• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
11.11.2026, 22:01
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Қазақ тілін әуелі қазақтар үйренуі керек»: Ташкенттен келген Владислав Тен бір жылда қазақшаны меңгеріп алды

turan_admin turan_admin
13.09.2021, 11:38
Азаматтық қоғам институттары, Қазақстан жаңалықтары
«Қазақ тілін әуелі қазақтар үйренуі керек»: Ташкенттен келген Владислав Тен бір жылда қазақшаны меңгеріп алды
118
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Он бір жыл бұрын Өзбекстаннан Қазақстанға көшіп келіп, осы аралықта қазақ тілін еркін меңгерген Владислав Тен көпшілікке жақсы таныс. Жақсы өмір сүру мақсатында біздің елге қоныс аударған ол бүгінде қазақ тілін өзгелерге үйрететіндей деңгейге жетіп, тіл үйретудің жаңа әдісін ойлап тапқан. KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген Владислав тіл үйрену жолындағы қиындықтарға тоқталып, мемлекеттік тілді меңгергендегі басты мақсатын атады.

«Қазақстанға жақсы өмір сүру мақсатында көшіп келдім. Өзім Өзбекстанда туып-өстім, ал ата-анам елордада тұратын. Он бір жыл бұрын Қазақстанға келгенде мұндағы қазақ тілінің жағдайын көріп, мәдени шок алдым. Өйткені, Өзбекстанда өзбек тілін білуге міндеттісің, Қазақстанда да жағдай солай шығар деп ойладым. Менен бұрын көшіп келген ата-анам мұнда (Нұр-Сұлтанда – ред.) бәрінің орысша сөйлейтінін айтты.

Алғашында тілдің қажеттілігін түсінсем де, жеті жылдай уақытым кетіп қалды. Қазақшаны үйренуді 2017 жылдан бастап мақсатты түрде қолға алдым. Осылайша, бір жыл ішінде қазақ тілін үйреніп шықтым. Өзім дәрігер болғандықтан, қызмет барысында тілдің маған аса қажет екенін түсіндім. Өзбекстанда да дәл осындай қажеттілік болды», — дейді ол.

Владиславтың айтуынша, алғашында қазақша үйренетін тілдік орта болмаған. Сол себепті, тілге көңіл бөлуде аздап кешеуілдеп қалған. «Айналамның бәрі орысша сөйлейтін. Көшеге шықсаң орысша, жұмысқа барсаң орысша. Барлық жер солай еді. Тілдік орта болмады менде. Таныстарымның бәрі орыс тілінде хал сұрасты. Негізі, мен орыс тіліне қарсы емеспін. Ол менің туған тілім десе де болады. Былай қарағанда, орыс тілі қазақ тілінің дамуына да кедергі келтіріп тұрған жоқ.

 Бар болғаны – мемлекетті құраушы ұлт қазақтар өз тілінде еркін сөйлесе жарап жатыр. Қазақ тіліне сұраныс көбею үшін алдымен қазақтар өз тілінде сөйлеуі керек. Сол кезде қолданыс аясы кеңейе түседі. Тіл де тірі ағза сияқты. Ол да өседі, дамиды. Алдағы он-жиырма жылда қазақ тілінің өрісі бұдан да кеңейетініне шүбә жоқ. Тек, ең алдымен қазақ халқы қазақша сөйлесе болды. Өзге ұлттар да қажеттілі керек екенін білсе, үйреніп алады», — дейді Владислав.

Бүгінде Владислав Тен қазақ тілін үйрететін курс ашып, жұмыс істеуде. «Біздің орталықта бірнеше тілдік курстар бар. Қазақ тіліне деген сұраныс та жоғары. Шыны керек, қазақ тілін үйренгісі келетіндердің басым бөлігі – орыстілді қазақтар. Олар бізден жап-жақсы біліммен шығып жатыр. Менімен бірге бес мұғалім жұмыс істейді. Оның үшеуі – қазақ тілінен сабақ береді.

Мен ойлап тапқан курстың басты ерекшелігі – бұл қазақ тілін білмейтіндерге арнайы жасалғандығында. Яғни, бәрін нөлден бастайды. Алгортимі солай. Қазіргі таңда қазақ тілі маған үлкен мүмкіндіктер сыйлады. Негізі, кез келген тіл саған жол ашады. Сол секілді, қазақ тілін үйрену арқылы мен осы халыққа сіңісе бастадым, қазақтардан көп дос таптым. Тіл білгеннің еш айыбы жоқ», — дейді ол.

Дереккөз: https://kaz.nur.kz/society/1931648-qazaq-tilin-aueli-qazaqtar-uirenui-kerek-taskentten-kelgen-vladislav-ten-bir-zylda-qazaqsany-mengerip-aldy/

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Адам құқығына назар аудару неден басталады

Адам құқығына назар аудару неден басталады

11.11.2026, 16:33
Қазақстанда жалақы салығын есептеу жеңілдейді

Қазақстанда жалақы салығын есептеу жеңілдейді

09.11.2026, 13:03
ЮНЕСКО тізімдері қазақстандық жаңа рухани құндылықтармен толығуда

ЮНЕСКО тізімдері қазақстандық жаңа рухани құндылықтармен толығуда

08.11.2026, 12:36
Қорғаныс министрлігінің 104 нысаны тексерілді

Қорғаныс министрлігінің 104 нысаны тексерілді

06.11.2026, 11:13
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауыл инфрақұрылымы, кәсіпкерлік және цифрлық даму: «Әділет» кандидаттары Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесті

11.11.2026, 19:44

Адам құқығына назар аудару неден басталады

11.11.2026, 16:33

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

11.11.2026, 15:22

«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

11.11.2026, 14:15

Жамбыл ауданында 40 миллиард теңгенің екі ірі энергетикалық жобасы іске асырылуда

11.11.2026, 13:52

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.