• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
18.08.2026, 20:07
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақтың ардақты Асанәлісі туған жерде 80 жылдық тойын атап өтті

turan_admin turan_admin
17.09.2017, 20:22
Қазақстан жаңалықтары, Облыс жаңалықтары, Табысты әйелдер, Фото көрме
Қазақтың ардақты Асанәлісі туған жерде 80 жылдық тойын атап өтті
912
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақтың ардақты Асанәлісі туған жерде 80 жылдық тойын атап өтті
Алты алашқа аты мәлім, қазақтың маңдайына біткен дара талант, әйгілі актер Қазақстан және КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов Әулиеатаға ат басын бұрды. Жуырда ғана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ кино өнеріне қосқан орасан зор үлесі үшін ағамызға Еңбек ері атағы мен Алтын жұлдыз төс белгісін табыстаған болатын. Осы қуанышты елмен бөлісу үшін, 80 жылдық мерейтойын дүркіретіп атап өту мақсатында туған жерге арнайы келген сахна сахабасын Тараздық жұртшылық зор қошемет, құрметпен қарсы алды. Алдымен актер облысымыздың зиялы қауым өкілдері жиі жиналатын Жамбыл атындағы Руханият орталығына бас сұқты. Онда облыс тарихы мен әулиеаталық даралардың өмірінен сыр шертетін көрме залдарымен танысты. Арнайы тілек кітапшасына орталық жұмысына сәттілік тілеп, ыстық лебізін жазды. Осы жерде Тараздық көрнекті тұлғалармен кездесіп, меймандарға Қали Сәрсенбаевтың актердың шығармашылық жолына арналған «Абыз-аңыз» атты кітабын сыйға тартылды. Жамбыл облыстық драма театрында Асанәлі Әшімовтың 80 жас құрметіне арнайы кеш ұйымдастырылып, онда облыс әкімі Кәрім Көкірекбав бастаған тараздық зиялы қауым өкілдері қатысты. Кеш барысында актердың өмірі мен тағылымға толы шығармашылық ғұмырына арналған деректі фильм ел назарына ұсынылды. Театрдың жас әрі талантты актерлары Асанәлі ағамыздың әр жылдары сомдаған «Дон Жуан», «Бекежан», «Шадияров» рөлдерін сахналап, көпшіліктің ризашылығына бөленді. Сахна төріне шығып туған жерге тағзым етіп, өзінің еліне деген зор ілтипатын білдірген актерге Жамбыл облысы әкімінің ықылас гүлі табысталды. Ақын Маралтай Райымбекұлы актердың жары Бағдат ханымға деген махаббатын жыр еткен «Бағдат» поэмасынан үзінді оқыды.






Шара соңында ағамыздың ұлы Асанәлі әкесіне арнап өлең жолдарын оқып, ән салды. Драма театрдың төріне актердың жары Бағдат Әшімова, қызы Сағина, немересі Аңсар шығып ата жұртқа бас иді. Мәдени шарадан соң Асанәлі ағамыздың құрметіне Тараздың төрінде дастархан жайылып, Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев сахна сардарына туған жердің атынан сый ретінде темір тұлпардың кілтін ұстатты.
Мерейлі мерейтой келесі күні актердың туған топырағы Сарысу ауданында жалғасты. Сарысу ауданының әкімі Балабек Жанбекұлы Нарбаев бастаған сарысулық ағайын өз перзентін ауданның бас қақпасынан күтіп алды. Белгілі ақын Алик Бекмұсаев арнау айтып аңыз ағамыздың ақ батасын алды. Ары қарай ағамыз өз отбасымен Жаңатас қаласының орталық саябағына барып, сарысулық еңбекшілерге қойылған ескерткішке гүл қойды. Одан әрі Асанәлі ағамыздың құрметіне қалалық мәдениет үйінде үлкен мерекелік шара өтті. Шарада аудан өнерпаздары «Қыз Жібек» драмасынан үзінді қойды. Сарысу ауданының әкімі Балабек Нарбаев сөз сөйлеп, сарысулық жұртшылықтың ағамызға деген зор құрметін жеткізді. «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының басшысының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеев Асанәлі ағамыздың шығармашылық актерлық жолы кейінгі ұрпаққа зор тағылым екенің алға тартып, халық әртісіне ел алдында ғұмыр бойы осылай еркелеп жүру үшін зор денсаулық тіледі. Мәдени шарадан соң Асанәлі ағамыз бастаған бір топ азамат актердың туған топырағы Жайылма ауылына барды. Мұнда ел игілігі үшін, Алла разылығы үшін өзі арнайы салып берген Ысқақ Пірәдір мешітіне бас сұғып мешіт имамы Асанәлі ағамыздың ата-бабасына, марқұм жары Майра анамыздың, ұлдары Мади мен Сағидың рухына құран бағыштады. Туған топыраққа келгендегі зор міндеттен осылайша жеңілдеп, мешіт маңындағы спорт сарайына барды. Мұнда Асанәлі Әшімов атындағы шахмат турнирі өтіп, жеңімпаздарды актердің өзі арнайы марапаттады. Одан әрі дүбірлі тойдың құрметіне тігілген киіз үйлерде Сарысу халқына ақ дастархан жайылып,үлкен ас берілді. Асанәлі Әшімовтың 80 жылдық мерейлі мерекесі одан әрі көкпар, бәйге сынды ат жарысы мен республикалық ақындар айтысына ұласты.

TURANINFO.KZ

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

18.08.2026, 11:50
Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

18.08.2026, 11:33
Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

18.08.2026, 11:30
Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

18.08.2026, 11:25

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

18.08.2026, 11:50

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41

Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

18.08.2026, 11:33

Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

18.08.2026, 11:30

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

18.08.2026, 11:25

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда білім саласында байқау мен конкурстарға жауапты мекеме басшысы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.