• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
12.11.2026, 23:59
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстанда «Superpave» технологиясы бойынша алғашқы жол телімдері төселді

Қазақстанда халықаралық «Superpave» (Superior Performing Asphalt Pavement) технологиясы бойынша алғашқы жол телімдері салынды.

Turan Redaktor Turan Redaktor
22.09.2025, 22:24
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанда «Superpave» технологиясы бойынша алғашқы жол телімдері төселді
18
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Асфальтбетон қоспаларын жобалаудың бұл жүйесі қатты аяз бен аптап ыстықты, сондай-ақ көлік қозғалысының жоғары қарқындылығын ескере отырып жасалынады. Осы тәсілдің арқасында жол жабындарының жөндеуаралық мерзімі 20 жылға дейін ұзарады деп күтілуде. Бұл Қазақстанның күрт континенталды климат жағдайында ерекше маңызды.

«Жаңа технологияға көшу қажеттілігі қазіргі жолдардың жай-күйімен байланысты. Қозғалыс көлемі жылдан жылға артып, жүк көліктерінің ағымы мен осьтік жүктемелер ұлғаюда. Бұған қоса, басты сынақ, ол — климат. Қазақстанда жазда ауа температурасы +50°С-қа дейін көтерілсе, қыста — 40°С-қа дейін төмендейді. Мұндай күрт айырмашылық дәстүрлі әдіспен салынған жабындарда жарықтардың пайда болуына, деформацияға және қалыңдау іздерінің түзілуіне әкеледі. Соның салдарынан жиі жөндеу қажет болып, шығындар артады» — деп атап өтті Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының (ҚазолҒЗИ) мамандары.

«Superpave» технологиясы осындай сын-тегеуріндерге жауап береді. Ол климаттық жағдайларды және көлік ағынын ескеріп, асфальтбетон құрамын ыстықта да, қыстың суығында да беріктігін сақтайтындай етіп таңдайды. Әдісті қазақстандық жағдайға бейімдеу жұмысын «ҚазжолҒЗИ» ғалымдары жүргізуде. 2024 жылдан осы жылдың маусым айына дейін институт мамандары 300-ден астам зертханалық сынақ өткізді. Нәтижелер көрсеткендей, «Superpave» қоспалары ылғалға, жоғары температураға және қайталанатын жүктемелерге төзімді. Бұдан бөлек, полимер-битумды байланыстырғыш (ПББ) аймаққа сәйкес PG маркасына сай болса асфальтбетон құрамын іріктеу мерзімі 15 күннен төрт күнге дейін қысқарады. Мамандар бұл бүкіл процесті айтарлықтай жеделдетіп, тездететінін атап өтті.

Жаңа тәсілдерді заңды түрде бекіту мақсатында өткен жылы Қазақстанда үш ұлттық стандарт қабылданды. Ал 2025 жылдың аяғына дейін қоспаларды жобалау ережелері мен битумдарды PG жүйесі бойынша жіктеуді қамтитын тағы бірнеше құжат дайындалады деп күтілуде.

Алғашқы сынақтық жолдар «Алматы — Көкпек — Көктал — Қорғас», «Отар — Ұзынағаш», «Қапшағай — Құрты», Астана қаласының көшелерінде, «Астана — Щучинск» және «Қызылорда — Жезқазған»  автомобиль жолдарының телімдерінде төселді.

Технологияны енгізудің жол картасы да бекітілген. Оған сәйкес, келесі жылы тағы үш учаскеде сынақ жүргізу жоспарланған. Барлық тәжірибелік нысандарға мониторинг 2027 жылдың соңына дейін жүргізіледі. Нәтижесінде «Superpave» технологиясын толық көлемде енгізу жөнінде қорытынды дайындалмақ.

Қазақстан үшін бұл технологияны енгізу стратегиялық маңызға ие. «Superpave» қатаң климат пен өсіп келе жатқан көлік жүктемесіне төтеп бере алатын сапалы жолдар салуға мүмкіндік береді. Ол жөндеу шығындарын азайтып, көлік жүйесінің сенімділігін арттырады деп күтілуде.

ҚР Көлік министрлігі

Тегтер: жаңа технологияжол төсемікөлік министрлігі
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

12.11.2026, 12:21
Адам құқығына назар аудару неден басталады

Адам құқығына назар аудару неден басталады

11.11.2026, 16:33
Қазақстанда жалақы салығын есептеу жеңілдейді

Қазақстанда жалақы салығын есептеу жеңілдейді

09.11.2026, 13:03
ЮНЕСКО тізімдері қазақстандық жаңа рухани құндылықтармен толығуда

ЮНЕСКО тізімдері қазақстандық жаңа рухани құндылықтармен толығуда

08.11.2026, 12:36
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

138 stem-кабинеті және 10 IT-хаб: «Әділет» партиясының білім беру бағытындағы жоспарлары таныстырылды

12.11.2026, 20:07

Рысбеков Ескендір Нұрдәулетұлы: «Халық сенімі – менің басты жауапкершілігім!»

12.11.2026, 16:28

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

12.11.2026, 14:58

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

12.11.2026, 12:21

«Жазушымен бір күн» жобасы Берік Шаханұлының шығармашылығына арналды

12.11.2026, 10:51

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.