• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 05:37
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Kazakhstan Capital Markets Day 2025 конференциясында таныстырылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев 2025 жылғы 5 қарашада Лондонда өткен Kazakhstan Capital Markets Day 2025 халықаралық конференциясына қатысты. Іс-шара Қазақстанның экономикалық өсуі мен қаржы секторын дамыту перспективасын талқылаудың маңызды алаңына айналды

turan_admin turan_admin
06.11.2025, 10:57
Жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Kazakhstan Capital Markets Day 2025 конференциясында таныстырылды
26
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Конференция шеңберінде Асан Дарбаев «Орнықты экономикалық өсу және қаржы секторын дамыту» тақырыбында панельдік сессияда сөз сөйледі.

Асан Дарбаев өз сөзінде ұйымдастырушыларға шақырғаны үшін алғысын білдіріп, орнықты даму және оның қағидаттарын ұлттық және өңірлік капитал нарығы стратегиясына интеграциялау мәселелерін талқылаудың маңыздылығын атап өтті. Ол пікірталас тәжірибе алмасудың және Қазақстан мен өңірдің қаржы секторын дамытудың бірлескен тәсілін әзірлеу үшін тиімді алаң болатынына сенім білдірді.

Вице-министрдің айтуынша, 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ-нің нақты өсуі 6,3%. Бұл соңғы жылдардағы ең үздік көрсеткіштің бірі. Орта мерзімді мақсат — 2029 жылға қарай ЖІӨ-нің 450 миллиард АҚШ долларына жету.

Қазақстан инвестициялық белсенділікті ынталандыру және ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру шараларын іске асыруды жалғастыруда. Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға және елдің Еуразияның жетекші транзиттік және инвестициялық хабы ретіндегі рөлін нығайтуға басымдық беріледі. Бүгінгі таңда стратегиялық маңызы бар Орта дәлізді қоса алғанда, 5 халықаралық теміржол және 8 автомобиль дәлізі іске қосылған.

Қазақстан сенімді және кредитке қабілетті әріптес мәртебесін растауда. Еліміз басты халықаралық S&P, Fitch және Moody’s секілді жетекші халықаралық агенттіктердің инвестициялық деңгейі рейтингіне ие. Бұл ретте S&P агенттігі жақында рейтинг бойынша болжамды «Позитивті» деңгейге көтерді, ал Moody’s өткен жылы рейтингті Baa1-ге көтерді.

Қазақстанда инвестициялық ахуалды қалыптастыру ашықтық пен тұрақтылық қағидаттарына негізделген. Инвесторлар үшін қолдаудың түрлі нысандары көзделген-инвестициялық келісімшарттар, салықтық және кедендік преференциялар, сондай-ақ 25 жылға дейінгі мерзімге заңнаманың тұрақтылығына кепілдік. Инвесторлармен өзара іс-қимыл «бірыңғай терезе»қағидаты бойынша әрекет ететін цифрлық инвестициялық платформа арқылы қамтамасыз етіледі.

Әкімшілік рәсімдерді жеңілдететін және жобаларды іске асыруды жеделдететін Инвестиция тарту жөніндегі кеңес (Инвестициялық штаб) маңызды рөл атқарады. Инвестициялық экожүйенің маңызды элементі ағылшын құқығының юрисдикциясы негізінде жұмыс істейтін және қатысушылардың ашықтығы мен құқығын қорғаудың жоғары стандартын ұсынатын «Астана» халықаралық қаржы орталығы болып қала береді. Қазіргі уақытта АХҚО-да 80-нен астам елден 3500-ден астам компания тіркелген. Олардың жалпы инвестиция көлемі 14 млрд АҚШ долларынан асады.

Қазақстан халықаралық бизнес үшін тартымды алаң болып қала береді. Еліміздің негізгі әріптестерінің қатарына Chevron, ExxonMobil, Shell, GE Transportation, Hyundai, KIA, Coca-Cola, Danone, Carlsberg, Lactalis және т. б. қоса алғанда, мұнай-газ, машина жасау, көлік және тамақ саласындағы компаниялар кіреді.

Конференция барысында вице-министр жапондық Mitsubishi UFJ Financial Group (MUFG) банк және қаржы холдингінің өкілдерімен, сондай-ақ Morgan Stanley Investment Management (MSIM) өкілімен кездесулер өткізді.

 

Тегтер: Асан Дарбаев
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.