• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:38
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстан мен Қырғызстанның үкімет басшылары Астанада кеңес отырысын өткізді

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиев Астанада Үкіметаралық кеңестің 13-ші отырысын өткізді

Turan Redaktor Turan Redaktor
13.11.2025, 23:36
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстан мен Қырғызстанның үкімет басшылары Астанада кеңес отырысын өткізді
16
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Астанаға жұмыс сапарымен келген Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев қазақ-қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 13-ші отырысы шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту әлеуетіне тоқталды. Сауда, өнеркәсіп кооперациясы, инвестиция, энергетика, су саласы, АӨК, көлік-логистика, туризм және тағы басқа да салалардағы өзара іс-қимылға назар аударылды. 

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы осы жылдың 8 айында 21%-ға өсіп, $1,4 млрд-ты құрады.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың жеке қолдауы мен саяси ерік-жігерінің арқасында  соңғы жылдары қазақ-қырғыз стратегиялық әріптестігі жаңа серпінге ие болды. Бұл тұрғыда, біздің ортақ мақсатымыз – екі ел көшбасшыларының берген тапсырмаларын толық орындау және көпқырлы ықпалдастықты одан әрі кеңейту. Қырғызстан – біз үшін тату көрші, бауырлас ел ғана емес, сонымен қатар маңызды сауда-экономикалық серіктес мемлекет. Қазақстан Үкіметі ортақ мүдделерімізге сай келетін мақсаттарға бірлесіп атсалысуға дайын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

«Мемлекеттер басшыларының бірлескен күш-жігері Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестікті сапалы жаңа деңгейге көтерді. Екіжақты байланыстарды дамытуға Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Астанаға және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бішкекке ресми сапарлары барысында қол жеткізілген маңызды келісімдер ықпал етті. Үкімет алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін бар күш-жігерін салады», — деп атап өтті Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев.

Отырысқа қатысушылар Үкіметаралық кеңестің алдыңғы отырысында қабылданған бірлескен шаралардың жүзеге асырылу барысын қарады. Энергетика және сумен жабдықтау салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа, сондай-ақ инвестициялық өзара іс-қимылға назар аударылды.

АӨК саласындағы өсудің жаңа бағыттары белгіленді. Биылғы 8 айда ауыл шаруашылығы өнімдерінің сауда көлемі 42%-ға өсіп, $326 млн-ды құрады, оның 80%-дан астамы – Қазақстаннан шығатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты.

Тау туризмі – ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттарының бірі. Екі ел аумағында орналасқан Хан Тәңірі шыңында тау туризмі бағыттарын жандандыру мәселелері талқыланды.

Биыл Бішкекте мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл аясында бірқатар іс-шара өтті, оның ішінде Қазақстандық кино күндері, ҚР халық әртісі, композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына арналған концерт және тағы басқа да іс-шаралар бар. Көрнекті жазушылар Мұхтар Әуезов пен Шыңғыс Айтматовқа арналған «Қазақ-қырғыз достығының алтын көпірі» ескерткіші мәдениетаралық диалогтің символына айналды.

Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері ынтымақтастықтың барлық негізгі бағыты бойынша екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге ниетті екенін растады.

Жиын соңында қазақ-қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 13-ші отырысы хаттамасына қол қойылды.

@KZgovernment

Тегтер: Қазақстан-ҚырғызстанҚР ҮкіметіОлжас Бектенов
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.