• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:20
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Атышулы орыс депутаты Федоровты орнына қойған қазақ әскериі қамауға алынды

turan_admin turan_admin
12.07.2021, 11:46
Қазақстан жаңалықтары
Атышулы орыс депутаты Федоровты орнына қойған қазақ әскериі қамауға алынды
246
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ақтөбеде Ардагерлер одағының төрағасы Мұрат Мұхамеджанов қамауға алынды деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша Мұхамеджанов қаладағы Шекарашылар саябағында орналасқан монументтің қақ маңдайындағы ҚазССР гербін жұлып алған.
“Бұл герб біздің идеологияға қайшы! Облыс және қала әкіміне айтарым, тез арада бұл бағананың көзін құртыңдар. Орнына Қазақстанның туы түстес монумент орнатуды талап етемін! Еліміздің барлық өңірлері Қызыл империядан қалған мұндай мұрадан арылуы керек.

Сонымен қатар президент Тоқаевқа үн қатамын! Елтаңбамыздың төбесіндегі қызыл қырғыннан хабар беретін бес жұлдызды алып тастаңыздар. КСРО-ның тұтқыны болғанымыз болғанымыз осыдан-ақ айқын көрінеді. Бізге Совет үкіметін еске салатын бұл белгінің мүлде қажеті жоқ. Отарлық езгінің идеология құралдары Тәуелсіз елдің символдарында көрініс бермеуі қажеті”, – деген еді Ардагерлерді одағының төрағасы.

Ал облыстық полиция басқармасы Мұрат Мұхамеджанов осы арқылы әскери қызметшілердің ар-намысын қорлады деп отыр.

“Бұл монумент Отанды қорғаған барлық ұрпақтың шекара жауынгерлерінің ерлігінің мәңгі ескерткіші және мемлекеттік шекараның қасиеттілігі мен қол сұғылмаушылығының символы болып табылады.

Аталған құқық бұзушылық жасағаны үшін учаскелік полиция инспекторлары Мұрат Мұхамеджановты қалалық полиция бөліміне жеткізді, онда ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды”, – дейді полиция басқармасының баспасөз-қызметі.

Белгілі болғандай Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен Мұрат Мұхамеджанов ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған.

Басқарма басшылығы өз кезегінде Мұхамеджановтың әкімшілік жауапкершілікке тартылуы оның қоғамдық-саяси қызметіне қатысы жоқтығын айтады.

…

Еске салайық, Тәжік-ауған шекарасындағы әскери іс-қимылдарға қатысқан жауынгерлер одағының төрағасы, подполковник Мұрат Мұхамеджанов Ресейдің Дума депутаты Евгений Федоровпен айтысқа түскен азамат ретінде танымал.

“Қазақ жері кімге тиесілі?” деген тақырыпта өткен тікелей эфирде Мұхамеджанов орыс депутатының бірқатар аргументін жоққа шығарып, оның арандатуы мен айыптауына төтеп берген.

Атышулы Федоров бұған дейін “Ресей ұланғайыр территорияны Қазақстанға сыйға тарта салды” деген пікір білдірген. Қазақстанның аталған аумақты Ресейден жалға алып отырғанын, күндердің-күні бұл территорияны Кремльге қайтаруы керектігін айтқан.

Соның алдында тағы бір Дума депутаты Вячеслава Никонов “Қазақстанның теріскей өңірі Ресейге тиесілі” деп мәлімдеген.

“Қазақстан деген мемлекет жер бетінде болған емес. Солтүстік Қазақстан иен жатты. Қазақтар әрі кетсе оңтүстікті мекендеді. Ресей өз тарапынан мұншама көлемдегі территорияны Қазақстанға сыйға бере салды”, – деген еді ол.

Тікелей эфирде өткен дебатта қазақ подполковнигі Федоровқа қарымта қайтарып, Ресейге өтіп кеткен қазақ жері туралы сөз қозғаған.

“Сіздерде Орынбор, Омбы, Түмен, Астрахан, Томбы секілді қалалар бар. Бұған Алтай аймағы, Орал атырабын қосыңыз. Осы арада сізге ұнамайтын шындықты айтайын. Мұның бәрі бір уақытта қазақ халқының қарамағында болды, қазақ халқына тиесілі еді.

Біз бұл мәселені ашық көтергіміз жоқ. Президентіміз халыққа басу айтып, аталған тақырыпты талқыламауды сұрағаннан кейін жылы жаба салдық.

Қазақcтанда орыстың жері жоқ! Ресей бізге ештеңені сыйға тартқан емес, керісінше КСРО құлағаннан кейін тарихи тұрғыдан Қазақстанға тиесілі ұланғайыр аумақ Ресейдің құрамына өтіп кетті.

Кім-кімге сый жасағанын мына біз жақсы білеміз…”, – деген болатын Мұрат Мұхамеджанов.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.