Е. өз қолымен жазған қолхатында келісілген сомадан бөлек қосымша 10,4 миллион теңге алғанын растап, көрсетілген қаражатты белгіленген мерзімде қайтаруға міндеттенген. Алайда ол өз міндеттемесін орындамаған.
Талап қоюмен келіспеген Е. қолхатты алдау әсерінен жазғанын алға тартып, оны жарамсыз деп тану туралы қарсы талаппен сотқа жүгінді. Алайда сот қолхаттың ерікті түрде жазылғанын, алдау немесе мәжбүрлеу болғанын растайтын дәлелдер ұсынылмағанын анықтады.
Жамбыл аудандық сотының шешімімен талап қою қанағаттандырылып, екі жауапкерден де жеке кәсіпкер «М.»-нің пайдасына қарыз сомасы мен тұрақсыздық айыбы өндірілді. Қолхатты жарамсыз деп тану туралы қарсы талапты қанағаттандырудан бас тартылды.
Аталған шешімге жауапкерлер апелляциялық шағым түсірді.
Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертіп, жеке кәсіпкер «Б.»-ге қойылған талаптарды қанағаттандырудан бас тартты.
Шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды. Осылайша, азамат Е.-ден талапкердің пайдасына 10,4 миллион теңге мөлшеріндегі қарыз сомасы мен мемлекеттік баж өндірілді. Қолхатты жарамсыз деп тану туралы қарсы талапты қанағаттандырудан түпкілікті бас тартылды.
Сот актілері заңды күшіне енді.
Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды






